Күні:13.10.2017
Сыныбы:10-11
Тақырыбы: «Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі
ел қорғаны» атты әскери-патриоттық байқауы
Мақсаты және міндеті:
-
Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге
баулу.
-
Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын
арттыру.
-
Оқушылар арасында достықты
нығайту.
-
Оқушылардың ой-өрісін
дамыту
Өткізілетін орны мен
мерзімі: Спорт
зал
Көрнекіліктер:
1. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы,
Гимн.
2. Әскери-патриоттық
музыкалар
4. Сайысқа қажетті
құралдар-жабдықтар
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі де
құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар,
оқушылар!!!
Сен –
қазақсың!
Қазақ деген ел
бөлек.
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол
бөлек.
Сен –
қазақсың!
Алғызбайтын
барыссың,
Ар-ожданның асқағысың,
намыссың!
деп, «Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі
ел қорғаны» атты сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Алдымен сайыстың
кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1.Топтардың өздерін
таныстыруы.
2.
«Әуеде ән қалықтап».
(патриоттық ән айту)
3.«Білімді мыңды жығар»
(Сұрақ-жауап сайысы)
4.«Тіл – өнер» (мақал-мәтелдер
сайысы)
5.«Білгенге
маржан»
6. «Тарихи тұлғалар
»
Сайыстың кезеңдерімен таныс
болдық, енді әділ баға беретін әділ
қазылар алқаларымен таныс болыңыздар:
1/___________________________________________________________________
2/
___________________________________________________________________
3/
___________________________________________________________________
Алдында көк тіреген алып бір
шың,
От болып, алау болып жанып
тұрсың.
Сайыстың ең алғашқы
шартыменен
Бөлімшелер өздерін
таныстырсын.
Алғашқы бөлім топтардың
өздерін таныстыруына сөз берелік.
1-кезең.Топтардың
өздерін таныстыруы.
Бойыңды үйрет, сарбаздар, жас
шағыңнан,
Алға қарай қадам бас, дәл
қазірден,
Рух берер әрдайым
сарбаздарға
Асқақтата айтылған «Саптағы
ән»
2-кезең - «Әуеде ән қалықтап».
(патриоттық ән айту)
Сарбаздар, сыналатын кезің
келді.
Тайсалмай жауап берсін бүгін
енді.
Жекпе-жек, сұрақ-жауап
сайысында
Көрсетсін оқушылар
білімдерін.
3-кезең - «Білімді мыңды жығар»
атты сұрақ-жауап сайысын
бастаймыз.
1.Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштердің құрылған күні?(1992, 7
мамыр)
2.ҚР ҚК-нің доктринасы қай жылы бекітілді?(10
ақпан 2000 жыл)
3.Әскери ант қай жылы бекітілді?(1992 ,21
тамыз)
4.Қазақстан Республикасының
қазіргі
Қорғаныс министрі кім?(Сәкен
Жасұзақов)
5.Саптың әскери қызметішлер тіке
қарап тұрған жағы?(маңдайшеп)
6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының
авторы?(Шәкен Ниязбеков)
7. Қазақстан Республикасының бас қолбасшысы
кім?(президент)
8.Қазақстан елінің тарихи қалыптасқан
аумағы? (Ресей,Қытай
Өзбекстан,Қырғызстан,Түркіменстан)
9.Заң шығаруды жүзеге асыратын
жоғарғы орган?(парламент)
10.Саптық адыммен қозғалыс
кезінде аяқтың ұшы жерден қанша см
көтеріледі?
(15-20
см)
Ата - дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер
демде!
Тоқталамыз енді біз, ал
халайық,
Қанатты сөз мақал мен
мәтелдерге.
4-кезеңімізді бастайық! «Тіл өнер»
сайысы.
(4-кезең бойынша
оқушыларға мақал-мәтелдер қойылады, жалғасынүш тілде айтып, табу
керек)
1.Ашу
дұшпан,ақыл________(дос,друг, friend)
2.Елдің сыншысы - ________
(ел,народ, people)
3.Досы көпті ________ алмайды
(жау,враг,enemy)
4. ________– бала
қорғаны(әке,отец,father)
5.Жау жоқта батыр көп, дау
жоқта________ көп(ақыл,ума,advice)
6.Адамды асырайтын________
(еңбек,труд,labour)
7. ________ қылыштан да
өткір(тіл,язык,language)
8.Өзім білем деген
өлер
Көп білем деген________
(күлер,смех,smile)
9.Ерл қолында мал
тұрмайды
Елек ішінде________ тұрмайды
(су,вода,water)
10.Батыр түсінде жау
көреді
Балықшы түсінде ________
көреді(ау,сеть,trap)
Мінеки, сондай жомарт сенің
халқың,
Ешқашан жоғалтпаған ата –
салтын.
Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл
тарихтан,
Қазақ боп қал, қадірле қазақ
халқын,
-деп
сайысымыздың 5-кезеңін бастаймыз.«Білгенге
маржан»
1.«Ата тұрып ұл сөйлесе –
ержеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе –
бойжеткені болар» деп айтқан кім?(Сырым
батыр)
2.Қазақ тарихында алғаш қыздар
мектебін ашқан кім?(Ыбырай Алтынсарин)
3.«Үш бәйтерек» дегеніміз
кімдер? (Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет
Майлин)
4.Үш
дана кім?(Абай, Ыбырай, Шоқан)
5.Үш
байлық не?(Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
6.Үш
жұрт?( Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
7.Үш
арсыз не?(Ұйқы, күлкі, тамақ)
8.Қазақстанның атын әлемге жайған қандай
балуандар?
(Әлсейіт Айханов, Дәулет Тұрлыханов)
9.Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер
орындады? (Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін
орындады)
10.«Үш
қуаныш» дегеніміз не?(Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің
өшпеуі)
Сарбаздарға осы сәт - бақ
сынар күн
Белдесу, күресуді жатсынар
кім?
«Жігітке жеті өнер де аз екен»
деп
Көтерген көкке жайсаң,
жақсыларын.
Сайысымыздың соңғы кезеңі
- 6-кезең «Тарихи
тұлғаларды » деп
аталады.
(6-кезең бойынша
әділқазылардан сайыскерлердің бағасын көрсету және қорытынды ұпай
сандарын есептеп сайыстың жеңімпазын жариялау сұралады
)
Ән:
«Атамекен»
Отан – ордаң, ыстық тауы,
орманы,
Күні кеше - егемен ел
болғаны.
Отан қорғау қасиетті
борышың,
Бүгінгі ұрпақ, ертең ел
қорғаны боларсың!
деп, бүгінгі жеңімпаз
бөлімшені жеңісімен құттықтаймыз. Барша қатысқан көрермендер мен
сайыскерлерге алғысымызды білдіреміз.
Назарларыңызға рахмет,
көріскенше күн жақсы болсын!
Қарашоқат орта
мектебі
Сыныптан
тыс
Тақырыбы: «Бүгінгі ұрпақ –
ертеңгі ел қорғаны»
Өткізген:
К.Жамеков
2017-2018 оқу
жылы