15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс: Аяулы Анам
Аяулы анам
Тәрбие сағатының мақсаты балалардың бойына ананы сыйлау, құрметтеу қасиеттерін сіңіріп, ананы тыңдап, айтқанын істеуге тәрбиелеу болды.
Көрнекілігі: буклет, суреттер топтамасы.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру: Сыныпқа ән әуенімен кіру, сынып іші безендірілген.
Жүргізуші: Құрметті аналар, қызғалдақ қыздар, сіздерді бүгінгі 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, «Аяулы анам» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Хор. Ана – біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
ӘН.
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділетті ұғамын.
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар, қасиетті аналар!
1бала:
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші Наурызбен!
Өмірге ана- бұлақ. Ана –пана
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай шешен, талай көсем,
Талай рет, талай ақын, талай дана
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
2бала:
Ана! Ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де ардақтаған,
Өзінің аяулысы Отанын да
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
3бала:
Ана сүтінен барлық адам нәр алған
Ол азығың өзіңмен бірге жаралған,
Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол
Күш- қуат боп ән бойына таралған.
Хор: «Құттықтаймын, мама туған күнкңмен!»
4бала:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
Әжет-ай, сені жақсы көремін деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
5бала:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар
Бақыттылар, даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті әже, аналар!
6бала:
Мейірімі жел жібектей
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
«Құлыным» деп құшады.
«Бес» ап келсем, алдында
Биіктейді дәрежем.
Хор: «Анашым».
7бала:
Құттықты болсын , ардақты анам,
Асыл анам, мерекең,
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышты мерекең.
Хор: Ұл – қызыңа ерген,
Немереңбіз әже,
Немереңнен өрген
Щөбереңбіз әже.
Ананы күн шұғыласына отырғызайық.
Мен өзіңсіз бұл дүниеде, еш қызық көре алман,
Жан болса егер ең жақының кім болады деп сұраған,
Айтар едім бір минут та ойланбастан бір мезет
«Ана » деген асыл сөзді үш әріптен құралған
О, ана, сен керемет асыл жансың мен үшін!
ӘН: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Қимылды ойындар.
Ән мен күйге ұласты.
П
ана
Бақыт
Күн
Тірек
Дана
Жүрек
Хор: Ана- ақыл- ойдың дарқаны.
8бала:
Әлемге тыныштық тілеген,
Жан ана жаныңа гүл егем
Балалық жүрекпен айтылған
Махаббат бесігі бұл өлең
Көгінде гүл болып,
Жұлдыздай жанасың
Аман бол әрдайым,
Аяулы анашым.
Жұмбақ шешу.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған, бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Ойын: «Анамызды қалай жақсы көреміз?»
9бала:
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
10бала:
Айтсаң болды тіл алам,
Айбат мамам, ай мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да
Жүре берсем қасымда
Айбат мамам, ай мамам
Ботам деген даусыннан
Мен мәз болып ойанам.
Ер балалардың қыздарға және аналарына дайындаған сыйлығын тапсыру.
ӘН: «Біз өмірдің гүліміз»
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Тақырыбы: «Аяулы анам»
Орындыған: Смагулова М.Ж.
Тексерген: Есмуратова Қ.Қ.
Өскемен,2011ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген