жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс жұмыс "Біз мектепке барамыз"
Біз мектепке барамыз.
/ертеңгілік/
Мақсаты:
Оқушылардың жыл бойғы алған білімдерінің,
үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,
сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейту.
Отан сүйгіштікке, имандылыққа,өнерлі
болуға тәрбиелеу.
(Сынып бөлмесі мерекеге сай шарлармен, қанатты сөздермен,суреттермен безендіріліп, көңілді әуен орындалады,ортаға тәрбиешілер шығады)
Тәрбиеші Жанат:
Армысыздар,ардақты ата-аналар,ұстаздар!Мектепалды даярлық сыныбының «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Тәрбиеші Гүлназ:
Кеше ғана кіп-кішкентай болып мектепалды даярлық сыныбының партасына отырған кішкентай ғана балапандарыңыз бүгін міне, бір жасқа өсіп, мектептің бастауыш сатысына аттанғалы отыр. Даярлық сыныбында барлық әріптер мен сандарды танып, сөздерді оқып, партаға отыруды үйренді, оқушы болуды сезінді.
Тәрбиеші Жанат:
Бүгін міне, сол кішкентай бүлдіршіндеріміз мектеп атты кемеге отырып, білім теңізіне бет алды. Олай болса, кішкентай ғана даярлық бүлдіршіндеріне сапарларына сәттілік тілей отырып ортаға шақырып, өнерлерін тамашалайық!
Тәрбиеші Гүлназ:
Сыныбымның өжет әрі алғыры,
Жарқырайды жандарының ақ нұры.
Қарсы алыңыз келе жатқан күлімдеп,
Даярлықтың Гүлімі мен Қызыры
/қол ұстасып ортаға шығады/
Тәрбиеші Жанат:
Сыныбымда үлгілі олар оқушым,
Оқу менен білімге арнар бар күшін.
Келе жатқан қол ұстасып алдыңа,
Тәртіпті Ернұр, өжет қызым Талшыным.
Тәрбиеші Гүлназ:
3.Талаптары таудан биік бойында,
Үздік болу келешекте ойында.
Тазалықты сүйетұғын жандары,
Қол соғыңыз Ғани менен Кәусарға.
Тәрбиеші Жанат:
4.Бірі өнерлі сыныбымның әншісі,
Бірі спортшы ағасындай мол күші.
Ислам мен Раянам міне, алдыңда,
Қуаныштан шалқи түссін ақ жүзі.
Тәрбиеші Гүлназ:
5. Егіз қозы бір-бірінен қалмайтын,
Болашақта білім жолын жалғайтын.
Жазса жазу маржандай қып тізетін,
Ортаңызда егіз Асыл мен Айым.
Тәрбиеші Жанат:
6. Екеуі де еркетотай өренім,
Еркелетіп жанын нұрға бөледім.
Айтолқыным бетке ұстары сыныптың,
Мейірланым көтерер сынып беделін.
Қошаметтеп шақырайық ортаға
Көрсетсінші қонақтарға өнерін.
Тәрбиеші Гүлназ:
7.Болашақта биіктерден көрінер,
Жүздерінен шуақ нұры төгілер.
Тиянақты ,алғыр қызым Айзере,
Әлібиім спортта алдан көрінер.
Қол соғыңыз қос бүлдіршін келіп тұр,
Көрерменнің пейіліне бөленер.
Тәрбиеші Жанат:
8.Отбасында өнерлілер жиналған,
Әкесіндей әнші қызым ол Тоғжан.
Ернарым ол тойған қозы секілді,
Томпиып бір отыратын момақан.
Ортаңызға қол ұстасып келіп тұр,
Қошаметпен соғыңыздар алақан.
Тәрбиеші Гүлназ:
9.Ата-анаға қолғанат боп ержетер,
Іс-қимылы ширақ бала ол Досжан.
Толғанайым салмақты әрі білімді,
Келешекте биші болар бұралған.
Қазағымның көкке туын көтерер
Болашақта спортшы шығар Ернардан.
Келді міне, ортамызға оларда,
Құр қол емес үшеуі де өнерден.
Тәрбиеші Жанат:
10. Бәйгелерден озып шығар тұлпарым,
Биіктерден көрінетін сұңқарым.
Қос ұлым бар алғыр, әрі талапты,
Айдос және Сырымұлы ол Дарын.
Айтқанымның шындығына сеніңіз,
Өнерлерін тамашалап көріңіз
Тәрбиеші Жанат:
12. Айтайын мен қара сөзден жыр тере,
Сүйсінейік жақсылықты біз көре.
Болашақта жақсы оқушы боп шығар
Алдыңызда Дарыным мен ол Зере.
13. Мінездері балаға тән байсалды,
Гүлдей болып ортамызда жайқалды.
Қошаметтеп қарсы алайық ендеше,
Біздің алғыр Әнуар мен Кәусарды.
/даярлық балалары қол ұстап,гүл ұстап сахнаға шығады/
Тәрбиеші Гүлназ:
Ендігі кезекте даярлық сыныбының сіздерге дайындаған шағын ертеңгілігн тамашалаңыздар!
/ортаға Қызыр,Гүлім, Ернұр,Талшын шығады/
Гүлім:
Құрметті қонақтар, армысыздар
Бәріңізде есен сау бармысыздар
Бүгінгі күн біз үшін ерекше күн
Төгілсін төрімізде ән мен жырлар
Қызыр:
Қазақпыз өр намысты жанап келген
Қонағына төрінен орын берген
Ассалаумағаликум, жиылған жұрт
Тойымызға бүгінгі арнап келген
Біз балдырған бөбекпіз өсер елдің
Арманымды биіктен жетеледім
Әріп танып азамат болдым міне
Елдігімнің көк туын көтеретін
Талшын:
Сіздермен қуанамыз біз әрдайым,
Бүгін мен жүрегімнен жыр арнаймын.
Оқыдық,білім алдық,әдепті боп,
Сондықтан 1-сыныпқа біздер дайын.
Қабанбай мынау менің өр мекенім,
Мен ұрпақ ел ертеңін өрлететін.
Төгісовтей алтын ұя, ақ ордамда,
Білім ап саналы боп ержетемін.
Ернұр:
Құтты болсын ата-ана тойларыңыз,
Орындалсын ақ ниет ойларыңыз.
Тамашалап қол соғып,шаттаныңыз,
Балашыңмен біздердей мақтаныңыз.
Өтті міне, ойымыз,бойымыз да
Қош келдіңіз қоштасу тойымызға.
Әріп танып,адам боп шықтық міне,
Ақ батаңды беріңіз жолымызға.
/Жүргізушілер орындарына барып тұрады, оқушылар хормен
Құтты болсын тойымыз!/деп айтады да гүлдерін ата-аналарына беріп орындарына келіп отырады.
Жүргізуші:
Басталсын қуанышты күнің бүгін,
Желпісін тамылжыған шуақты үнің.
Раяна ашсын әсем әніменен,
Бүгінгі кешіміздің шымылдығын!
Ән:Рахымбекова Раяна /әннен соң/
/Бір сайқымазақ бір сайқымазақты итеріп келеді./
1-сайқымазақ:
-Бармаймын ,мектепке бармаймын,оқығым келмейді/бұртыйып,қырсығып әрез келеді.
2- сайқымазақ:
- Неге бармайсың, оқып білім алмасаң, түк білмейтін надан болып қаласың ғой. Жоқ барасың-деп итеріп әкеп отырғызып маңдайының терін сүртіп
–Уһ, шаршап кеттім ғой-деп жерге отыра кетеді.
1- сайқымазақ жан- жағына қарап қасындағы бірінші сайқымазақты жұлқылап,
- Досым,досым мына кереметті қара ,біз қайда келдік, неткен тамаша, балаларда әдемі киініп алыпты,бұлар қайда барады?-дейді.
2- сайқымазақ:
-Бұл бір жыл бойы білім алып, даярлық сыныбының бағдарламасын толық меңгеріп, бойлары да, ойлары да бір жасқа өскен мектепалды даярлық сынып балалары. Олар өз ұзтаздарын мұқият тыңдап әріптерді де, сандарды да үйреніп,өздері оқып,есеп те шығара алады. Би де билеп,ән де айта алады.Енді олар даярлық сыныбында білім берген ұстаздарына алғыс айтып, мектепке барып үлгілі де білімді оқушылар қатарына қосылуға кетіп барады.
1- сайқымазақ таңданып
-Солай ма, қандай керемет! Бірақ сен өтірік айтасың өздері кіп кішкентай бола тұра бәрін біледі дегенге мен сенбеймін. Сен мені алдап тұрсың ғой.
2-сайқымазақ:
-Жоқ, досым мен сені алдап не қыламын, сенбесең өздерінен сұрайық.
Балалар сендер қайда кетіп барасыңдар? /мектепке/
Мектепке неге барасыңдар? /Білім алуға/
Сендер әріптерді,сандарды білесіңдер ме? /Ия білеміз/
Ендеше айта қойыңдаршы, Отан сөзі қандай дыбыстан басталады? /О дыбысынан/
О дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па? /дауысты/
Мектеп сөзін буынға бөле қойыңдаршы /Мек-теп, 2 буын/
Біздің елбасымыз кім? /Н.Ә.Назарбаев/
Біздің Отанымыз қалай аталады? /Қазақстан/
Мектебіміз кімнің есімімен аталады? /Көлбай Төгісовтің/
Мемлекеттің туымыздың түсі қандай /көк/
Сандарды санай аласыңдар ма, қане санап көріңдерші?/ 10 ға дейін санайды/
Сандарды орыс және ағылшын тілінде санай аласыңдар ма? /екі тілде санап береді/
4 ке 4 ті қоссам неше? /8/
8ден 5 ті алсам қанша? /3/
Сандар туралы тақпақ айтып бере аласыңдар ма?/сандар туралы тақпақтарын айтады/
Сандар әлемі:
Кәусар: (1 саны)
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрмын
Асыл: (2 саны)
Бірден кейін тұрамын
Бірден кейңн тұрағым
Бірді-бірге қосқанда
Мен боламын шырағым
Толғанай: (3 саны)
Екіден соң әрқашан
Үш саны мен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын
Қызыр: (4 саны)
Үш сызықтан таяғым
Оқушылар қояды.
Төрт дегенім баяғы
Төрт түліктің аяғы
Айзере: (5 саны)
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Санашы бір қолыңның саусағын
Оңай табасын бесті
Жарайсыңдар! Өте алғыр екенсіңдер! Көрдің ғой ,досым! Кіп кішкентай болсада бұл балалар бәрін біледі.
1- сайқымазақ:
-Ия, сен дұрыс айтады екенсің.Шынымен білімді балалар екен. Менің де мектепке барғым келіп кетті. Балалар сендер мені де өздеріңмен мектепке ала кетіңдерші, а ?! Менде сендер секілді білімді болғым келеді.
2- сайқымазақ :
Балалар, сендер менің досымның білім алғанын қалайсыңдар ма?/Ия/
Олай болса, оны өз орталарыңа алып білімдерің мен өнерлеріңді оған да үйретіңдерші./Жарайды/
Сайқымазақтар: Ендеше, қане көңілді пойызға отырып,сергіп қайтайық.
/ «Паравозик чух, чух ,чух» музыкасы қосылады/
/Екі сайқымазақ балаларды арттарынан ертіп, бір айналып шығып кетеді./
Жүргізуші:
Өнерлі отбасының өрендері,
Қуанар талабына көрермені.
Болашағы жұлдыздай жарқырасын,
Нұрын шашсын жақұттай тереңдегі.
Бектасқызы Тоғжанды қарсы алыңыз,
Жылылыққа бөлесін ән әуені.
Ән:Бектасқызы Тоғжан
Жүргізуші:
Даярлықта әнші де ,биші де бар,
Қуансын төрімізде ата-аналар.
Мың бұралған биімен сән түзесін,
Қызғалдақтай қыздарым біз мақтанар
Би: «Домбыра»
Гүлім,Айзере, Толғанай, Кәусар,Айым
Жүргізуші:
Ашық жарқын мінездері тамаша,
Оларменен қуанамын балаша.
Ақ жүрегін ақтарып сап тұрады,
Періште олар жүздеріне қараса.
Ақ лебізін өлең етіп өреді,
Жасқылықтың дүрмегіне ереді.
Қошаметтеп қарсы алыңызқуанып,
Сіздерге олар тақпақ айтып береді.
Тақпақ:
1
- оқушы Раяна
Айтып
шаттық өлеңін,
Алақай
дер күн бүгін!
Басамыз
алға бір қадам,
Арқалап
ұстаз сенімін.
Даярлықпен
қоштасып,
Оқулықпен
достасып.
Үлгілі
шәкірт боламыз,
Дәл осылай топтасып
2
– оқушы Ислам
Оқимыз,
білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Бір
жасқа өсіп жасымыз,
Біріншіге
барамыз
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы
адам боп шығамыз
Біздер үшін
шаршаған,
Ұстазым, сізге мың алғыс!
3
- оқушы Айтолқын
Үлкендердей
тап - таза,
Жазамыз
бормен тақтаға.
Үлгілі
бала боламыз,
Жүретіндей
мақтана.
Қаламды
ұстап жазуды,
Сандарды
қосып, алуды
Үйретті
бізге ұстазым,
Әдепті
бала болуды
4
- оқушы Мейірлан
Партаға
отырып, жазуды, сызуды
Кірсе
ұстаз есіктен, орныңнан тұруды
Әндерді
жаттауды, әдепті сақтауды
Үйретті
біздерге ұстазым мақтаулы
5-оқушы Тоғжан
Анамыз деп сізді
еркелеп
біз келдік
Қателік
жасадық,
көрсеттік
тентектік.
Бәрінде
кешірдің,
жыласақ
жұбаттың,
Бір
күліп, бір жүріп
біздерді қуанттың
Біз сізге қарызбыз
Әрдайым мұғалім.
6-оқушы Ернар
Өсті
ой мен санамыз,
Біздер
алғыр баламыз.
Әке,
ана деп дәптерге,
Өзіміз
жаза аламыз.
7- оқушы Дарын С
Тәрбие
берген ұямыз,
Тәртіпті
бала боламыз
Даярлықпен
қоштасып
Мектепке
кетіп барамыз
Жаздық,
сыздық, оқыдық
Жақсыны
бойға тоқыдық.
Бір
сәт өмір белестің
Жол
ашқан бізге даярлық
8-оқушы Айдос
Қуантып
әрі қинайды
Даярлықтан
кеткенім
Қажет
қой бірақ білімнің
Теңізінен
өткенім
Достарыммен
бірге боп,
Биік
шыңға жеткенім
Адам
болу үшін де
Ащы
терді төккенім.
9-оқушы Зере
Қош
бол, даярлық
Басайық
алдыға қадам нық
Есейтіп
бір жасқа өсірдің,
Біздерді
мінеки адам ғып.
Жүргізуші:
Тұлпарға мінер дархан даласын дүркіретіп,
Қуанармыз сол шақта шүкір етіп.
Ал қазір шықсын ұлдар алдыңызға
«Тұлпарым» әніменен әуелетіп
Ән: «Тұлпарым»
Ұлдар тобы
Жүргізуші:
Бақытты бала шақтары жарқырасын,
Төгілсін жүздерінен арай алтын.
Ата-ана аман болып жүріңіздер
Бала үшін бақыт боп саналатын.
Бала көңіл кіршіксіз періштедей,
Жүріңіздер әрдайым жанын демей.
Ақ пейіл қошаметті білдірейік,
Шықты алдыңа қыздарым нәзік гүлдей.
Би: «Радуга»
Қыздар тобы
Жүргізуші:
Алғыр етіп,таланты еткен баланы,
Ата-аналар сіздердің бар үлесің,
Балам қалай мектепте жүр екен деп,
Елең қағып құлағыңды түресің.
Барлық бала бірдей бізге нәзік гүл,
Бердік бойға жиған білім нәрлерін.
Мектеп кеме,білім теңіз бетіне,
Барат олар бұрып білім желкенін
Тамашалап көріңіздер тағы да
Тақпақтарын айтсын бүгін бүлдіршін.
Жақсылықтың жетегінде әрдайым
Көгіміздер жарқырап бір күн күлсін.
ТАҚПАҚТАР:
1.Ғани
Үлкендердей тап-таза
Бормен жазар тақтаға
Үлгілі бала боламын
Жұретіндей мақтана
Ер жетті деп бөбегім
Бізге қарап қуансын
Ата-анамыз
шаттана
2.Досжан:
Мектепке
биыл барамын,
Қолыма кітап аламын
Дайын
тұр сауыт сайманым
Дайын тұр жазар
қаламым.
3.Айзере:
Жетіге
толды жасымыз
Ересек біздер
баламыз
Екіні қосып екіге
Санай
да біздер аламыз.
Біз мектепке
барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты
да оқимыз
Суретті де саламыз
4.Кәусар:
Нағыз
білім ырыс бақ,
Дүниені тұр
ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз
дұрыстап.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті
бала боламыз
Қоштасып даярлық
топпенен
Біріншіге барамыз
5.Толғанай
5
болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт
табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе
берсін санамыз.
6.Әліби:
Мектеп
қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз
боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
7.Ернар:
Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Туған тілді құрметтеп
Мен мектепке барамын
8.Асыл:
Сыйластықты білеміз
Достықты біз сүйеміз
Ата-ананы сыйлаймыз
Ұстаздарды тыңдаймыз.
9.Айым:
Даярлығым сүйікті
Ән салдырды билетті
Шынықтырып денемді
Шымырлыққа үйретті
Қош даярлық тобымыз
Ардақтаймыз атынды
Ізгіліктің басы боп
Мені мектеп шақырды
Жүргізуші:
Балғын шақтың қызығын шерте білер,
Әр нәрсеге қуанып шат боп күлер.
Балалық шақ не деген кереметсің,
Әр баланың әлемі ертегілер.
«Ертегілер» әнімен алдыңызда,
Бөбектерің ән салып тербетілсін.
Ашылсын сара жолы болашақтың
Білімнің маржанымен өрнектелер
Ән «Ертегілер» Орындайтын 0 ә сынып қыздары
Жүргізуші:
Өнерлілер бар мұнда өркен жайған,
Қуаныш пен шаттықты күтер алдан.
Теңізшілер шығады алдыңызға,
Өнеріне қол соғып, қуан,тамсан!
Би: «Теңізшілер» ұлдар тобы 0 а сынып
Жүргізуші:
Ұстаздан артық кім білер бала сырын,
Арналсын шәкірттерге маржан жырым.
Бүлдіршіндер келешек ел тірегі,
Төгілткен бүгін мына балғын үнін.
Көгімізде көк туым желбіресін,
Бала үніне әр жүрек елжіресін.
Шықсын тағы алдыңызға бүлдіршіндер,
Тақпағымен шырайды келтіретін.
ТАҚПАҚТАР:
Гүлім:
Қуанамыз
сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Алғашқы
топты қимай біз
Қоштасатын күн
бүгін
Оқимыз, білім аламыз
Болашақ
жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып
Біз
мектепке барамыз
Қызыр:
Жеті
жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,
Ата
- ананы қуантып,
Кілең бестік
аламыз.
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен
бақыт табамыз.
Өнер - білім көп
тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Дарын Қ
Оқимыз,білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып
Біз мектепке барамыз.
Кәусар
«5»
- болсын алар бағамыз
Біліммен
бақыт табамыз
Өнер-
білім көп тоқып,
Өсе
берсін санамыз!
Мектепте
жақсы оқимыз,
Ойға
білім тоқимыз
Ануарға
Алтын ұя мектептің
Мақтанышы боламын.
Біздердей білімді ұрпақпен,
Жайнасын мәңгі Отаным!
Жүргізуші:
Шаттаныңыз қуаныш төгер күнге,
Шүкір етіп алланың бергеніне.
Ата-аналар сіздерге алғыс дейміз,
Балаң үшін қуанып келгеніңе.
Ән мен жырдан балаңыз қалыспайды,
Биіктерге әлі де шарықтайды.
Болашақтың белесін бағындырып,
Сенімдерін ұстаздың ол ақтайды-деп балдырғандарды ортаға шақырамыз.
/Ортаға 0 а сынып балалары шығады,бастарына МЕКТЕПКЕ АҚ ЖОЛ! деп киіп шығады/
Ән: Балдырған 0 а сынып
ТАҚПАҚ: Мектепке ақ жол!
1-оқушы «М» әрпі Дарын Қ
Мынау менің мектебім,
Осында білім аламын!
2-оқушы «Е» әрпі Талшын
Еркелеп ер жетемін,
Болашақ жолын саламын
3--оқушы «К» әрпі Ернұр
Келешегім нұрланып,
Шақырады алыстан
4-оқушы «Т» әрпі Раяна
Тәртіпті боп,білім ап,
Құрбылардан қалыспан
5-оқушы «Е» әрпі Мейірлан
Еңселі елдің төрінде,
Бақытты біздер баламыз
6-оқушы «П» әрпі Айтолқын
Парасаттылық төрінде
Тәрбие нәріне қанамыз
7-оқушы «К» әрпі Ислам
Көк туымыз желбіреп,
Тұрсын мәңгі көгімде
8-оқушы «Е» әрпі Тоғжан
Ет жүрегім елжіреп,
Қызмет етем еліме!
9-оқушы «А» әрпі Айдос
Ашамыз білім есігін,
Тербетсін мектеп бесігім.
10-оқушы «Қ» әрпі Кәусар
Құшағын жайған ұстаздың,
Көтереміз биік есімін.
11-оқушы «Ж» әрпі Ернар
Жігеріміз жалындап,
Асулардан асамыз
12-оқушы «О» әрпі Зере
Ой-санамыз жетіліп,
Ағалар жолын басамыз!
13-оқушы «Л» Дарын С
Лайық боп адам атына
Лаулап оттай жанамыз!
14-оқушы «!» белгісі Ануар
Бейбіт елдің төрінде,
Біз бақытты баламыз!
Жүргізуші:
Ендігі кезекті даярлықпен қоштасу вальсіне береміз,қарсы алыңыздар!
/вальс биленеді, бәрі орындыққа отырады/
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,ата-аналар! 1-қыркүйекте кіп кішкентай еркетайларыңызды жетелеп келіп, мектепалды даярлық партасына отырғызған едіңіздер,бүгін міне, сол ерке қозыларыңыз бір жасқа өсіп, ақылды боп еркелікті артқа тастап, оқушы болуды,қолға қалам ұстауды үйреніп, мектеп деген үлкен білім ордасына бет алды. Алдымыздан шыққан кіштентай ғана бөбектерімізге сапарларың сәтті,жолдарың ақ болсын дейміз.
Ендігі кезекте бір жыл бойы мектепалды даярлықтың оқу бағдарламасын өте жақсы меңгергендері үшін даярлық оқушыларын марапаттауға кезек береміз.Құттықтау сөз кезегі :
Бүлдіршіндердің ақ жолына ақ батасын беруге және болашақтарының жарқын да тәтті болуына шашуын шашатын әжелерімізді ортаға шақырамыз.
1Бата беруге:
2Шашу шашуға: Нұрсағат Ернұрдың әжесі Салтанат әжеміз
Жүргізуші:
Назарларыңызға рахмет! Қош сау болыңдар!
«Балдырған» әні
1.Біз сүйкімді балдырған,
Қылығымен таң қылған.
Біздің орта көңілді,
Отты үрлеп жандырған.
Қ-сы:
Қуыр,қуыр,қуырмаш,
Балдырғанға құлақ ас.
Секір,жүгір,тоқтама,
Ой болмасын,жасырмас /қайырма қайталанады/
2.Балдай тәтті балдырған,
Құмарымды қандырған.
Өнер тамған саусақтан
Жоқ нәрсені бар қылған.
Қ-сы: /қайырма қайталанады/
3.Біз бақытты балдырған,
Ыршып аяқ талдырған
Сөздің сырын түсінбей,
Небір сұрақ жаудырған.
Қ-сы: /қайырма қайталанады/
Қосатын музыкалар:/ең басына бін ән қосылып тұрса/Төмендегі нөмірлерді дайындап тұру:
1.Ән Раяна орысша соткадан мамасы
2. «Паравозчик чух чух чух» /Сайқымазақтар сөйлеп болған соң/
3.Ән Тоғжан соткадан мамасы
4. Би Домбыра гүназ сотка
Тақпақтар айтылады: 1.Раяна,2.Ислам,3.Айтолқын,4.Мейірлан,5.Тоғжан,6.Ернар,7.Дарын С,8.Айдос,9.Зере
5.Ән «Тұлпарым» гүлназ сотка
6.Би «Шармен» қыздар «маленкая старана» музыкасы
ТАҚПАҚТАР айтылады
1.Ғани,2.Досжан,3.Айзере,4.Кәусар,5.Толғанай,6.Әліби,7.Ернар,8.Асыл,9.Айым.
7.Ән «Ертегілер» гүлназ сотка
8.Би «Теңізшілер» сотка
ТАҚПАҚТАР:1. Гүлім, 2.Қызыр,3.Дарын Қ.,4.Кәусар,5.Ануар
9.Балдырғандар әні 0 а сынып
10.Тақпақ МЕКТЕПКЕ АҚ ЖОЛ/әріптерді тағып беру/
Дарын Қ /М/,Талшын/Е,/ Ернұр/К/, Раяна/Т/, Мейірлан /Е/, Айтолқын/П/, Ислам /К/,Тоғжан/Е/, Айдос/А/,Кәусар/Қ/, Ернар/Ж/,Зере/О/,Дарын С/Л/,Ануар/!/
11. Вальс соткадан
Б
ІЗ
МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген