жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс жұмыс "Ауғанның асуында от кешкендер" 10 сынып
Тақырыбы: Ауғанның асуында от кешкендер
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке,ерлікке баулу. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Көрнекіліктер: тақырыптық слайдтар,ауған соғысының 30 жылдығына арналған тақырыптық бұрыш.
КЕШ БАРЫСЫ
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар ,ұстаздар, оқушылар бүінгі
-Интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң,-деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.Бүгінгі кешке қатысушы қонағымызбен таныстырайық
1-жүргізуші:
Бүгін бізде қонақта ауған соғысының ардагері жерлесіміз Төлегенов Дастан Қайреденұлы.
Әрбір адам өзінің Отанға деген мақтаныш сезімін сезіне білуі қажет. Ал нағыз ерлер өзінің Армиясына қамқор болуға міндетті, ал ол арқылы өзінің елін қорғайды.Ерліктің мысалы ретінде Ауған соғысының солдаттары мен офицерлерін айтуға болады.Бүгін біз Ауғанстанда болған батырлық пен ерлік туралы айтатын боламыз.Егер елі өзінің батырларын еске алғысы келмесе, өзінің бұрынғы кездерін білгісі келмесе,онда ол өзінің болашағын жоғалтады.Ешқандай ел өздерінің бұрынғы естеліктерінсіз өмір сүре алмайды, өйткені бұрынғы естеліктерсіз халық та жоқ.
2-жүргізуші: Мерекелік шарамызды ашу үшін сөз кезегі ауыл әкімі Нұрбол Серікұлына беріледі.
1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Казбек Қуанышұлына беріледі.
Ән: «Ағаларым» орындайтын Бақтығали Нұржақан
2-жүргізуші:Ақпанның 15-де Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 30 жыл болады.Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып,аса құпия қаулымен бекітілді.Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді.Ауғанстан жерінде интернационал- дық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да,көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды. 1986 жылдың ақпанында болған Кеңес Одағының Коммунистік партиясының ХХYII сьезінде Михайл Сергевич Горбачев әскерді кезең-кезеңге бөліп,ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді.1989 жылы ақпанның 14 күні Кеңестер Одағының соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.Ауған соғысының табиғаты да, тарихы да өзгеше.Ол уақытта 18бен 20-ның арасындағы өрімдей жастар,бас-аяғы 22 мың қазақстандық,өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде,бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген – қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз.
1-жүргізуші:
2019 жылы 15 ақпанда Ауған соғысына 30 жыл толады.Сол Ауған соғысы өткелі көп жыл болды.Сол Ауған соғысының мағынасы,солдаттар мен батырларымыз туралы әлі нақты дерек жоқ.тӘртүрлі көзқарастар мен таластардың әсерінен көп адамдар қаза тапты.Ауған соғысына қатысып,біздің қатарымызда жүріп,жұмыс істеп жүргендер қаншама.Бұл кездесу арнайы соларға арналған.Осыдан 30 жыл бұрын 10 жылдық соғыс Ауғанстанда аяқталды.Оқулықтарда бұл туралы оқиғалар әлі жазылмаған,бірақ олар біздің Отанымызда шынайы маңызы бар.Ал тарихты білу маңызды,өзінің тарихын білмеген адамгершілігі жоқ адам.
Тыныш ұйықтаңыздар аналар,әкелер,
Келіндер,жеңгелер жүрегі қымбаттылар.
Біз өзіміздің туған еліміздің арын сақтаймыз,
Біз сенің сенімді ұлдарыңбыз.
Өз туған өлкемізде кездестірген,
Естеліктерге ораламыз
Қайтіп келмес жігіттердің орнын басып,
Бір минут үнсіздікпен еске аламыз (бір минут үнсіздік)
2-жүргізуші:Ауған соғысына Кеңестер Одағы құрамынан 22 мың қазақстандық қатысты.2238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты.21 адам хабар-ошарсыз кетті. Сізге оқушыларымыздың арнаған өлең шумақтары бар.
Саян:Армысыздар,ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған,жанынды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса,дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым,аспан асты,жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті.
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар,атқардыңдар соғысты.
Дияс: Бауырым, сен де соған барып қайттың,
Кеудеңе орден,медаль тағып қайттың.
Тілейміз енді соғыс болмағаның,
Жат жерде жансыз дене қалмағанын.
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын!
Гүлім: Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі?
Қырық бірдің отты жылы көнергенде,
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы.
Таулы аймақ Кабул,Баграм,Қандағарда,
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда.
Он сегіз, жиырмадағы боздақтардың,
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма?
Айжұлдыз: Бүгін сыйлы халықтың арасында,
Олар жеткен жеңістің бағасына.
Ұстаздық пен батырлық сіңіреді,
Өскелең жас ұрпақтың санасына.
Жас ұрпақ жақсыларды үлгі етіңіз,
Жақсыларға бұрылсын бір бетіміз.
Батырлардың ерлігін бағалауға,
Міндеттіміз және де міндеттіміз.
Ән: «Тәуелсіз Қазақстан еліміз » орындайтын Рысқали Ақжан
1-жүргізуші: «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті», - деген екен бір дана қария.
Өмірінің өлшеулі бір бөлігі,жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп,тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып,туған жерімен қауышқан майдангер ағамызбен кездесіп,бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.Сөз кезегін бүгінгі біздің қонағымызға береміз.
Сұрақ-жауап кезеңі.
1.Сіз ауған соғысына өз еркіңізбен бардыңыз ба?
2.Ауған жерінде қанша уақыт болдыңыздар?
3.Ауған жеріне баратыңызды алдын ала айтты ма, әлде құпия түрде апардыма?
4.Сіз Отан алдындағы борышыңызды өтеу үшін қай жерден шақырылдыңыз?
5.Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері арамызда санаулы қалғандығы белгілі,мемлекет тарапынан сіздерге қандай көмек көрсетіліп отыр?
6.Ауған соғысы аяқталды деген кезде қандай сезімде болдыңыз?
7.Ауған соғысында қандай қаруды қолдандыңыздар?
8.Ауғанстан жеріне кірген кезде қандай сезімде болдыңыз?
2-жүргізуші: Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз, 15 ақпан 1989 жылы Ауған жерінен генерал Борис Громовтың шығуы еді.Шын мәнінде, оқиға басқаша болған.Соғыс бітсе де,шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған.Соңғы шыққан – қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар.Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды.Өкінішке орай, бұны әркім біле бермейді.Ауғанстан жерінен Кеңес әскелерінің шығарылғанына 30 жыл өтсе де,сол кездегі жауынгерлер, бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді.
Ән: « Қазақстан» орындайтын Гумарова Наргиза
1-жүргізуші:Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде.Аяулы аға,уақыт тауып келгеніңізге рахмет! Сізге ұзақ ғұмыр,денсаулық,жанұяыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!
(Бейне үзінді көрсетіледі)
Қорытынды сөз: Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы –ұйымдастырушысы Бақтияр Сарсенұлына беріледі
Жаңақала аудандық білім беру бөлімі «Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ауғанның асуында от кешкендер
(Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30жыл толуына орай өткізілген ауған соғысының ардагері Дастан Төлегенов Қайреденұлымен кездесу кеші)
Өткізген: АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Б.С.Зұлқашев
15 ақпан 2019жыл.
«Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама
15 ақпан күні мектебіміздің мәжіліс залында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Зұлқашев Бақтияр Сарсенұлының ұйымдастырумен Ауған соғысының ардагері жерлесіміз Дастан Қайреденұлымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тағылымы мол әдеби-сазды кездесу кеші өтті.Кешке ауыл әкімі Нұрбол Серікұлы,ардагерлер алқасының төрағасы Салауатов Аманжан, қоғамдық кеңес төрағасы Рысқалиев Сағидолла қатысты.Шараның мақсаты:Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу.Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып,жастарды Отан сүйгіштікке,ерлікке баулу. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.Шараға ұстаздар,ата-аналар,оқушылар қатысты.
:
Мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары: С.Қисымова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген