Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Білімділер додасы"

Сыныптан тыс жұмыс "Білімділер додасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
т
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
598
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Білімділер додасы»Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлауын дамыту, білімдерін жетілдіру, ұжымдық қарым - қатынасын нығайту, пән аралық байланысты ұштастыру, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу. Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5 – 6 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Білімділер додасы » интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Сайысымыздың әділ төрелері:1.2.Жүргізуші: Ойын толық, айналған қатты ағысқаТабылғандай танымда, жат дауыс та.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.Ойын толық жатқандай асып, тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып-.дей келе сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!1- Топ «Алғырлар»-5 сынып



2- Топ «Тапқырлар»- 6сынып

Жүргізуші:Ендеше байқауымыздың турлары:I тур .Таныстыру.II тур.Білімің тірегің.III тур. Тапқыр достар.(геометриялық фигуралардан бейне жасау).ІV тур. Мақал-мәтел математикада. V тур. Жұмбақтар.ҮІ тур. Капитандар жарысы.ҮІІ тур. Білгенге маржан.Жүргізуші:Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңынаҰқыптылық пен зеректік,Жеткізер сіздей өрендіМатематика сырына Қадамдарың оң болсын!Сәт- сапар енді тілелік:Ендеше 2- турымызды басталық!ІІ-ТУР. Білімің тірегің.1.Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сандар қалай аталады? (аралас сан.)2. Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады? (дұрыс бөлшек ) 3 . Еменде үш бұтақ бар, әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)4. Нольге және жұп цифрларға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сан)5. Өзіне және бірге бөлінетін сандар (жай сандар) 6. 62 -6=? (56)7. 25% санның қандай бөлігі? (1/4)8. Бірдей үш цифрмен жазылған сан 3- ке де , 37-ге де бөлінеді. Ол қандай сан? (111 )9. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісіру үшін неше минут қажет?(4 минут)10. Нанды үш бөлікке бөлу үшін нанды неше рет кесу керек? (2 рет)2-топ1.Ең кіші үш таңбалы сан? (100)2.Минуттың 1/60 бөлігі? (секунд)3.Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? (кесінді)4.Қолымызда 10 саусақ бар?. 10 қолда қанша саусақ бар? (50)5.Шеңбер салуға арналған құрал қалай аталады?(Циркуль)6. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр)7.Белгісіз санды әріппен белгілеген теңдік қалай аталады? (Теңдеу)8.Санды қандай санға бөлуге болмайды.(нөлге)9.Ең үлкенекітаңбалы сан.(99)10.Жазығқы бұрыштың өлшемі.(180)III тур. Тапқыр достар.(геометриялық фигуралардан бейне жасау)Жүргізуші:Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарарБәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз!ІV тур. Мақал-мәтел математикада. Жүргізуші: Дана халқымыздың ең ежелгі де, аса бай мәдени мұрасы-мақалдар мен мәтел сөздер.Бұл қайнар көзі өмір бақи суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып, жаңара беретін, әр заманның талап-тіршілігін, мәдени қалыптарын, тілге нәр, сөзге ерекше әсемдік пен ұтымдылық құятын үлкен байлық. Ендеше біздер де сандарға байланысты мақал-мәтелдерді айтып көрелік./ әр команда кезек-кезек бірінің айтқанын басқасы қайталамайтындай айтып шығады/V тур. Жұмбақтар.Мәңгі бақи есте қалар ,Ғажайып бір сайыс болсын!Білімдірек шәкірт озар Қиынырақ сұрақ болсын!1 – жүргізуші:Жұмбақ-халық поэзиясының нақты небір затты немесе құбылысын тұспалдап айтатын және шешушінің алғырлығын сынайтын қысқа жанры. «Жұмбақ- жақсы жымдасқан метафора» -депті Аристотель. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де кездеседі, ендігі кезекті жұмбақтарға береміз.ҮІ тур капитандар жарысы:«Алғырлар»1. 1 сағатта неше минут бар?(60)2. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)3 .Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)4. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)5. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)6 . Азайту амалының компаненттерін ата?(азайғыш,азайтқыш,айырманыі мәні)7. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)«Тапқырлар»1. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)2. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)3. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қоссамыз)4. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)5. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)6. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)7. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)ҮІІ тур «Білгенге маржан»Математика – сөз құрауЖүргізуші:Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Женімпаздарды марапаттау үшін ортаға әділ қазыларды шақырамыз.Көрермен жиналған бұл тамашаға,Құрқарап жай отыру жараса ма?Туыс,досқа,сыныптас,танысқа емес,Соқ қолыңды білімді жас талантқа!Алдарыңызда жайнаған шәкірттерСіздермен кездесеміз біздер әлі.Әділ қазы, көрермен, сау тұрыңдарКүтеді бізді жарқын күндер әлі.Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Қош-сау тұрыңыздар!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ