15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс. "Элементтер әлемі" 7 - сынып
Күні:
Сыныбы: 7
Тақырыбы: Элементтер әлемі (ертегі)
Мақсаты:
Ертегі элементтері арқылы
қосымша материалдардан
мағлұмат беру, ізденімпаздыққа,
жауапкершілікке, топтасып
жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа
баулу, пәнге қызығушылықтарын
арттыру.
Көрнекілігі: Шарлар, жапырақтар,
интерактивті тақта арқылы
слайд – шоу.
Барысы:
Автор: Ерте, ерте, ертеде
«Периодтық жүйе» деген өлкеде ғажайып элементтер өмір сүріпті.Бір – бірімен тату – тәтті ғұмыр кешіпті.Күндердің күнінде элементтер арасына сутегі шатақ ой тастапты.
Сутегі: Уа, жарандар, сөзіме құлақ асыңдар.
Қарасаңдар химия тақтасына,
Мен тұрмын ерекше боп тақ басында.
Ешқайсысың орнымды ала алмайсың, --
Автор: Деп масайрап қарапты басқасына.
Бұл сөзге ренжіген элементтер барлығы жиналып, өзара дау шығарып, өздерін мақтай жөнеліпті. Бірінші болып таласқа гелий араласыпты.
Гелий: Атауым бар «гелиос» - «Күн перзентімін»
Күн бетінен ашылған атағым бар,
Қайнай да алам, жоқ ешбір менде тыным.
Айтыңдаршы, элементтер, кімнен кеммін? –
Автор: деп элементтерге қарапты. Бұл сөзге ашуланған литий:
Литий: Арфведсон бір жаңалық ашып еді.
Алғашқы рет мені бір тастан алып.
Сондықтан мен литий деп аталғанмын
Мұнан әрі сайысты бастамалық?! –
Автор: Бұған тоқтайтын элементтер бар ма ? Мұнан әрі өрши түсіп, таласқа берилий араласады.
Берилий: Бір атым бар – «глициний» аталған,
Грек сөзі, мағынасы – қатты жер.
Айтыңдаршы қалай қалам қатардан,
Тұздарымның тәтті дәмі – себепкер. –
Автор: дейді. Бұл сөзді естіп тұрған бор берилийге бұрылып:
Бор: Берилий – ау, тәттілігің өзіңе,
Мен болмасам, гүл көрмейсің даладан.
Мән беріңдер менің айтқан сөзіме,
Бүкіл гүлдер патшасы боп саналам.
Автор: деп мақтаныпты. Талас кезегін алюминий алып:
Алюминий: Менсіз қалай өмір сүрер адамдар,
Ұрт ойылса, ашудас боп емдеймін.
Ойланыңдар, элементтер, қараңдар,
Сутегіге бірінші орынды бермеймін.
Автор: деп кеудесін қағыпты. Сол кезде сәулесін шашып, сөзге фосфор араласыпты.
Фосфор: Адамдардың зәрлерін қыздырғанда,
Қалып едім қатты зат қалдық болып.
Бранд ғалым ұйқыдан тұрғанында,
Сәуле шашып оралғам байлық болып.
Автор: дейді. Мұнан әрі күкірт шыдай алмай:
Күкірт: Құдайға арнап тұтандырған мені ел,
Бұған дәлел Гомер ақын дастаны.
Бағалаңдар өз орнымды беріңдер,
Өзгертіңдер периодтық тақтаны.
Автор: деп, ренішін білдіреді. Бұл сөз бромға қатты әсер етеді.
Бром: Суретші элементпін білесіңдер,
Балар мен Карл Левиг ашқан мені.
Суретсіз қалай өмір сүресіңдер?
Автор: Деп бром иығымен аспан керді. Мұнан кейін таласқа фтор араласады.
Фтор: Сайысқа араласар күшім де бар,
Ең жоғары электртерістігм.
Реакция жасай алар ісім де бар,
Күштімін деп айтқандарың – теріс ұғым.
Автор: деп мақтанды. Бағанадан бері сырттай бақылап отырған Менделеев
Менделеев: Барлықтарын құр босқа таластырып,
Әй, сутегі таныттың оғаш қылық.
Ядро зарядына байланысты
Тұрғыздым ғой сендерді жарастырып.
Жанжалдасып ақылдан әрі аспаңдар,
Есептесіп, элементтер, санаспаңдар.
Барлықтарың бірігіп қызмет етіп,
Мұнан былай ешқашан санаспаңдар.
Автор: Ұлы химиктің айтқан сөзіне тоқтаған элементтер, енді ұрыспауға уәделесіп, өз үйлеріне тарасып жатты. Дәл осы кезде күтпеген оқиға болды.
(Жалмауыз кемпір Менделеевті ұрлап кетеді. Ал Менделеев жолай жерге қағаздар тастап кетеді.)
Оттек: Достар, 16 деген менің салыстырмалы атомдық массам ғой.
Мыс: 29 деген менің реттік нөмірім ғой.
Мырыш: Ау, элементтер, Менделеев ұлы химик емес пе? Ол бізге үй салып беріп, орналастырған жоқ па? Мен білсем, мына цифрларды сол кісі тастап кеткен жолына. Қане осы ізбен жүріп көрейік .
Хлор: HCl менің сутекті қосылысым ғой.
Алтын: Алтын деген менің есімім ғой.
Алюминий: Ау фосфор, күкірт мынау біздің период қой.
Алтын: Бауырлар, әрі қарай ешнәрсе жоқ. Шамасы атамыз мына үйшікте болса керек.
Жалмауыз кемпір: Ә,ә келдіңдер ма? Қалай тауып келдіңдер? Сендерді де бір – бірлеп алып кетіп жемей тұрғанда, қане жоғалыңдар.
Хлор: Жалмауыз әже, сөзге құлақ салшы,
Атамыздың етіне құмартпашы.
Не айтсаң да тілегіңді орындайық
Бізді бұлай шулатып жылтпашы.
Жалмауыз кемпір: Мен химияға бұрыннан қызығып жүрдім. Күнде сырттарыңнан бақылап жүрдім. Маған қарамайсыңдар да. Сосын аталарыңды ұрлап кетсем, химияның барлығын білетін боламын деп ойладым. Егер сендер шынымен аталарыңды босатып алғыларың келсе, сендерге өздерің туралы 10 сұрақ қоямын. Сол сұрақтарға жауап берсеңдер, аталарыңды босатамын.
Барлығы: Онда тездетіп қойыңыз.
Жалмауыз кемпір: 1. Қанның құрамына кіретін элемент? (темір)
2. Ақыл – ой элементі. (фосфор)
3. Тіс қандай элемент жетіспегенде ауырады? (фтор)
4. Қандай элемент судағы бактерияларды өлтіреді? (хлор)
5. Мыс, латынша атың қандай ? (купрум)
6. «Болашақ отыны» деп аталатын қандай элемент? (сутек)
7. Құмның құрамындағы элемент. (кремний)
8. Ол элемент біреудің тобын үрлемесе, өзі ешуақытта жанып көрген емес. (оттек)
9. Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар,
Жеңілдігін ескерсең, пайдаланар жері тағы бар. (алюминий)
10. Бұл элемент қолға алғанда қамырша иленеді, Суға салғанда ширатылады. ( натрий)
Жалмауыз кемпір: Сендер шынымен де барлығын біледі екенсіңдер. Уәдемде тұрып, аталарыңды қайтарайын.
Менделеев: Элементтерім менің, сендер менің еңбегімді ақтадыңдар. Сендерге көп – көп рахмет.
Автор: Химия зор дауыс, химия – жаңғырық.
Химиямен өмірде атар әркез таң күліп.
Бұл өмірдің мәніне, маңызына айналған,
Элементтер достығы жасай берсін мәңгілік!
Осылайша, элементтер мәз болып, өз үйлеріне тарқасты.
Ертегінің соңы.
Автор:
Тіршілік тірегі – элемент
Бұл әлемде өмір сүрер қанша адам,
Тыныстайды ауаменен қашаннан.
Жер бетінде алуан – алуан заттар бар,
Химиялық құрамменен жасалған.
Осы сөзді ойға салдым мен кеше,
Айтқанымды дұрыс емес, кем деме.
Өмір сүру керек болса адамдар,
Су мен ауа, тамақ керек ендеше.
Марганцовканы қыздырып оттек жинайды,
Пайдасын айтсақ бұл өлеңге сыймайды.
Ауа құрамында оттегі мен азот бар,
Ауа бізге тіршілікті сыйлайды.
Жер бетінді теңіз де бар, көл де бар,
Су қайнаса ішер шәйді демдеп ал.
Сутегі мен оттегінен тұратын,
Су – тіршілік көзі екенін ұғып ал.
Тамақ жейміз, оның сырын шертсін ел,
Ал құрамын іздеп көрші сен түгел.
Қосылысы натрий мен хлордың,
Ас тұзы ғой, астың дәмін келтірер.
Бұл сөзімді білімділер біледі,
Ал білімсіз оқымаған күледі.
Айтқаныма дауласпасын ешкім де,
Элементтер – тіршіліктің тірегі!
Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген