жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс жұмыс. Арайлы, алтын күз!
Тақырыбы: Арайлы алтын күз.
Мақсаты:Куз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл-күй орнату.Балаларды ән салуға ,би билеуге ,түрлі іс-әрекеттерге тарту,бейімділігін арттыру.
Көрнекіліктер: шар, суреттер, нақыл сөздер т,б.
Түрі: ертеңгілік
1-жүргізуші:Құрметті
ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! Сіздерді
мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз
мезгілі барлық үйге молшылық алып
келсін.
2-жүргізуші:
Сәлеметсіңдер ме, қадірлі қонақтар!
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз
құрметіне арналған мерекемізді
бастаймыз.
1-жүргізуші:Шөп
сарғайып ,
Өңі тайып.
Дала сұры
қашады
Бой жаза алмай,
Денең мұздап
тоңады
Айтшы Балжан
Бұл қай кезде
болады?
2-жүргізуші:
- Әрине, күз айы.
Қазан
болды молшылық
Дәулет қорын
қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар
қайтып барады
Бұл құбылыс Жібек
Күзде
ғана болады.
1-жүргізуші:
Көк
аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім
елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары
көйлегім желбіреп,
Айтшы Балжан
Бұл
қай мезгілдің келгені.
2-
жүргізуші: Жайдары
күз, жарқын күз
Аяулы күз,алтын
күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай
шалқар күз
Жібек, бұл Алтын күздің
келгені.
1
- жүргізуші:
Бойға
жиып ата - баба салтын біз,
Мерекеде
шат көңілді жарқынбыз
Берекесін,
молшылығын әкелген,
Мезгілдердің
төресі ғой, Алтын күз - деп бүгінгі
берекелі, мерекелі алтын күз құтты
болсын! Ертеңгілігімізді бастамас бұрын
сөз кезегін мектеп директоры Темирбеков
Болат Жұмабекұлына береміз.
2
- жүргізуші:
Алтын
күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді
серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен
шаттық бірге қатар қонып,
Береке
бірлікпенен ортақтассын.
Кезекті
бастауыш сынып оқушыларына береміз.
(Әдеби
– монтаж)
Күз
ханшайымы келеді.
Күз
ханшайымы:
Сәлем,
өрен достарым
Алақанды тос бәрің
Қымбатты
сый алыңдар
Қызығыма қаныңдар.
Ән
салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей
жүріңдер
Кел, күз тойын тойлайық
Би
билейік, ойнайық!
1
- жүргізуші:
Жапқандай жапырағы іздерді
Қуантып
байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып
қайту үшін елімді
Сабырлы, сары Алтын
күз келді!
- Армысыз, Күз ханшайымы.
Біз сізді күтудеміз.
Күз
ханшайымы: -Мен
жалғыз емеспін, жанымда достарым бар.
Олар кімдер балалар?
Балалар: Күз айлары: Қыркүйек, қазан, қараша.
2-Жүргізуші: Еңдеше, оларға сөз берейік.
Қыркүйек:
Аспанды бұлт торлайды,
Құс қайта бастайды.
Білім күні мерекесін,
Балалар тойлайды
Қазан:
Қазанда халқымыз,
Жеміс-жидек жинаймыз.
Береке байлығын,
Беріп тұр алтын күз.
Қараша:
Қараша айында,
Қыс қамын дайында.
Үйін жұрт жылытқан,
Мал қора жайында.
Айлар: Біз сендерге жұмбақ ала келдік, шешуін табамыз ба?
Жұмбақтар:
1.Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр.(қызылша)
2.Пісіп
тұрған албырап
Тамсандырар, бал
дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп
кетер маңдайым(алма)
3.Көк ала лағым
Көгенде жатып семірді.(қарбыз) 1-жүргізуші: - Күз ханшайымы, енді біздің оқушылардың өнерлерін тамашалаңыз.
2-жүргізуші:
Біздерде
ойын - сауық басталады,
Тамаша ән
айтылып, би билейді.
Қошеметтеп
қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні
бойы шаршағанды – дей келе, 1
сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.
«Жапырақ»
биі.
Күз
ханшайымы:
Жарайсыңдар балалар, ендеше менің
жеміс пен көкөністеріме кезек берейік.
Олардың да бізге айтар, тілегі бар екен.
(Жемістер мен көкөністердің сөзі, жемістер ортаға шығады.)
1-жүргізуші: Шырқал ән төгіл дауыс көмейдегі,
Сайра тіл ағыл – тегіл салған жерден.
Кел достар, кел халайық ән салайық,
Жарқын үн тарап жатсын шәкірттерден – деп кезегімізді тамаша әнге береміз. 4 сынып оқушыларының орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Күз ханшайымы: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше, сау болыңдар.
2-Жүргізуші:
Балалар,
барлығымыз күздің сыйына алғысымызды
білдіріп, шығарып салайық.
Балалар:
Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
1-жүргізуші:
Өнерлі өрге жүзер талаптының,
Талантты талмай ұшар қанаттының.
Мың бұралған бишілері сыныптың
Мерейі үстем болсын таланттының ,- деп ендігі кезекті биге береміз. 4 сынып оқушылардың орындауында «Флешмоб»
2
- жүргізуші:
Жиылған
қауым, армысыздар бәріңіз,
Келіп
жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге
болып қуанышта бәріңіз,
Бізбен бірге
шаттық әнін салыңыз.
3
сынып оқушыларының орындауында «Күзгі
вальс»
әнін қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:
Шат көңілді балалар
Шаршағанды
білмейді
«Алтын күз» мерекесіне
«Чунга
- чанга» биін билейді.
2-ші
және 3-ші
сынып оқушыларының орындауында «Чунга
- чанга»
биін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші:
Күз
айы басталды,
Құстар қайта
бастады.
Жапырақтар сарғайып,
Жерге
түсе бастады.
Ән «Күз тамаша!»
Исабекова
Жібек 4 сынып оқушысы.
1-жүргізуші:
Күз
сыны бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған
жер әрі де
Күзбенен сәулетті - дей
келе,
«Мысық» биі қыздар тобы.
2-жүргізуші: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
2 сынып оқушыларының орындауында «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар. 1-жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерге арналған ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз. 2-жүргізуші: Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы, әрбір отбасының ақ дастарқанынан арылмасын, еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Келесі күзге дейін кездескенше!
Хормен: Сау болыңыздар!
!
Қызанақ:
Бақшамызға көптеген,
Қызынақты
өсірдік.
Күз болғанда шырынын
Дайындадық
мол етіп.
Дәм татыңыз қып – қызыл,
Қызынақ
деген мен болам.
Қияр:
Қияр деген мен болам,
Ерте пістім
бақшада.
Салат жасап өзімнен,
Қуантамын
бәріңді.
Қырыққабат:
Қабат-қабат тоным бар,
Капустаңыз
мен болам.
Аспаз тәтей дәмді
ғып,
Дайындайды әрдайым.
Алма:
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар
бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп
кетер маңдайың.
Алмұрт:
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын
бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса
егер салғырт кім.
Сәбіз:
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын
ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз
жазықсыз.
Қызылша:
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім
қанға нәр.
Зияным жоқ біліп
қой,
Қызылшамын пайдам бар.
Қарбыз:
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп
қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте
үзіп алма.
Қауын:
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы
шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай
тәтті қауынмын.
Өрік:
Көктем келе бүрлеймін,
Ең алдымен
гүлдеймін.
Шілде болмай пісемін,
Дастарханға
түсемін
Шие:
Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар
білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа
сүйегім.
Құлпынай:
Піскен кезде құлпынай,
Қандай тәтті
шіркін – ай.
Қарай бергің келеді,
Дүркін,
дүркін, дүркін – ай.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген