400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Егеменді тәуелсіз ел ұланымыз" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдермен оқушыларға арналған сыныптан тыс спорттық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақсаты: Жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Біз де бүгінгі байқауымызда оқушыларымыздың білек күші, ақылы мен жылдамдығын бәйгеге салу ниетімен өткізбек болып баршаңызды осында жинадық. Ендеше бүгінгі ойын-сайысына қош келдіңіздер!..

Барысы: Ұйымтастыру кезеңі

1-жүргізуші:

Ортаға камандаларды шақырамыз

1. бөлімше «Барыс» командасы

2. бөлімше «Жас қыран» командасы

Әскери жетекші: команда берілуі Түзел! Тіктел!

Қазақстан Республикасының Гимні орындалсын

Еркін тұр

1-жүргізуші:

Жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардын бойына сініріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел жер ұғым өте ауқымды.

Қазақстан Респуликасының тәуелсіздігінің жариялауы, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы және алдына стратегиялық бағдарлама қоюы қазақ мемлекетінің алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер жүктейді. Қазақ елінің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтап қалу әрбір саналы азаматтың ісі.

Сондықтан бізге қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтанған, жоғарғы даярлықтан өткен, жақсы үйретілген, біздің егемендік мүддемізді қорғау үшін кез келген жағдайда іс-қимыл жасауға даяр тұратын армия қажет.

2-жүргізуші:

Ал мұндай армияны әскери құрылыстың тарихи тәжірибесіне және қазіргі заманғы көзқарастарға сүйенген ғылыми негізде ғана құруға болады.

Ұлан-байтақ даласын «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған ата—бабаларымыз сан ғасыр бойы «қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқытпай» аман сақтап келді.Құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жауға тұру нағыз отансүйгіштік қасиет болып табылады.

Жас ұрпақ бойындағы патриотизмді қалыптастыру жастайынан ерлік пен елжандылықтың рухын себу отбасынан бастау алып мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнімен ұштасады. Сондықтан да,әр оқушының бойында ұлттық парыз -Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап қалу, ата-баба дәстүріне өте сезімталдық пен қарау жағына тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып оқушының өз Отанын, отбасын сүюге Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғайтын патриот болып қалыптасуына үлесі зор.

1-жүргізуші: Енді, қымбатты қонақтар, бүгінгі ойынның ережелерімен таныстырып өтейін


  • Қыздырыну жаттығуы

  • Дәлдікке тигізу

  • Кеудені жерден көтеру /ұлдар/

  • Шалқалап жатып көтерілу /қыздар/

  • Газтұмылдырық кию

  • Орыннан ұзындыққа секіру

  • Сұрақ -жауап

  • Арқан тартыс



Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстыру

Дене тәрбиесінің мұғалімдері сайыс уақытында әр сайыс кезінде төрелігін жасап тұрады.


Негізгі ережесі: командалар әр сайыс сайын ұпай санын жинай отырып,соңында әр сайыстың ұпай саның қоса отырып,қай команда көп ұпай жинаса

сол команда жеңімпаз болады.


2-жүргізуші:

Сайыста бағаланатын талаптар:

бөлімшенің қатысуы

киім үлгісі

іс қимылы

білімі

ептілігі

1-жүргізуші:

1-кезең.

Алдыңда көк тіреген алып бір шың

От болып, алау болып жанып тұрсын

Сайыстың ең алғашқы шартымен

Бөлімшелер өздерін таныстырсын

Бұнда әр бөлімше өз ұрандарын және командасының аттарымен таныстырады.

2-жүргізуші:

2-кезең

Сарбаздарға осы сәт бақ сынар күн

Белдесу күресуді жатсынар кім

Ер кезегі үшке дейін деп қазағым,

Көтерген көкке жайсаң жақсыларың

Бұнда спорттың бұл түрінен дәлдікке тигізу, Кеудені жерден көтеру /ұлдар/

Шалқалап жатып көтерілу /қыздар

әр бөлімше өз намысын қорғайды.

1-жүргізуші:

Өлшеулі әр сәт әр күнің,

Уақыт қымбат сыр тұнған

Әскери ойын тәртібін

Көрсетер кәне «Кім жылдам»

Мұнда бөлімшелер шығып газдұмылдырық киюден, ұзындыққа секіру, сұрақ-жауап, арқан тартыс сайысынан жарысады.


2-жүргізуші:

Қорытынды:

Әділқазылар мүшелеріне сөз кезегін берейік

Сөз кезегі: Тәрбие ісінің меңгерушісі, сынып жетекші

Әскери жетекші Е.Сулейменовке берейік


1-жүргізуші:

Назарларыңызға рақмет!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.03.2019
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі