400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс: "Екі жұлдыз" жұптық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл іс-шара сыныптан тыс жұмыс. Мерекелерде қолдануға болады. Көмегі тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: «Екі жұлдыз» жұптық сайыс.

Мақсаты: оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау; Бір-бірімен тіл табысу мәдениетін қалыптастыру; Оқушылардың әртістік қабілетін, досшылдығын, өзгешеліктерін дамыту.

Барысы:

1. «Кел танысайық»

2. «Викторина»

3. «Сиамдық егіздер»

4. «Мәдениет деген не?»

5. «Сұр мерген»

6. «Өнерлі өрге жүзер»

7. «Модельер»

8. «Ән шашу»

9. «Би өнері»

10. «Суретші»

11. «Көңілді аспазшы»

1- жүргізуші:

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас!

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық.

2- жүргізуші:

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күн бойғы шаршағанды.

1- жүргізуші:

Біздердің бқл сайысқа жиналып отырған мақсатымыз: сыныбымыздың қыздары мен жігіттерінің қарым-қатынастары қандай? Олардың арасында достық, бірлік бола ала ма? Олардың ақылдастығын, білгіштігін, әртістігін, өзгеше қабілеттерін, досшылдығын көру әрі қалыптастыру.

2- жүргізуші:

Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,

Қолдасаңыз көп нәрсе ұтармыз біз.

Бақыт, шаттық, көңілге арман тілек,

Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

1- жүргізуші:

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа танбыз.

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратамыз,- дей отыра ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз. (Әуен ойналып ,ортаға қатысушы 4 жұп шығады).

2- жүргізуші:

Ерке өсіп, еркін өскен ұл мен қыз,

Асыға сәлем жолдап, жүректеп біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.

1- жүргізуші:

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болса да қашпайық біз.

Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,

Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз,- деп сайыскерлерге сәттілік тілеп, әділқазылар алқасы алдынан жеребе алуын өтінеміз. Сыныптастары атынан музыкалық сәлем жолдайды.

2- жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 11 байқаудан тұрады. (атап өту керек)

1- жүргізуші:

Әділқазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерлі, кім мықты?- деп әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

2- жүргізуші:

Деген екен қазақ халқы «Сәлем -сөздің атасы»,

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.

Амандасу – ізгіліктің, сыпайлықтың белгісі

Сәлем, достар! Амансың ба? Қалайсың?- дегендей І тур «Кел танысайық». Әр жұп өздерін таныстырады.

1- жүргізуші:

Келесі тур «Викторина». Яғни , сұраққа жауап береді. (Әр топ сұрақтарын алып, жауап береді).

2- жүргізуші: Келесі байқау «Сиамдық егіздер» деп аталады. Сіздер білесіздер ме, олар кім? Дене мүшелері бір-біріне қосылып туылған егіздерді «Сиамдық егіздер» дейміз. Енді сіздер сондай егіздер болып біздің тапсырмамызды орындайсыздар. Біреуіңіздің оң қолыңызға қайшы беріп, екіншіңізге қағаз беріледі. Сіздер осы қағаздан өздеріңізге ұнайтын ою оюларыңыз керек. Басқа қолдарыңызбен көмек бермейсіздер. Кәне, бастайық! (Ойын ойналады). Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

1- жүргізуші:

Сыйлау керек адамды, сыйлау керек,

Сыйлау керек, жәбірге қыймау керек.

Сыйлау керек, сол үшін ғұмыр бойы,

Жүректердің жылуын жинау керек.

2- жүргізуші:

Сыйлау керек мәдениетті елім үшін,

Сыйлау деген керек болар елім үшін.

Мәдениетті ел болу мақсатымыз

Достым, менің, сен оны солай түсін, - дегендей келесі турымыз «Мәдениет деген не?» деп аталады.

1- жүргізуші: Біздің жұптар өте мәдениетті деп ойлаймыз. Ер балалар қазір қыздарыңызды мәдени және демалыс орындарына шақырыңыздар. Ал қайда шақыратыныңызды ыммен, мимикамен көрсетулеріңіз керек. Ал қыз балалар шақырған жерді шешулері керек. Ал енді мына жерден жігіттер келіп билет алуларыңыз сұраймыз.

Жұптар ойланғанша, бір әуен орындалады.

2- жүргізуші:

Дәлдеп түсіру нысанаға қиын емес,

Мақсатқа жет, мейлі сен күн-түн егес.

Мерген бол көздеп тұрып түсіретін,

Сен ешкімге ешқашанда олқы демес.

1- жүргізуші:

Келесі байқау «Сұр мерген» деп аталады. Сендер бір жұп болып келген соң, келесі тапсырманы бірігіп жасауларыңыз керек.. Қазір сіздердің қолдарыңызды байлаймыз. Сол байлаулы қолдарыңызбен атуларыңыз керек, бірақ бұл байқауда нысанамыз- шелек болады, ал жебеміз – кәдімгі қағаз болады. Әр жұп үш реттен атып, шелекке түсіруі керек. Ал, бастайық.

2- жүргізуші:

Он саусақтан шебер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып, биді билеп, жасап жатсақ текемет.

Өнеріңді көрсетші құрбыларым, кәнекей,

Кезек берейік жұптарыңызға жекелеп.

1- жүргізуші:

Келесі байқау «Өнерлі өрге жүзер». Әр жұп өз өнерлерін, қабілет-қарымдарын көрсетеді.

2- жүргізуші:

Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсақ мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайда,- деп келесі «Модельер» байқауына көшейік.

1- жүргізуші:

Сіздердің алдарыңызда бірнеше заттар тұр: катрюль, ленте, қыстырғыштар, ремен, гүл, кардон, т.б. Сіздер 3минуттың ішінде осы заттардан шляпаны жасауларыңыз керек. Сонымен топтар шляпаны киіп көрсетеңіздер, оған ат қоясыздар. Топтар шляпа жасап болғанша музыкалық номер жіберейік.

Қазақ биі.

Енді әділқазылар алқасын тыңдап көрелік.

2- жүргізуші:

Ақ ниетпен нәр алған,

Сенсіз менің өлеңім.

Әнге бөлеп әкемді,

Шымырлатып денемді.

1- жүргізуші: Келесі байқау – ән байқау. Әр жұп өздері даярлаған әндерді орындайды.

2- жүргізуші:

Биші болам болашақта Шарадай,

Төземін мен қиын жолға қарамай.

Ренжімеймін өтпей қалсам байқаудан,

Қалып жатсам шартына мен жарамай.

Сіздерге қазір әр алуан түрлі әуен қосамыз. Сендер сол әуенге сәкес билеулеріңіз керек. Қай жұп икемді, ырғағына сәйкес әдемі билейді екен, қазір көреміз, Музыка!

1- жүргізуші:

Келесі байқауымыз «Суретші» деп аталады. Бұл байқауда әр жұп көздерін байлап, сурет салады. Кімнің суреті әдемі болып шығады екен, бастайық!

2- жүргізуші:

Ендігі сайысымыз «Көңілді аспазшы» деп аталады. Бұл сайыстың шарты, әр жұп мына столда тұрған алжапқышты байлап, орамалды басына тартып, пышақпен екі картопты үзбей аршып, екі пиязды әдемі етіп турау керек. Картоптың тазалығына, қабығының үзілмей ашылуына, пияздың әдемі туралуына әділқазы алқалары өздеріңіз баға беріңіздер. Ал ,енді дайын болсаңыздар іске сәттілік тілеп, сайысты бастайық.

1- жүргізуші:

Біздің «Екі жұлдыз» атты жұптық байқауымыздың барлық сындары аяқталды. Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептегенше кезекті музыкалық үзіліске береміз.

2- жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өнер-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсақ сен ұғатын.

1- жүргізуші:

Жастық щақтың біз гүлдерін тереміз,

Бір сыныпта бірге оқып келеміз.

Ден сау болса, енді 2 жыл өткен соң,

Ұстаз,а біз жақсы жеміс береміз.

Ортаға әділқазылар алқасын шақырып, сайыстың қорытындысын тыңдайық.

2- жүргізуші:

«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменім көбейсін күннен-күнге,

Келе берсін қонақтар жарысқанда.

1- жүргізуші:

Тіршілік – орман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалындар.

Қуаныш та бар, өкініште бар жолдарда,

Ұстазым менің, достарым менің,

Бәріңде аман болыңдар!

2- жүргізуші:

Осымен сайыс кешіміз аяқталды.

Көріскенше, қош-сау болыңыздар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі