400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс: "Әуенді тап"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына араналған "Әуенді тап" атты сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әуенді тап» сайысы

«Шаттық» күндізгі тынығу лагері

Уақыт: 05.06.2021 жыл

Сазды іс-шараның аты:«Әуенді тап!» 
Сазды ойынның мақсаты: Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау және балалардың түрлі әуендерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы сазға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 
Қолданылған көрнекіліктер:  Техникалық құралдар (музыкалық орталық, микрофон, түрлі түсті жарықтар) тағы басқалар 


Қош келдіңіздер құрметті қауым, аяулы ұстаздар, «Шаттық»күндізгі тынығу лагерінің ұландары және бүгінгі біздің сайысымызға қатысушы өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын өнерқұмар, ән сүйер ойыншылар! 
«Құлақтан кіріп бойды алар, 
Әсем әнмен тәтті күй. 
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең менше сүй!»,-деп Ұлы Абай атамыз айтқандай ән өнерін өте сүйетін,құрметтейтін шәкірттерге арналған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі бұл музыкалық сайысымызға екі топ қатынасады.Ендеше сайысқа қатысушы топтарды сахна төріне шақырамыз. Алдарыңызда өте алғыр,белсенді топ «Болашақ» тобы.

Және де ақылына көркі сай ,өте өнерлі топ - «Балдәурен» тобы.

Ендеше сайыс шарттарымен таныс болыңыздар.Әр топтардың топ басшысы, топтың атауы және топтық ұрандары болуы керек. Әрбір топ басшысы өзін,өзінің тобын және ұрандарын таныстыруы шарт.

Сайыс шарттары дайын болса, сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Мектеп–лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Алтынай Амангелдіқызы

«Шаттық» күндізгі тынығу лагерінің директоры – Жанна Даулханқызы

«Шаттық» күндізгі тынығу лагерінің аға тәлімгері - Майра

Ендеше топтарға сөз кезегін берейік. 

«Болашақ тобы» тобы : 

«Болашақ» тобы алға,

Биіктерге самға.

Достығымыз барда,

Жүреміз тек алда!


«Балдәурен» тобы:

«Балдәуренбіз»балдаймыз,

Бақытты таңға самғаймыз.


-Мінекей құрметті өнер сүйер қауым біздің топтар өздерін таныстырып өтті. Енді музыкалық ойынның бөлімдерімен таныстырып өтейін.
І айналым: «Балғын шақ әуендері»деп аталады. Әр топтан үш баладан қатысады.Әр топқа 3 әннен әуен жасырылады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпайға есептелінеді. Мұнда біздің ойыншылар мектеп қабырғасында үйренген, естіген әндерді табу керек


ІІ айналым:  «Біз шырқаған әндер» деп аталады. Екінші айналымға екі топтың тарбиешілері қатысады. Бұл айналымда еркін тақырыпта әуендер жасырылған.Әр топқа 3 әннен әуен жасырылған. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпайға есептелінеді.

ІІІ айналым: «Кел ,шырқа, ән сал» деп аталады. Бұл айналымға әр топтан үш бала және екі тәрбиешілері қатысады. Үшінші айналымда бес әуеннен жасырылады.әрбір дұрыс жауап 10 ұпайға есептелінеді.


ІV айналым: «Мәреге жет» деп аталады. Төртінші айналымға әр топтың топ басшылары қатысады. Әрбір топ басшысына бір әуеннен жасырылады. Әуеннін атын тапса өз тобымен сол әнді қосылып орындайды. Әуенді дұрыс тапса 20 ұпайға есептелінеді.

Сайыс шарттары түсінікті болса ,сайысымызды бастаймыз. Бірінші айналым: «Балғын шақ әуендері»


Сайысты бірінші боп бастайтын «Болашақ» тобы.


  1. «Әжем айтқан ертегі»

  2. «Ақ мамам»

  3. «Қошақаным қайда екен»

Келесі «Балдәурен» тобы

  1. «Ертегілер әлемі»

  2. «Домбырасыз сән қайда»

  3. «Әнші балапан»

Екінші айналым: «Біз шырқаған әндер» 

Сайысты бастайтын «Болашақ» тобының тәрбиешілері .

  1. «Сыған серенадасы»

  2. «Мен қазақпын»

  3. «16 қыз»

Келесі «Балдәурен» тобының тәрбиешілері

  1. «Гүлімсің»

  2. «Ақ бантик»

  3. «Өз елім»

Үшінші айналым : «Кел,шырқа, ән сал!» Сайысты бастайтын «Болашақ» тобының балалары және тірбиешілері.



  1. «Атамекен»

  2. «Цвети земля моя»

  3. «Смуглянка»

  4. «Сыр елім»

  5. «Әке туралы жыр»

Сайысты жалғастыратын «Балдәурен» тобының балалары және тәрбиешілері.

  1. «Атамекен»

  2. «Пусть всегда будет сольнце»

  3. «Катюша»

  4. «Сыр сулуы»

  5. «Ана туралы жыр»

Соңғы төртінші айналым «Мәреге жет» деп алатады. Бұл айналым шешуші айналым .Сонтдықтан бұл айналымға әр топтың топ басшылары қатысады. Әр топқа бір-бірден әуен қойылады. Жасырылған әуенді тапса, сол тапқан әуенді тобымен бірге қосылып орындайды. Ендеше іске сә!

Бірінші болып әуенді тыңдайтын «Болашақ» тобы.

«Атамекен» әні

Келесі боп әуенді тыңдайтын «Балдәурен тобы»

«Мен қазақпын» әні

Осымен бүгінгі «Шаттық» күндізгі тынығу лагері балаларымен ұйымдастырылған «Әуенді тап» сайысы өз мәресіне жетті.Сайысымыздың қорытындысын айту үшін әділ қазылар алқасын сахна төріне шақырамыз.



















Әуенді тап

/музыкалық сайыс/









Дайындаған: Рысмамбет Мақтагул Ердесқызы















2021 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
14.11.2023
476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі