Материалдар / сыныптан тыс жұмыс. Білімді ұрпақ –ел тірегі 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сыныптан тыс жұмыс. Білімді ұрпақ –ел тірегі 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімдерін ортаға сала отырып, білімділікті достарына да үлгі ету; Өз ұлтының тарихын сүюге, дамытуға қорғауға тәрбиелеу және саралай білетін саналы азамат етіп қалыптастыр;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
643
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайыстың тақырыбы: Білімді ұрпақ –ел тірегі

Сайыстың мақсаты:

Оқушылардың білімдерін ортаға сала отырып, білімділікті достарына да үлгі ету;

Өз ұлтының тарихын сүюге, дамытуға қорғауға тәрбиелеу және саралай білетін саналы азамат етіп қалыптастыр;

Сайыс сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Барысы:

1.Ұйымдастыру:

Сайыс ережесімен,кезеңдерімен таныстыру

ІІ.Кіріспе

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!

Белгілі физик Иссак Ньютон дүниеден өтер шағында былай деген екен. «мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай асыл тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым.Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама деген екен.Сонда сөзінен осыншама жиған білімін кішкене ғана асыл тасқа теңеп тұрғанын байқауға болады.Білім адамның ақылын қозғап тұратын керемет күш дейтін болсақ,шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана екен ,оның орнын тауып қолдана білсек қана күш қайратқа ие боламыз.

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты шәкірттеріміз болашақта білімімен елімізді дамытатын ,көркейтетін, әлемге танытатын азамат болуға үлестерін қоса отырып, барлық оқушыны білімділікке шақыру.Әрбір ұрпақ білімді болып, ел тірегі болуға лайық.

Қатысушыларымызды қима қағаздар арқылы топтастыру.

1-топ жігер

2-топ сұңқар

3-топ тұлпар

4-топ жалын

5-топ болашақ

Ал, бар жігерлеріңді жинап, сұңқардай шарықтап, жалындай жалындап, тұлпардай жүйріктікпен болашақтың білімді ұрпағы екендеріңді көрсете біліңдер.

Ұлт тірегі білімді ұрпақ қолында,

Ізденіңдер білім алу жолында.

Еліңді сүй,жеріңді сүй, құрметте,

Бүлдіршіндер алау оттай жалында- бүгінгі сайыста барлықтарыңа да сәттілік тілей отырып, сайыс кезеңдерімен таныстырайық.

1. «Ұшқыр ой» қазақ тілі,ағылшын, орыс тілінен

2. «Ғылымға саяхат» дүниетану пәнінен

3. «Ғажайып бестік» әдебиеттік оқу

4. «Ойлы болсаң» математика пәнінен

Негізгі бөлім

Тіл өте маңызды құрал.Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі жаһандық экономикамызға ойдағыдай кірігу тілі.Яғни еліміздің кереметтей тарихын әдет ғұрпын т.б ойымызды еркін нақты жеткізе алу үшін тілді білу өте қажет. Сондықтан мемлекеттік тілді дамытамыз,орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз деген ұранмен алғашқы турымызды бастаймыз.

«Ұшқыр ой» кезеңінің шарты.қазақ тілінде жұмбақ беріледі.Жұмбақтың шешуіне 1ұпай, орыс тіліне аударса1 ұпай ағылшын тіліне аударса 1 ұпай, егер орыс не ағылшын тілінде сөйлем құрап бере алса 3ұпай тағы қосылады.

1.Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.

2.әттең даусым, тілім жоқ,

Құшағында білім көп

3.Екі аяқты, бір басты,

Жүгіреді тым қатты

4.Қатар –қатар ақ күріш

Тұрған жері қақтығыс

2. Табиғатың құпиясы тұңғиық

Көз жетпитін мұнарасы тым биік

Білген сайын сырын оның жүреміз,

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып. «Ғылымға саяхат» дүниетану пәнінен

Берілген тақырыпта үш мәлімет айтылса 1 ұпай, одан жоғары мәлімет айтылса 2ұпай

3. «Ғажайып бестік» әдебиеттік оқу пәнінен таңдаған ұяшық сұрағына жауап берсе ұпай саны өзінде қалады.

1.Суретке қандай мақал айтуға болады?

2.суретте ертегінің қай тұсы бейнеленген жерім әңгімелеп бер

3.Сурет жауабы болатын жұмбақ айт

Хроника:

1. Ы.Алтынсариннің өмір сүрген жылы(2.11.1848 - 29.07.1889жж)

2.Ш.Құдабердіұлының өмір сүрген жылдары (1858-1931жж)

3Қаз дауысты Қазыбек бидің өмір сүрген жылдары (1667-1763жж)

Өлең сөздің-патшасы

1.Бұл кімнің өлеңінен үзінді?

Күнім,айым,

Еркетайым,

Бөлейін енді.

Тыста дауыл,

Жатқан ауыл

Ұйқың да келді.

2.Қай бидің шешендік сөзі

Алтын ұяң *Отан қымбат,

Құт-берекең –атаң қымбат,

Аймалайтын –анаң қымбат,

Мейірімді- апаң қымбат,

Кіндік кескен- жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат.

3. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айтып бер

4. М.Мақатаевтың «Отан» өлеңін жатқа айт

4. «Ойлы болсаң» математика пәнінен логикалық есептер қойылады.

Әр дұрыс жауапқа 1ұпай

Сұңқар тобына:

1.Әлия 4 жаста, Данияр одан 2 жас кіші, ал Санжар мектепке барады.Балалардың ең үлкені қайсы? Ең кішісі ше?

Ең үлкені Санжар, ең кішісі Данияр

2. Қоймада 16кг, 17кг, 40 кг-қ жәшіктерде шегелер салынған. Жәшіктерді ашпай- ақ 50кг шегені сатып алуға бола ма?

16+17+17

3.Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5

4.Екі бала домбырамен, ал біреуі сыбызғымен ойнап отыр.Ұлан мен Серік әртүрлә аспаппен ойнап, Мұрат пен Серік бір түрлі аспаппен ойнаған болса, Ұлан немен ойнады? сыбызғы

5.Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?4

6.Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 1

7.Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? 3 теңгесін алып қалады

8.Қоянның үйінен құдыққа дейінгі жер 30 метр.Ол бір шелек су әкелу үшін неше метр жерді жүріп өтуі керек? 60 метр

9.Назым, Майра мен Майгүл үшеуі роза,жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Майгүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.Майгүл роза гүлін, Назым түймедақ, Майра жауқазын гүлін алды.

10.Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен.Кім үлкен? Әнуар

Қорытынды

Еліміздің 30 елдің қатарына кіру білімді ұрпақтың қолында екені мәлім.Сондықтан білімді ұрпағымыз көбейе берсін деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!