400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. "Білімділер мекені" интелектуалдық сайыс 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың интелектуалдық қабілеттерін шыңдау. 5 сынып оқушыларының математика, қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен білімдерін бағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Білімділер мекені

Мақсаты: 5-сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, топта жұмыс істеуге үйрету, интелектуалдық қабілеттерін шыңдау.

Әдісі: интелектуалдық сайыс

Көрнекілігі: слайдтар, таратпа материалдар

Барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, "Білімділер мекені" сайысына қатысушылар және жанкүйерлер!

-Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда- дей отырып, сайысымыздың бүгінгі қатысушыларын ортаға шақырайық!

Алдымен сайысқа қатысушыларды топқа бөліп алайық.

5 ойыншыдан 3 топқа бөлеміз.

Сайыс жоспары:

1. Топтың аты, топбасшысы, ұраны, қысқаша таныстыру.

2. Бәйге ( топбасшысы ойланбай, тез 10 сұраққа жауап береді).

3. Көкпар ( әр топқа жұмбақ қойылады, топ жауап бере алмаса, басқа топтар жауап берулеріне болады).

4. Ғажайып төрттік (сұрақтың тақырыбын сұрақтың нөмірін топ өздері таңдайды)

5. Сиқырлы сандық ( ребус шешу)


ІІ. "Бәйге". Блиц сұрақтар:

І топбасшыға

1. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)

2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс)

3. Қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы, ұстаз кім? (Ы. Алтынсарин).

4. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров).

5. Қағаз неден жасалады? (ағаштан).

6. Емен, қайың, терек өсімдіктердің қай тобына жатады? (ағаштар).

7.Қазақ тіліне тән дыбыстар саны (9).

8. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын (Абай Құнанбаев)

9. Жерге жақын жұлдыз (күн)

10. Жыл басы не? (тышқан)

ІІ топбасшыға:

1. 1 км де неше метр бар? (1000)

2. Бөлгіші екіден көп сан қалай аталады? (құрама)

3. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері (Ю. Гагарин)

4. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)

5. Абайдың әжесі (Зере)

6. Орман дәрігері аталатын құс (тоқылдақ)

7. Ең алып сүтқоректі (көк кит)

8. Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

9. Қалталы аң (Кеңгіру)

10. Зат есімнің сұрақтары (кім ?, не?)


ІІІ топбасшыға:

1. Бір жылда неше күн бар? (365)

2. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

3. Жердің серігі (Ай)

4. Абайдың анасы (Ұлжан)

5. Ең кішкентай құс (Калибри)

6. Бүгін аптаның қай күні (сенбі)

7. Неше септік бар? (7)

8. Қасқырдың баласы (бөлтірік )

9. Уақыттың жылдамдыққа көбейтіндісі (қашықтық)

10.  Мойны ұзын жануар (жираф - керік)


ІІІ. "Көкпар". Жұмбақтар:

1) Асқар тауда, 
    қара орман.       (шаш — волосы –hair) 
2) Қимылдаса қос шебер, 
    Қыруар –қыруар іс өнер  (қол – рука –  hand)

3) Жүзіне салсаң көзіңді,

    Көрсетеді өзіңді.           (Айна-зеркало-mirror)


ІV. Ғажайып төрттік.

Математика.

1. 16 саны 2 санының қандай дәрежесі? (4)

2. 0,1.2,3,4,5,6,7,8,9 сандары берілген. Қайсысы үлкен қосындысы ма, көбейтіндісі ме? (қосындысы)

3. Бөлмеде 5 май шам жанып тұр. Екеуін өшіріп қойса нешеуі қалады? (2)





Қазақ әдебиеті.

1. Абай өлеңіндегі 5 асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

2. Ертегідегі Кендебай кімнің баласы, қай жерді мекендеген? (Казанғап атты кедейдің баласы, Қарасудың бойын мекендеген)

3.Қобыланды батырдың тұлпарының аты (Тайбурыл)


Тарих

1.Ежелгі тас ғасыры қалай аталады? (полеолит)

2. Сақтардың патшайымы кім? (Тамирис)

3.Ғұндардың императоры кім? (Еділ-Атилла)


V. Сиқырлы сандық . Ребустар.

Қорытынды. Әділ қазыларға сөз беру. Сайыс қорытындысын шығару. Оқушыларды марапаттау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
920
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі