400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сыныптан тыс жұмыс "Білім биіктегі тұғыр""

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға білімнің өмірде маңызы зор екенін қалыптастыру,ой-өрістерін кеңейту. 2)Шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен ойлау қабілеттерін дамыту.Іздемпаздыққа баулып,ұтқыр ойға,ұтымды жауап беруге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Білім-биіктігі алтын тұғыр.

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушыларға білімнің өмірде маңызы зор екенін қалыптастыру,ой-өрістерін кеңейту.

2)Шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен ойлау қабілеттерін дамыту.Іздемпаздыққа баулып,ұтқыр ойға,ұтымды жауап беруге дағдыландыру.

3)Білімді,білікті ұрпақ тәрбиелеу.

Ұйымдастыру барысы:

Психологиялық дайындау.

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,

Құрметпен сіздерге,бас иеміз біз.

Мұғалім: Құрметті Мұғалімдер,оқушылар!

Бүгінгі ұрпақ-халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі .Оқушылардың білімнің өмірде маңызы өте зор екенін қалыптастыратын,ой-өрісін кеңейтіп ,білімді ұрпақты анықтайтын және білімге қызығушылықтарын арттыратын «Білім-биіктегі алтын тұғыр»атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

-Балалар ,сайысымызды бастамастан бұрын мына сұраққа жауап беріп көрейікші.

Білім дегеніміз-күш,

Күш дегеніміз-білім.(Ф.Бэкон)

-Ал білімді болу дегеніміз не?

1оқушы Білімді болу бәрінен бұрын адам болу деген сөз.Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.

2 оқушы Білім-бұл қолдағы шырақ.Адамның санасы-түбі жоқ теңіз,ал білім теңіз түбіндегі інжу-маржан,гаухар тас.Білім адамға оңайлықпен түспейді,оны меңгеру үшін көл-көсір өлшеусіз әрекет ету керек.

3 оқушы Білім әрқашан керек.Ол тоңғанда киім,ашыққанда тамақ,әлсірегенде қуат.

4 оқушы Білім- адамның серігі,өмірлік жолдасы.Адам өзінің барлық керегін,ой- арманын,талап -тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.

5 оқушы Білімдіге қашанда төрден орын тиеді.Білімді болсаң ғана қоғамнан лайықты орныңды тауып,атың әлемге тарайды.

Мұғалім- Өте жақсы, балалар.Ал енді балалар, білім артық па,жоқ әлде дүние-байлық артық па?Осы сұраққа жауап берейікші.

6 оқушы Білім артық.Себебі ,білім сені асырайды.ал дүниені сен асырайсың.

7 оқушы Білім артық.Өйткені білімін көп болса досың да көп болады,ал дүниең көп болса,дұшпаның көп болады.

8 оқушы Білім артық.Білімің көп болса,сені құрметтеп сыйлайды,ал байлығың асса саған қызғанышпен қарайды.

9 оқушы Білім артық.Білімді көп жинасаң,оны қанша заман сақтасаң да іріп-шірімейді,ал дүние-малды көп жинасаң,оның азабы да көп,шіріп бүлінеді.

Мұғалім

-Дұрыс,айтасыңдар,бәрінен де білім артық.Білім-ол биіктегі қол жетпейтін тұғыр .Енді білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызбен сайысымызды бастайық.

Сайыс жоспарымен танысу

1.Топты таныстыру.

2.Біліміңді мықта!

3.Мақал-сөздің мәйегі.

4.Ұшқыр ой.

5.Тапқыр болсаң,талас жоқ.

6.Тездет,бірақ қателеспе.

1 сайыс.Таныстыру

Топтың аты,ұраны

Топтың аты:Ұлан

Ұраны: Біз білімді баламыз,

Өнер мен білімге құштармыз.

Болашағы еліміздің

Біз білімді ұланбыз.

Қыран тобы:

Ұраны: Біз білімді баламыз,

Оқып білім аламыз.

Қыран атты тобымыз,

Биік шыңға барамыз.

2 сайыс. Біліміңді мықта!

1.Бес дұшпанды ата.

2.Үш биді ата.

3.Қазір қазақша қай жыл?

4.Сені өмірге әкелген мейірімді жан.

5.Жеті атаға кімдер жатады?

6.Қ.Р. Тәуелсіздік күні қай күн?

7.Бес асыл істі ата.

8.Апта күндерін ата.

3 сайыс.Ұшқыр ой

Қу түлкі далада жортып келе жатса,көп балыққа кез болыпты.Түлкі қатты қуанады.Оны қасқыр көріп қалады.Ол балығының жартысын сұрайды,бермесе “өзіңді жеймін” дейді.Сонда түлкі келісіп,балықты бөле бастайды.

“Біреуі саған,екеуі маған,үшеуі саған,төртеуі маған,бесеуі саған,алтауы маған,жетеуі саған,сегізі маған,тоғызы саған,оны маған дейді.Сонда кімнің балығы көп екен?

Рисунок 17 Рисунок 16 Рисунок 15

Поездың 7 вагоны бар.Бір бала басынан санағанда 4-ші вагонға отырады. Ал екінші бала соңынан санағанда 4 вагонға отырды.Олар бір вагонға отырды ма?Әлде әр түрлі вагонға отырды ма?

4 сайыс.Тапқыр болсаң,талас жоқ .

А)Сағатты тең 6 бөлікке бөлу керек.Әр бөліктің қосындысы бірдей болу керек.

Ә)Бұтақтағы шиелерді үзіп алмай 3 балаға тең бөліп беру керек.Бір бала неше шиеден алады?

5 сайыс. Мақал-сөздің мәйегі

«Ұлан» тобы

1.Оқу инемен ... ... .

2.Білекті бірді ... ,

Білімді мыңды ... .

3. ... -тозбайтын тон,

... –таусылмайтын кен.

4.Күш-білімде,

Білім- ... .

«Қыран» тобы

1.Оқу-білім ... ,

Білім-өмір ... .

2. ... білім жоқ,

... күнің жоқ.

3.Ғылым таппай ... ,

Орын таппай ... .

4.Асық ойнаған ... .

6 сайыс.Тездет,бірақ қателеспе.

Қазақстан,болашақ сөздерінен жаңа сөздер құрастыру.

Сайысты қорытындылау,жеңімпаз топтарды марапттау.

Садыкова Замзагул Калдыбаевна,

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы,

Бидайық ауылы,

Бидайық жалпы орта білім беретін мектебі.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі