Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Бастауышпен қоштасу" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс "Бастауышпен қоштасу" 4 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғы сөз

Мынау өмір арнасымен ағады

Білімді жан әркез жолын табады.

Сіздермен бастауыштар қоштасып,

Көгершіндей самғап қанат қағады.

« Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» дегендей «шәкірттерімді қалай білімді етем,қалай азамат етіп шығарам» деп әрбір күнін,әрбір сағатын ізденіспен,оқумен өткізетін ұстаз уақыттың қалай зымырап өткенін байқамай да қалады.

Бастауыш сыныптың 4 оқу жылы аяқталып,сынып балалары орта буынға аяқ басқалы отыр. Бастауыш сыныпта оқытқан шәкірттерім,жоғарыға аяқ басқан сайын ұстаз жүрегіне тәтті қимастық, сағыныш,болашаққа деген сенім баурап ерекше күйге түсесің. Осы күй ұстаз жүзінде,ерекше қимастық сағыныш сезімімен қатар мақтаныш сезімі қатарласа келеді.

Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде 4 жыл да бір балаларымды орта буынға тапсырар алдында толғаныста боламын. Міне,сол сәтте келіп жетті. Оқушыларым білімді,алғыр,ұйымшыл,өте өнерлі.

Мен көп жылдар бойы мектепте бастауыш сыныпқа сабақ беріп келемін. Кейінгі 7 жылдан бері «сын тұрғысынан ойлау технологиясы» бойынша жұмыс істеп келемін. Тіпті ата-аналар жиналысының өзі осы технология негізінде өтеді. « Сын тұрғысымен ойлау» бағдарламасы оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді,өз ойын дәлелдеуге тырысады,мұғалім түсіндіргеннен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылыққа жетелейді. Топтағы жұмыстар арқылы өз ойын ашық айта отырып, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білуге, ұйымшылдыққа үйренеді.

Міне,өзім дәстүрге айналдырып,оқушыларымның сабақтарда орындаған шығармашылық жұмыстарын жинақтап кітапша қылдырып, оқушыларға тарту етемін.

Құрметті менің сүйікті шәкірттерім! Бүгін сендер үшін өте қуанышты сәт! Балдәурен балалық шақ бастауыш сыныппен қоштасып,сәл де болса есейіп, орта буын оқушылары қатарына қосыласыңдар.

Алдымда білім қуған ұландарым,

Қатайсың қанаттарың,қырандарым.

Кеше ғана кіріп едің тарыдай боп,

Бастауышпен қоштастың бүгін бәрін.

Қиялға қанат бітіп шарықтаңдар,

Білімді боп өсіңдер жалықпаңдар.

« Сапар сәтті болсын»ұл,қыздарым,

Ұмытпаңдар ұстаз салған із барын.


Карбаева Алтынай - өте ақкөңіл. Жайдары жүзімен жан – жағына жылу шашып,бар адамды өзіне жақын тартады,әкесінің еркесі. Өлең,жырларды нақышына келтіріп оқығанда алдына жан салмайды.


Отбасы

Әкем менің асқар тау,

Анам менің ақ бұлақ.

Ағам менің қорғаушым,

Інілерім қолдаушым.

Ал отбасым бақытым!


Әке

Асқар таудай әкешім,

Бағып,қақтың сен мені.

Сендей әке кімде бар,

Қамқорлықты танытқан.

Тілеймін мен өзіне,

Ұзақ өмір,мол бақыт.


Ана

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Ана деген асыл жан.

Баласы үшін әрқашан

Әр нәрсеге даяр жан.

Өздеріңе тілеймін

Өмірдегі бар бақытты,

Нұр шашқан.


Ата

Ата,ата ақсақалды,

Ата,ата ақ ниетті.

Құрметті ата, Ардақты ата,

Немереннің тілері,

Ұзақ ғұмыр,мол денсаулық!


Әже

Ақ жаулықты әжетай,

Сіздей әже кімде бар.

Ақ бесікке жатқызып,

Ән шырқап бізді тербеткен.

Тілеймін мен сізге,

Шаттық пенен табысты.


Туған жер

Туған елім,жерім,

Туып өскен алтын бесігім.

Дүниеге келген жерім,

Ата бабам жүрген жерім.

Сәлем бердім туған жерім!


Санамақ

Бір дегенім –бірлік,

Бірлік түбі тірлік.

Екі дегенім –еңбек,

Еңбекқор балам.

Үш дегенім-үміт,

Үмітіңді үзбе.

Төрт дегенім-тілім,

Өз тіліңді құрметте.

Бес дегенім-білім,

Білімді бол күнім.

Алты дегенім-арман

Армандай бер балам.

Жеті дегенім жақсы,

Жақсылыққа сал күш.

Сегіз дегенім –сенім,

Сенімді бол балам.

Тоғыз дегенім-талап,

Талапты бол балам.

Он дегенім-Отан

Қорға соны ботам.


Мен елімнің ертеңімін

Мен елімнің ертеңімін

Ата-баба жолын қуар.

Ата-баба жолын қуып,

Болашаққа қадам бастар.


Ұстазым менің

Біздің Гүлнәр апай төрт жылдан бері сыныптағы ұл-қызға не жақсылық үйретпеді?! Бәрін үйретті. Мен апайды алғаш көргеннен бастап ұнатып қалдым. Маған киінуі де ұнайды.

Апайым ауырмай,үнемі күліп жүрсе екен. Оқушылар шуламай,тәртіпті болса апайым тез қартаймайды. Ойыннан басқа түк білмей келген бізді үлкен адам болуға үйреткен мұғалімді біз сыйламасақ,ұят болады. Біз апайды ренжеткен кезде жылағым келеді. Менің апайыма алғысым шексіз. Маған өз апайым ұнайды. « Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»,-деген Абай атамыз айтқандай бізге жақсы бол деп жол сілтегені үшін апайыма алғысым шексіз.



Біздің сынып

Біздің сыныптағы балалар мәдениетті,бар жұмысты бірге қосылып істейміз. Сыныбымызда кейбір балалар сабақ оқи алмаса да бір өнерлері бар. Біздің сынып өнерлі,ақылды балаларға толы! Менің құрбыларым көп. Мен біздің сыныпты мақтан етемін!


Мен елімнің азаматымын

Мен,болашақта бір мамандық иесі боламын. Бізден ата-анамыз үміт күтеді. Біз ата-анамыздың үмітін биік-биік шыңдардан көрініп,ақтауымыз керек. Біз елімізді болашақта көркейтетін азаматтарымыз.


Менің арманым

Менің армандарым көп. Бір арманым орындалса екінші арманым уады. Бірінші арамным ата-анамның бақытты болуы. Екінші арманым бауырларымның бақытты болуы. Үшінші армыным туыстарымның,нағашыларымның бақытты болуы. Төртінші арманым сабағымды жақсы бағаға бітіру. Менің армандарым таусылмайды...


Адал достық

«Бір досың балғанша,

Жүз досың болғаны артық»- деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Сенің досын бар болса өте жақсы. Адал дос – жамандық тілемей тек қана жақсылық тілейді. Ол сенің мұңынды,қуанышынды бірге бөліседі. Міне адал достық деген осы.


Қош бол бастауышым

Менің балғын бастауышым сенімен қоштасқым келмейді. Көп қызықты күндерім ұстазыммен,достарыммен,сенімен өтті. Кеше ғана бастауышқа қадам басқан бала едім. Міне , қазір бастауыштан қадам аттап,кетіп үлкен сыныпқа қадам басып бара жатырмын. Бастауышым саған көп рахмет!



Амангельдьн Исламбек-үйінің тұңғышы. өте талантты бала. өзінің алғырлығымен, шығармашылығымен өз ортасының көсбасшысы.

Отбасы

Отбасы бар менде,

Татулығы жарасқан.

Көмектесір әр кезде,

Көмек қолын ұсынған.

Көмектесем мен оларға,

Жақсылықты аямай.


Әке-ана

Әке-ана қымбат маған,

Бағып мені өсірген

Жамандыққа бармағ,- деп

Жақсылықты үйреткен


Туған жер

Ата-әжем өсіп туған,

Жүректесін туған жер.

Туған жердің топырағын,

Басып енді жүрем мен.


Отан

«Отан оттан да ыстық»- деп.

Ұрандатқан қазағым,

Отаныма әрқашан,

Мен де қорған боламын.


Мен елімнің азаматы

Ойлаймын мен отанымды,

Асқар биік тауларымды.

Себебі, мен елімнің азаматы

Қайтпас қайсар мінезді.

Ойлаймын мен бұлағымды,

Өмірге ұқсап ағып жатқан.

Себебі, мен азаматпын

Өз елімді ойлайтын.



Менің арманым

Егер адамның бәрі дос болып, Қазақ тілін бүкіл жұрт біліп, жанында ана-әкең, ата-әжең жүрсе, сыйластық болып, аспанымыз ашық болып, жұртымыз не ішемін, не жеймін демесе қандай басқа арман бар.



Адал достық

Досым болса қасымда,

Түсінетін жанымды

Сонда мен де әр кез тырысам

Қалдырмауға көңілін.



Біздің сынып

Біздің сынып-тамаша,

Тату балар әрқашан.

Қиындықта көмектесіп,

Сырларын бөліскен.



Ұстаз

Әріп танып үйреткен,

Мақсат қоя біл-деген.

Жамандықтан әрі бол-деп

Жақсылыққа-жол көрсеткен.

Қош бол сүйікті бастауышым

Үйрендім мен әріпті де,

Қолға қалам алуды.

Қоштасатын кезде келді

Бастауышым сенімен...

Көзге жасым келді де,

Еске алдым сыныпты.

Бірге-ойнап бірге күлген,

Бастауышым қош бол енді.


Ғазизбатыл Фариза –оқу озаты,оқып,үйренуге деген ынтасы мол бала. Би билегенді жақсы көреді.


Туған жер

Туған жер –алтын бесік,

Төріңде аялаған.

Асқақ әндер,бұлбұл сайрап,

Саған бәрі тамсанған.


Әке-ана

Әкем менің – асқар тау,

Анам менің-шалқар көл.

Әкемді мен сыйлаймын,

Анамды мен қорғаймын.


Ана

Анашым менің анашым,

Ардақтаған баласын.

Аялаған әрқашан,

Ақ сүтімен баптаған.


Әже

Айналайын әжемнен,

Күн мейірімі сезілген.

Әлемдегі сұлулықты,

Өзіңе әже тең көрем.


Ата

Аташым асқар тауым,

Бұлбұлымсыз жайнаған.

Өмірдегі нәрімсіз,

Әлемдегі сәнімсіз.


Алғашқы ұстазым

Мен бұл өлеңімді алғашқы ұстазым Хамзина Гүлнар Аманжолқызына арнаймын.

Біліміңіз бұлақтай,

Ақылмен айтқан сөзіңіз,

Әлемдегі шуақтай.

Гүлдей болып құлпырған,

Ақылды,асыл ұстазым,

Қартайма сен ешқашан!


Көктем

Көктем келді шуақтап,

Қарлар еріп бұлақтап.

Самал желі еседі,

Гүлдерменен құлпырып.

Көбелектер ұшады,

Аралар бал жинайды.

Құстар қайтып келеді,

Бұлбұлдар ұшып жүреді.

Беттен күлкі кетпейді,

Жүзінен күн кетпейді,

Көктем келіп қуантып,

Бетінен бір сүйеді.


Оқимын мен де Абайды

Оқимын мен де Абайды,

Үйретер маған талайды.

Үйретер маған бәрін де,

Бес асыл ісінде.

Ақылын берер біздерге,

Оқимын мен оқимын,

Данышпан,дана Абайды.


Менің арманым.

«Армансыз адам болмайды». Әр адамның өз арманы бар. Арман жалғаса береді. Біріншісі орындалса,екіншісі туады. Менің де көп арманым бар. Арманды адам қиялдайды. Арманы орындалса қуанада. Мақсатына жетеді. Арман – бос қиял емес.

Арман деген бітпейді,

Таусылмайды,кетпейді.

Әр арманды орындап,

Қуанышқа бөлейді.


Ана тілі

Ана тілім-

Қамқоршымсың,панамсың,

Ана тілім сен болмасаң қайтемін?

Ана тілім сенсіз болмас ән жырым.


Ана тілім-бал тілім,

Ана тілім-жүрегім.

Ана тілім-сезімім,

Ана тілім болмаса,

Болмас еді ән жырым.

Ана тілім-шеберім,

Ана тілім-жүрегім,

Ана тілім-өнерім.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді ән жырым.


Менің алғашқы ұстазым

Хамзина Гүлнар Аманжолқызы – менің алғашқы ұстазым. Мен ең бірінші апайымды көргенде,мына апай менің апайым болса екен деп армандайтынмын. «Армансыз адам болмайды»дегендей менің арманым орындалды. Қазір сол армандаған апайдан оқып жүрмін. Менің ұстазыма ешкім жете алмайды. Өйткені мен ұстазыма бауыр басып қалдым. Апайым-жазуды,оқуды,ақылды үйретті. Мен ұстазымды ренжіткім келмейді. Ұстазды құрметтеу қажет.

Гүлнәр деген апайым бар,

Өзі гүлдей құлпырған.

Ол сыныптың анасы,

Өзгенің де анасы.

Маған білім үйреткен,

Апайым сізге мың алғыс!


Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын. Өйткені еліміз бейбіт,тату-тәтті. Біз бәрімз бір шаңырақтаймыз. Мен отбасымның аясында, ұстазым мен достарымның арасында бақыттымын. Сондықтан да мен бақытты баламын!


Наурыз-жыл басы

Наурыз өте әдемі мереке. Жиырма екінші наурыз Наурыз мейрамы. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Жиырма екінші наурыз қазақтың жаңа жылы. Сол күні адамдар бір-бірін құшақтап,құттықтайды. Наурызкөже пісіріп адамдарға дәм татқызады. Қыдыр ата келіп,қуаныштарың көріп,дастарқандары мол екен деп сол үйге бақ,дәулет әкеледі. Бұл күні барлығы реніштерін ұмытып,достасады. Қыздар бәйшешектей құлпырады. Сондықтан наурызды жыл басы дейді.


Дос

Дос-жолдассыз өмір сүру қиын. « Досы көпті жау алмаас» деген бекер айтылмаған. Досыңды бөліп,ренжітуге болмайды. Досыңа сен сырыңды айтасың,көмек бересін. Дос болмаса жалғыз өзің бәрін жеңе алмайсын. Сондықтан досыңа әрқашанда адал болу керек.


Бірлікке хат

Сәлем бірлік. Біз сені танимыз. өйткені «бірлік бар жерде,тірлік бар»-деген мақал бар. Сен болғанда тірлік,бақыт,қуаныш бәрі болады. Сен өте ақылды бірліксің.


Санамақ

Бір дегенім-бала,

Отаныңа қара.

Екі дегенім-елің,

Туып өскен жерің.

Үш дегенім-үздік,

Талпын соған құлыным.

Төрт дегенім-төрім,

Жақсылығым үйім.

Бес дегенім-бесбармақ,

өйткені ол ұлттық тамақ.

Алты дегенім-Ана,

Ананы ыстық алақанынмен аяла.

Жеті дегенім-Жаңбыр,

Жауған жері мол.

Сегіз дегенім-сырға,

Сырға киіп сылдырла.

Тоғыз дегенім-тазалық,

Ол бар болса болады денсаулық.

Он дегенім-Отан,

Отан менің анам.



Иманбалин Оразхан – ата-анасының еркесі,үйінің кенжесі. Оқуда алғыр, ән айтқанды ұнатады.


Менің арманым

Әр адамның өз арманы болады. Мен өскенде дәрігер болғым келеді. өйткені ауырып қалған адамдарды емдегім келеді. Сондықтан да болашақта дәрігер боламын.


Әке

Әке біз үшін отқада суғада түседі. Әкем-отбасымның отағасы. Әкем бізді әрқашан да қорғап,қамқор болып жүреді. Мен әкемді мақтан етемін! Сондықтанда балалар әкелеріңді сыйлаңдар.


Ана

Ана... Осы үш әріпте қаншама ой жатыр. Ана бізді әрқашан уайымдайды. Ол бізді ақ сүт беріп өсірген. Анамды өте қатты жақсы көремін және сыйлаймын. Мен қайда жүрсемде тілеуімді тілеп,мені уайымдап ойлайды. Ана саған мың алғыс!


Ата-әжем

Мен атам мен әжемді қатты жақсы көремін. Кішкентайымнан әжемнің ертегісің тыңдап өстім. Ал атамның ақылың ешқашанда есімнен шығармаймын. Атам мен әжем менің ең қадірлі жандарым. Оларды сыйлаймын және қатты жақсы көремін.


Менің ұстазым

Мен Гүлнар апайымды қатты жақсы көремін. Ол кісі маған төрт жыл ішінде көп нәрсені үйретті. Жақсылығымызды асырып,жамандығымызды жасырып жүрген-ол әрине апайым. Бізді әрқашанда түсінетін,ақыл-кеңес берген апайыма көп рахмет! Міне менің ұстазым сияқтыларды « нағыз ұстаз» дейді.


Менің сыныбым

Біздің сыныпта өнерлі және ақылды балалар өте көп. Біз татумыз. Ұстазымыз кішкентайымыздан бірлікке,татулыққа үйретті. Ол кісіге көп рахмет. Біздің сынып барлық мектепшілік жұмыстарға ат салысады. Мен сыныбымды мақтан етемін.



Қош бол сүйікті бастауышым

Міне,бастауышпен қоштасатын уақытта келіп қалыпты. Уақыт зымырап өтіп кетті. Апайыммен қоштасқым келмейді. өйткені ол кісіге бауыр басып қалдым. Ұстазым төрт жыл ішінде көп нәрсені үйретті. Міне,сол алған біліміммен үлкен сыныпқа қадам аттағалы тұрмыз. Апайымыздың атыңа кір келтірмеуге тырысамыз.



Зейнулла Дайана-оқу озаты,шығармашыл,әуелетіп ән салғанада естіген жанды таң қалдырады.

Отбасы

Анам менің ақылшым,

Әкем менің қорғаушым.

Атам паналаушым,

Әжем менің қорғаушым.

Ағам менің орнаушым,

Әпкем менің қолдаушым.

Інім менің тірегім,

Сіңілім менің жүрегім.

Обасымыз берікті,

Татулықпен сүйікті.


Ана

Аяулы ана,ардақты ана,жан ана,

Ұйқыңды бөліп қарайсың мені,таң ата.

Ризамын саған,ризамын саған мәңгілік,

Жайдарлы жүзің түспесін беттен,жана ана!

Ана-баланы дүниеге әкелетін,нәрестеге өмір сыйлайтын,өмірдегі ең асыл жан. Оның қолы- ең жұмсақ. Сүті-ең тәтті. Ана-балаға ең жақын адам. Ол түн ұйқысын төрт бөліп,баласын мәпелеп, әлпештейді. Ана біреу ғана. Ата-бабамыз «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»деп бекер айтпаған. Бала есейгенде де анасына бала болып қала береді. Анаңның хақы-құдайдың хақы. Анамызды өмір бойы сыйлап өтейік!



Әке

Асыл әке ризамын саған,

Алғысым бітпес ешқашан.

Асқар таудай биіксің,

Қамқоршымсың әрқашан!

Әке-отбасының қорғаушысы,асыраушысы. Ол тыным таппай еңбектенеді. Әкемізді әрқашан құрметтеуіміз керек. Себебі,ол біздің қамқоршымыз, ақылшымыз. Әкелерімізді сыйлап өтейік!


Ата

Атам менің жақсы адам,

Аямайтын батасын.

Құрметтейді барлық адам,

Атамды менің жанашыр.

Әрбір айтқан ақылын,

Сөзін бөлмей тыңдаймын.

Жақсылықты сіңіріп,

Ұқыпты адам болайын!


Әже

Әжем өрнек тереді,

Сырмақ сырын оюлап.

Басы ауыра береді,

Шай ішпесе қоюлап.

Әже-салт-дәстүрді ұстайтын қарт адам. Менің әжем ою сырын меңгерген адам. Ол өрнекті әдемі етіп,оюландырып,тамсандырып ояды. Ол кісі мені көп еркелетеді. Маған ақылын айтып,көп нәрсені үйретеді. Әжеме деген алғысым шексіз! Ұзақ өмір тілеймін!


Адал достық

Көшіп келді ауылыма,

Жаңадан бір қыз келіп.

Достасқым келіп қолыма,

Бір ойыншық әкелдім.

Кел ойнайық-деп едім,

Ұялып қалды ол меннен.

Екінші күні қол ұстасып,

Ойнап жүрдік күлкімен.

Кел балдырған достасайқ,

Адал достық осы екен.

Әр адамның досы болады. Ол онымен сырласып,өз құпияларымен бөліседі. Ондай достықты-адал достық дейді. Достық берік әрі адал болу үшін-ұқыпты әрі адал болу керек. «досы көпті жау алмайды» деп бекер айтылмаған. Достығымыз адал болсын!


Мен елімнің азаматымын

«Мен елімнің азаматымын»-деп айтуға әркімнің құқығы бар. Себебі,сен дүныеге келген күннен бастап мемелекет қамқорлығындасың. Яғни, осы мемлекеттің азаматысың. Бірақ,бұл сөзге ие болу үшін көп тер төгу керек. Елдің азаматы болу-өз отанын сыйлау,оның жетістіктерімен мақтану. Сондықтан да елімізді құрметтеп сыйлайық!


Менің арманым

Арман-қиял ғажайыпқа бөлену. Әр біреудің армандаған араманы бар. Мысалы менің арамным:

-Денсаулық нұр болып шашылсын;

-Бақыт әр адамның басына келсін;

-Еліміз тыныш әрі бейбіт болсын;

-Оқуымды жақсы бітіріп,еліме еңбегім сіңетін азамат болу. Әрине армандарым өте көп. Арман орындалу үшін биік шыңға ету керек. Оған жету үшін адам бойында жақсы қасиеттердің барлығы болуы қажет. Әр нірсеге біртіндеп қол жеткізуге болады. Қиындықтар кездессе оларды да жеңуге болады. Тек ақыл,табан,төзім,шыдамдылықпен қиындықтардан өтіп, арманыңа жетуге болады.


Менің ұстазым.

Ұстаз ана,ұстаз дана,

Нұрлы жүзің жанға пана.

Сенің маржан асыл сөзің,

Әнұрандай жаңғырады санамда.

Ұстазым мектептің жүрегі,

Ұстазым мектептің тірегі.

Биікте самғасын ұшқан құс,

Көгершін болып көктегі.


Біздің сынып

Ақылды әрі ұқыпты,

Біздің сынып тәртіпті.

Табанды әрі төзімді,

Біздің сынып шыдамды.

Өнері де аз емес,

Жалғасады тоқтамай.

Мақтанышым сыныбым,

Біздің сынып осындай!

Біздің сынып өте ақылды. Біздің сыныптың өзінің дәстүрлері бар. Олар:

-туған күндерді керемет өткіземіз,

-білмегенімізді сұраймыз,

-әрқашан татумыз,

-қатемізді түзетеміз,

-ең бастысы-бір-бірімізді сыйлаймыз. Ол әрине ұстазымыздың арқасы. Ол кісіні ешқашан жерге қаратпауға тырысамыз!


Қош бол сүйікті бастауышым!

...Осы жыл тез өткендей көрінеді. Керісінше ұзақ жыл болғанын қалағанмын. Бастауыш тез зымырай жөнелді. Қайтадан бірінші сыныпқа барғым келеді. Ұстазымды қимаймын.

Нұрлы көзің сағындырған,

Әдемі үнін таңғалдырған.

Іңкәр бейнең жан аңсатқан,

Аяулы менің ұстазым-дегендей ұстазымды қатты жақсы көремін. Ол кісіні жерге қаратпауғы тырысамын. Бастауышым-сағынышым!


Естаева Гауһар-оқу озаты, үйінің ерке кенжесі. Әкесі мен анасы,апаларының қуанышы,бақыты.


Кітап

Аласың сен білімді,

Кітап деген досыңнан.

Оқу,білім,тәртіпті,

Аямайды ешқашан.

Таза ұста кітапты,

Жыртпа білім парағын.

Кеңес бердім мен саған,

Оқу жайлы,кітап жайлы.



Ата-әже

Ананың қолдаушысы әже ғой,

Әкенің қолдаушысы ата ғой.

«Күнім», «ботам» дейтұғын,

Атам менен әжем ғой.




Бастауышқа арнау

Бастауыштың төрт жылы,

Өтті,міне зымырап.

Төрт жыл алған білімнен,

Өмір жолы басталды.

Осы білімді үйреткен

Алғыс Гүлнәр апайға.


Ана

Күлкің сенің,күн нұрымен,нұр шашар,

Өмір мәні тек өзіңнен басталар.

Түн ұйқысын төрт бөлесін анашым

Ақ сүт беріп мәпелейсің анашым.

Әр баланың қымбаттысы өзінсің,

Сол себепті аман жүрші анашым!


Әке

Асқар таудай әкешім,

Жақсы көрем мен сізді.

Денсаулық пен ұзақ ғұмыр

Бар жақсылық,бақытты

Тіледі қызың өзіңе.



Баянқызы Назым-оқу үздігі. Әкесінің ерке қызы,анасының көмекшісі,ағаларының сүйкімді қарындасы. Өте шығармашыл,қолына қағаз алып,өзіне ұнаған тақырыпта өлең шумағын құрастырғанды жақсы көреді.


Кішкентай ару байқауында өзін таныстыруға арналған өлең.

Иіліп сәлем бердім халқыма,

Осы отырған үлкен-кіші жалпыңа.

Сөз атасы сәлем дейді халайық,

Ізет қылып қазағымның салтына.

Қазақтың қандай байтақ даласы,

Осында туып-өскен қаншама батыр данасы.

Руым айтар болсам орта жүздің керейі,

Өз тұсында оның даға үстем болған мерейі.

Керейден тарайды екен шеруші.

Бұл атамның адал болған өз ісі.

Шерушіден туған екен Төлек

Төлек атам басқалардан болған екен бөлек.

Санасам бесінші атам Жолжақсы,

Естісем ол атамда болған екен қолбасшы.

Жолжақсыдан туған екен Кеңетек.

Атадан тарас егер көп ұрпақ

Сонда сенің өрісіңді кең етеді.

Кеңетектен кейінгі атам Жүгенбай,

Бұл атам болған екен асқан бай.

Ағайын сөзімді салмақтап бір қарашы

Алдарыңа таныстырып өзін кеп тұрған

Нұрғажыұлы Дүрінбайға немере

Баймөңкінің Назым деген баласы.


Санамақ

Бір дегенім-бірлік,

Елің болсын тірлік.

Екі деген-елің,

Туып өскен жерің.

Үш дегенім-үлкен,

Бата алам сізден.

Төрт дегенім-тағдыр,

Алла жазған өмір.

Бес дегенім-бақыт,

Баянды болғай уақыт.

Алты деген-анаң,

Сыйла оны балам.

Жеті деген-жеңіс,

Жемісті болғай әр іс.

Сегіз деген- серке,

Біздің Исламбек ерке.

Тоғыз деген-талап,

Ойлап істе қарақ.

Он дегенім –отан,

Отан ыстық оттан.


Туған жер

Туған жерім тағдырым,

Алыс кетсем сағындым.

Сен мәңгілік жүректе,

Таусылмайтын ән жырым.


Ана тілім

Ана тілім ардақты,

Анам тілім мол бақты.

Ана тілім арқылы,

Біліп жүрем бар жақты.

Ана тілім бал тілім,

Сенсің менің ән - жырым.

Сенсің ұлы даламның,

Бақ құсы мен шаттығы.


Ұстаз

Білімді үйретіп,

Ойыма ой қосқан.

Көретін балаларындай,

Бұл сенің ұстазың.

Ұмытпа ешқашан,

Қадірле,құрметте,

Ол сенің ұстазың.


Өтірік өлең

Соқты міне қоңырау,

Кірді міне,мұғалім.

Деді әуелі армысыңдар,

Күйлі қуат бармысыңдар.

Сабақ еді әдебиет,

Беріп еді үйге жаттау.

Апайда қолын көтерді,

Менде айтам деп шуласа.

Баға қойды біздерге,

45 минут тоқтамай.

Шықтық міне бәріміз,

Беспен беске тамаша.


Тілім менің тірегім!

Ата-бабаларымыз бізге әрқашан ана тілдеріңді ұмытпаңдар. « Тіл бас жарады,бас жарамаса тас жарады»-демей ме? Себебі бұрынғы өткен заманда дау-дамайды тілмен шеше білген. Менің ойымша тілден асқан шешен,мерген жоқ. Әр адам өз ана тілін қадірлеуі керек.


Ана

Өмірімнің гүлі де-сен,

Өмірімнің жыры да сен.

«Балапаным» деп мені,

Мәпелеген анашым.

Әрқашанда аман жүрші,

Айналайын анашым!


Ұстазым

Ұстазым менің,ұстазым!

Бастау алған өзіңнен,

Қандай әсем көркем едің,

Келгенімнен еркем дедің.

Қоштасуға қимаймын,

Мәңгі есте сақтаймын!


Қайыржанова Айтбала- оқуда алғыр,тәртіпті, адамгершілігі мол бала.


Отбасы

Менің отбасымда бес адам. Отбасымыздың басшысы,қорғаушысы әкем. «Әкеден ақыл,анадан мейір» дегендей Анам үйдің екінші үлкені. Анам маған бар мейірімін төгеді. Апам ақылшым,інім қолдаушы. Ал мен «отбасым аман болсын» -деп тілеймін.


Туған жер

«Туған жер-тұғырың,

Туған ел-қыдырың»-дегендей әр балаға туған жері қымбат. Алыс кетсе сағынады. Көз алдыңа жұпар гүлі,мөлдір суы,орман-тоғайлары мен таңертең шығатын мөлдір моншақтай шықты да сағынады. Туған жердің бейнесін өмір бойы ұмыта алмайсын. Туған жерді құрметтеу,сыйлау әр адамның парызы.


Оқимын менде Абайды

Оқимын менде Абайды,

Қызықты өлең шумағын.

Өлеңнің шумақтарын да,

Төрт мезгіл бәрі қосылған,

Бірінші мезгіл жаз ғой деп,

Гүлдердің сәнін салады.

Екінші мезгіл күз ғой деп,

Алтын нұрың шашады.

Үшінші мезгіл қысым деп,

Ақ боран аяз шашады.

Төртінші мезгіл көктем деп,

Жаңбырлы маусым ашады.

Төрт мезгіл бәрі түгел ғой,

Абайдың әні осы ғой.

Тыңдаймын Абай әндерін,

Оқимын мен де жалықпай.


Абжанова Ажар-сабақты жақсы оқиды. Үйінің тұңғышы,әже тәрбиесін көрген,ақылды,ұқыпты бала.

Ана

Ана бізді өмірге әкелген ардақты жан. Түн ұйқысын төрт бөліп,ақ сүт берген анаға біз қарыздармыз. Ананың ақ сүті адам баласы үшін қасиетті ұғым. Ана – асыл,қымбат. Ананы құрметтеу әр адамның парызы.


Әке

Әке ұрпақ иесі,үйдің басшысы,асыраушысы. Жеті атадан санағанды әке екінші ұрпақ. Әкеге еліктеп өскен бала-ешқашан да артта қалмайды. Әкені сыйлап өтейік.


Ата

Ата-әкенің әкесі. Жеті атадан санағанда үшінші ұрпақ. Атаның сөзі-заң. Атаныі ақылы,атаның батасы,әрбір сөзі баға жетпес мұра. Атадан тәлім-тәрбие алған бала әрқашан ақылды,батыл болады. Атаны құрметтеу-біздің міндетіміз.


Мен елімнің азаматымын

Менің ойымша бала дүниеге келгеннен бастап өз елінің азаматы болып есептеледі. Бала елінің болашағы. Еліңе көмек тигізетін азамат болады. Мен де өз елімнің азаматымын деген атқа лайықты болып өсуге тырысамын.


Ғазымжан Мұрат-ақылды,өте салмақты бала. Әнді қалай орындайды десеңізші!


Ана

Ана деген бір жан ғой

Ақылымен өнерін,

Еңбегімен өмірін

Баласына арнайтын.


Әке

Әке деген жақсы жан

Ақылымен үлгілі.

Асқар таудай әкемді

Сыйлап өтем өмірде.


Ұстаз

Гүлге толған кез еді құшақтың

Алғаш рет әліппені ұстаттың.

Білім берген,ақыл берген ұстазым,

Мейіріміңді ата-анама ұқсаттым.


Үлкенді сыйлау

Үлкенді сыйлау,ең алдымен,өзіңді сыйлаудан басталады. Өз ата-анасы мен бауырларын сыйламаған адам басқаларды сыйлап жарытпайды. Кейбір ата-ана баласының қарны тоқ,киімі көк болғанын ғана ойлайды. Ондай бала тек өз қара басын ғана ойлайтын болып өседі. Ал кішкентайынан әженің әлдиі мен атаны өсиетіне қанып өскен бала көргені мен түйгенін көрсетеді. Ата-анасының сенімін ақтап,еліне тірек болады. Сондықтан, жөн білетін кісіні үлкен де,кіші де сыйлайды-деп білемін.


Жанболатов Әділет-өте алғыр,білімді бала. өзінің алғырлығымен ерекшеленеді. Үйінің тұңғышы.

Ана

Ана,ана,анашым,

Бірге жүріп,күлімдеп.

Серуендеп күлеміз,

Бақытты ғұмыр кешеміз.


Әке

Әке деген қатал ғой,

Әке сөзі заңмен тең.

Жақсы көріп сені мен

Ардақтап өтем мәңгілік.


Алғашқы ұстаз

Менің алғашқы ұстазым Гүлнар апай, ұстазым маған білім,тәрбие,білімді болуға үйретті. Ұстазым менің екінші анам. Ұстаз бар жерде бәрі көркейеді. Осы өлең жолдарын ардақты ұстазыма арнаймын:

Айналайын ұстазым,

Білім нәрін ұғамын.

Ақылыңды тыңдап мен,

Биіктерге ұшамын.


Балалық шақ

Балалық шақ бақытты,

Қуанышқа бөледі.

Достарыммен қуанып,

Мәз боп жүргім келеді.


Түсіп Нұрзат-ақкөңіл бала. ән айтқанды,сурет салғанды ұнатады.

Әке

Әкенің орны бөлек. Әкеміз біз үшін еңбек етіп,тәрбиелеп өсіреді. Мен әкемді сыйлаймын,құрметтеймін. Мен әкемді мақтан етемін!


Оқушымын

Әліппені үйреніп,

Әріптерін теремін.

Әжем келсе,үйге

Әңгіме айтып беремін.


Тұяқбек Шыңғысхан-үйінің кенжесі. Әкесінің де анасының

аға-апаларының еркесі. Оқып,үйренуге деген ынтасы мол бала.


Ана

Анадан асқан ақылы терең адам жоқ. Түн ұйқысын төрт бөліп,маған өмір сыйлаған. Анамды меккеге арқалап апарсамда ақ сүтін өтей алмаспын Осы өлең жолдарын анашыма арнаймын:

Аяулы менің анашым,

Айналып сені жүремін.

Қайда жүрсемде сен сияқты,

Адамды таба алмаспын.


Ұстаз

Менің ұстазым өте білімді,сыпайы адам. Менің сыныптастарымызды қызығушылықпен білім деңгейін жоғары дамытуға тырысады. Біз ол

кісіні жақсы көреміз және сыйлаймыз.

Әр оқушы-әр басқа,

Әр қайсысы –бір әлем.

Тілін тапқан солардың,

Ұстаздай жан сірә кім?!



Біздің сынып

Менің сыныбым өзіме ыстық. Әрқашан бір-бірімзге көмектесеміз. Қиындықта әрқашан қол ұшын беремеіз.

Оқысақ егер жалықпай,білеміз достар бірінде,

Осы оқып білгенің,керек болар өмірде.


Ата-әже

«Ата» сөзі ұнайды,

«Әже» сөзі ұнайды.

«айналайын» дегенде

Бала көңілі босайды.


Қойшығарина Арайлым-үйінің тұңғышы,көркем сөйлеу

мәнерінің шебері,шығармашылыққа бейім. Мың бұралып қалай билейді десеңізші.


Әжем менің асылым

Әжем қазақтың өмірінің салт-дістүрінің көне көзі. Тіпті таусылмайтын кітап тәрізді. Қанша әңгімесін тыңдап,іс істеп үйренсемде үйренерім көп сияқты. Мысалы: қымыз пісу,қонақ көту,құрт қайнату,табақ жасау. Сонымен бірге салт дәстүр: шілдехана,бесікке салу,сүндет той,құда түсу ,сырға салу. Осының бәрі бір үлкен мектеп. Қазақта жүз рет естігенше бір рет көрген артық демекші әжем мен атамнан үйренерім көп. Әжем мен атам ұзақ жасаса екен деп тілеймін.


Анаға бас иемін

«Анаңды меккеге үш рет арқалап барсаң да парызыңды өтей алмайсың деген». Егер де анамыз болмаса осы жарық дүниені көрмес едім. Анам ақ сүтімен өсірсе,әжем адал еңбегімен өсірді. Менің үш анам бар: бірінші анам-жарық дүниені сыйлаған адам;екінші анам-Райгүл анам осы дүниеге келгеннен мәпелеп өсірген;үшінші анам-өмірдегі ең асыл адам әжем. Әлемдегі барлық балалар тәрізді менде ата-анам мен ғана бақытты бола аламын.



Табиғатта жаман кезең болмайды,

Әр мезгілде ерекше,

Табиғаты өзгеше.

Бәйшешектер бүр жарып,

Көктем келер құлпырып.

Одан кейін жаз келер,

Жасыл желек оранып.

Одан кейін күз келер,

Сары алтындай өніммен.

Қарын алып қыс келер,

Аппақ қарға оранып.



Қош бол бастауышым

Бастауышым балғын шақтың мекені

Білмеппін оның өтіп кеткенін.

Әр күн өтті қазақ пенен еңбекпен,

Жазу,сызу үйреткен,шебер еді ол неткен.

Қоштасар кез келді Гуля апаймен,

Қол бұлғаймын бастауышқа қимай мен.


Борашева Гүлмира- үйінің кенжесі,өте ақкөңіл,бауырмал,әжесінің кішкентай ерке қызы.

Мектебім

Мектебім менің мектебім,

Өзіңде өтті көп күнім.

Білім алып өзіңнен,

Биік шыңға жеттім мен.


Дос

Досың болса қасыңда,

Еш нәрседен қорықпа.

Сол себепті досыңның,

Болғаны қандай тамаша!



Талғатова Әмина-өте ұқыпты,шебер бала. Қолы бос кезінде моншақтардан түрлі зергерлік бұйымдар жасағанды жақсы көреді.

Ана

Сен аялап құрметте

Сыйлап,күтіп ананы.

Ана өмірге әкелген

Барлық жақсы баланы.

Жақсы болса баласы

Ана бағы жанады.


Менің сыныбым

Менің сыныбымда жиырма төрт бала. Әр бала өзінше дарынды. Он төрт қыздың бәрі сұлу да,гүлдей нәзік. Ал он ұлдың бәрі мықты да мұратты. Біздің ұстазымыз нәзік болса да,кез келген жағдайда бізді түсіне алады. Мен ұстазымды сыйлаймын және өмір бойы оны құрметтеп өтемін.


Картаева Махаббат- үйінің тұңғышы, әжесінің еркесі. Өте биязы,ұқыпты,оқып,үйренуге ынтасы мол бала.


Ана

Асыл анам ардақтым

Ақылшымыз ол біздің.

Аялап бізді өсірген

Мен анамды сүйемін.

Өзі сондай өнерлі

Аспаздардың аспазы.

Болшы қызым аман деп,

Жүреді әркез анашым.


Әке

Әкешім, сая бағым

Өзіңді саяладым.

Бізді қорғап жүреді

Қиындыққа төзеді.


Менің ұстазым

Менің алғашқы ұстазым Гүлнәр апай. Ол кісі біздің сыныпқа өзінің бар білімін үйретті. Менің ол кісіге алғысым шексіз. Ол кісі бізге тек қана қалам ұстатпай, бізді өнерге баулыды. Гүлнәр апайымды ешқашан ұмытпаймын.


Астана

Тұған жерім Астанам

Жұпар иіс аңқыған.

Өзі сондай көрікті

Арман қала,жас қалам!


Ата

Ақылшы атам бар менің

Жақсы көрем мен оны.

Үлкен жасқа келседе,

Көмек үшін береді.

Дос

Дос жан досым бар менің,

Аты болса Ақниет.

Көмек керек болғанда,

Әрқашан менің қасымда.


Жандильда Аят-үйінің тұңғышы,әкесінің ерке сұлуы. Көпшіл,ақкөңіл. Өте әсем билейді.


Әкетайым

Жүріп келем өзін салған ізбенен,

Бірге күліп қуанасын бізбенен.

Тұңғышымын әкемнің мен еркесі,

Жақын болар,әкесіне қыз деген.


Ана

Ардақты анам,аяулы анам қымбаттым,

Сен мен үшін асылым жан,қымбатсың.

Ақ сүт беріп,аяладың сен мені,

Ақ сүтіңмен анашым,еңбегінді,

Ақтауға мен дайынмын.


Туған жер

Туған жерім қасиетті мекенім

Мәңгілік сені жыр ғып өтемін.

Қайтсем ғана,туған жерім арым-ау,

Жетпейді саған асыл мекенім.


Ұстаз

Ұстаз білім анамыз,

Ұстазсыз қалай білім аламыз.

Әліппені үйреттіңіз әу бастан,

Мәңгі сізге қарыз болып қаламыз.


Қош бол сүйікті бастауышым

Қош бол сүйікті бастауышым,

Енді міне,биіктерге самғадым.

Сағынышпен есіме алып бастауышты,

Қимастықпен қол бұлғайды шәкіртің.


Денислам Әлінұр-үйінің кенжесі,өте салмақты, сабырлы бала.


Адамның бәрі бір-біріне қарыз

Адамның бәрі бір-біріне қарыз. Мысалы,мен өз ата-анама қарызбын. Оны,ақшамен емес,мыңдаған көйлекпен емес,біліммен қайтаруым керек. Сондықтан ата-анамның еңбегін ақтауым керек.


Анашым

Өмірдегі ең қымбатты,ардақты жан-Ана. Ананы сыйлау,құрметтеу,қадірлеу әрқайсымыздың парызымыз. Қуанышымызға бірге қуанып,қайғымызға ортақ болатын-ол біздің анамыз.

Анаың ақылын тыңдап,берген кеңесін бұлжытпай орындап жүрсек,онда тәрбиелі бала болып өсеміз.


Қош бол бастауышым

Бесіншіге барамын

Үздік оқушы боламын.

Апай берген білімін,

Сенімменен ақтаймын.


Сайлаубек Ақниет- үйінің тұңғышы. Әже тәлімін әрдайым жадында ұстап жүреді.

Әже

Асыл әжем ардақтым,

Асыл сөзді салмақтым.

Тәлім алған өзіңнен

Мен бақытты баламын.


Туған жер

Туған жерім, кең далам,

Пана болар ол маған.

Ата-баба қалдырған

Туған жерді ,

Қорғайтұғын мен болам.


Есентурлиев Ержан- өте салмақты,ақылды,адал бала.

Туған жер

Туған жерім тұғырым,

Шалғай кетсем сағынам.

Қымбат маған әр тасың,

Жайнай берші мекенім.

Әке –ана

Ыстық қой,әкем-анам

Өмір берген.

Адам бол,

Адал бол деп ақыл берген.

Ақтармын ата-ана

Сенімін мен.

Сіздер берген тәрбиемен.

Олжабеков Рахат-үйінің кенжесі,өте әзілқой бала.

Мектеп

Мектеп,білім ордасы

Қанша шәкірт түлеткен.

Өзіңде білім алып мен

Биіктерге жетем мен.


Тоқашева Ақнұр- өте ұқыпты,анасының көмекшісі,әкесінің сүйкімді қызы.

Отан

Отан дейміз кең байтақ жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз атамекенді,

Биік тау,орман,көлімізді.

Сабақтың тақырыбы:Бүгінгі шәкірт көгершін,

Болашағың көгерсің!


Сабақтың мақсаты:Білімнің қайнар көзі,бастау бұлағының бастауыштан басталғандығын ұғындыра отырып,білім ордасын,ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,ой қозғау.



Сабақтың барысы:



Ұйымдастыру: Ата-аналармен,оқушыларды топтастырып отырғызу.




Қызығушылықты ояту:

Бастауышым бастамам,

Білім жолын бастаған.

Көтеріп сені қолыма

Аттандым білім жолына!

« Бастауышым бастамам»-сөзіне ассоциациялар жазу.





алғашқы ұстаз әліппе оқулығы




балалық шақ Бастауышым білім бастауы

бастамам



достық,адалдық



Мағынаны тану:Ендеше,құрметті ата-аналар,оқушылар кеше ғана алғашқы мектеп табалдырығын аттағалы отырған балапандарыңыз бүгін де білім бастауы бастауышты аяқтағалы отыр.

Осыдан төрт жыл бұрын әр ата-ана баланы мектепке бастауыш сынып ұстазын кім болар екен,қалай болар екен,қалай оқытады,қалай үйретеді,білімді баламның санасына сіңіріп сенімді азамат,ұл-қыз етіп тәрбиелей алама деген ой талай мазалаған болар. Сәби кезінде тамағы тоқ,киімін көк еткенге қуанатын ата-ана алдында 6-7-ге толған жеткіншегінің болашағы,зор жауапкершілігі тұрады.

Міне,сол бір кездер сағымдай боп өте шықты.

Ьүгінгі сабағымыздың тақырыбын: «Бүгінгі шәкірт көгершін,

Білімімен көгерсін»-деп атауым тегін емес. Себебі алтын ұя бастауыштың әрбір қызықты,жылылыққа толы балалық балғын шағын айқындайтын қоштасар сәтте келіп жетті.


Ой толғаныс: Ендеше,бүгінгі сабағымызға осы төрт жыл ішіндегі ішкі сезімдерімізді,бүгін ортаға салайық

Оқушылар:

1-топ: Қош бол,бастауышым!-тақырыбына эссе

1 топтың жауабы

Мен өзімнің бастауышыммен қоштасамын. Бақытты балғын шақтың тез өтіп кеткенін сезбей қалады екенсің. Өнегеге, жазуға,оқуға үйреткен апайымызға көп-көп рахмет. Үлкен-үлкен биіктерге,бастауышымның,ұстазымның арқасында көтерілем. Әрине,бастау қиын болды. Бірақ,бастауыштың арқасында көп нәрсені үйрендім. Сол үшін бастауышты қимаймын. Міне,қоштасар күн де жетті. Қош бол бастауышым,сағынышым!

Ғазизбатыл Фариза

2-топ: Адамдардың бәрі бір-біріне қарыз.

2 топтың жауабы

Адамдардың бәрі бір-біріне қарыз деген рас. Мысалы,мен көптеген адамдарға қарызбын. Оның ішінде анама қарызбын. Анам өз сәбиі үшін ештеңені аямайды. Екіншіден әкеме табандылықпен қайраттылыққа үйреткендігі үшін қарызбын.

Ал, үшіншіден апаймы осы төрт жылда бар еңбегін бізге арнағаны үшін көп-көп қарыздармын!

Иманбалин Оразхан

Ата-аналар:

1-топ: Ең алғаш балаңызбен мектепке келген сәт,алғашқы ұстазбен кездескен кездеріңіз,алғашқы сезімдеріңіз.

1 топтың жауабы

Тұла бойы тұңғышымды мектеп қабырғасына,1 сыныпқа,білім табалдырығына аттату,ұстаздың жылы жүзін көру ерекше есте қалады.сол кезде көрген ұстаз бейнесі,яғни Гүлнәр Аманжолқызының бейнесі осы бүгін көргендей есімде... Дәл осы мінез,шаш үлгісі,сөйлеу мәнері т.б. Ең мықты ұстаз деп мақтап осы кісіге жақыным әкеліп еді,өкінбеймін. Ең алғашқы әсерім алдамапты.

Қойшығарина Арайлымның анасы-Гүлнәз.

2-топ: Осы төрт жыл ішіндегі ұстаз бен ата-ана арасында қарым-қатынасты қалай бағалайсыз.

2 топтың жауабы

Ұстазымыз Гүлнәр Аманжолқызына көп алғысымызды айтамыз. Ұстазымыз әрбір балаға өз баласындай қарап, еркелетіп, білімімен,өнерімен,мәдениетімен сонымен қатар тәрбиелей отырып білім нәрімен сусындатты.

Ал,ата-аналарға да алғысым шексіз. Балалары үшін қолдарынан келгенше қызмет көрсетті. Қандай мәселені болмасын бірге жиналып,ақылдасып,бірге шешетік. Әрине бұның бәрі «бауыр етің-балаң» үшін деп түсінемін.

Ұстазбен ата-аналардың қарым қатынастары жақсы дәрежеде болды деп бағалаймын.

Карбаева Алтынайдың анасы-Маржан


-Ал,енді құрметті ата-аналар оқушылардың сіздерге деген алғысы шексіз екендігін білесіздер. Балалар сол сезімдерін сіздереге видеоролик арқылы жеткізбек.

(бейнетаспадан оқушылар лебізі қаралды)



Қорытынды: Мына өмір арнасымен ағады,

Білімді жан әрқашанда бағалы.

Сіздермен бастауыштар қоштасып

Көгершіндей самғап қанат қағады.

Құрметті ата-аналар менің де сіздерге айтар алғысым шексіз. Осы жылдар ішінде сіздер менің білім беру жолында көмектеріңіз шексіз болды. Сіздерге көп-көп рахмет.

Бастауышта оқытқан шәкірттерім орта буынға ұшқан сайын ұстаз жүрегін тәтті қимастық,сағыныш, болашаққа деген сенім баурап ерекше күйге түсіреді. Әр төрт жыл сайын балаларымды орта мектеп ұстаздарына табыстар алдында ерекше толғаныста боламын. Менің балаларымды әрі қарай түсініп, бұларға сенім артып,нық қадам басып кетуіне септігін тигізерме деп әрине оған әріптестерім ренжімейді деп ойлаймын, бірақ бәрібір алаңдап,бір арнаға түскенше жаным тынбайды.

Сондықтан, шәкірттеріме бастауышта алған білімдерімен тәпбиелерін әрі қарай өмірде қажетіне жаратар деген сенімдемін.

Бүгінгі менің көгершіндерім,болашақтарың көгеріп,көктеп биікте самғаңдар деген тілекпен сабағымды аяқтаймын.

Сабақ соңында ата аналарға бағалау парағы таратылды.

1.Бүгінгі жиналыс сізге несімен ұнады,пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз.

Сабақтың ұйымдасып өткені ұнады. Екіншіден өзімізді бір сәтке оқушыдай сезінгеніміз үшін алғыс айтамын.

Талғатова Әминаның анасы

Сізге өте ризамыз. Аналар мен балаларға көңіл бөлгеніңізге ,балалардың өнерлері өркейіп,білімдері жоғарлай берсін.

Түсіп Нұрзаттың анасы








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11