400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. Елім менің. 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге арналған сыныптан тыс жұмыс. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елім менің.

Ойынға екі топ қатысады.

1.Топ мүшелерімен топ басшысы таныстырады.

1)Топтың аты

2)Әр топ мүшесін қырымен таныстыру

2. Жеңімпаз жүлделері көрсетіледі. Қазақша киім киген 4 қыз әсем әуенмен әкеледі. Көрермендер және қатысушылар әділқазылармен таныстырылады.

Ән жұмбақ.

1 айналым тапсырмалары:

А) Жекпе-жек.Кинодан үзінді көрсетіледі.

Екі топқа екі бейнесұрақтан беріледі.

Ә) Сұрақтар қойылады. Екі топқа 4 сұрақтан беріледі. Екі топтың екі қатысушысына бірдей сұрақтан қойылады.

1.Лондон олимпиадасында Қазақстан неше медальға ие болды?(13)

2. Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне қай ескерткіштің көшірмесі 2001 жылы әкеп қойылды? (Күлтегін)

3. Осы жылғы 28 қыркүйекте 20 ғасырдың ұлы туындысын дүниеге әкелген қай кемеңгердің 115 жылдық мерейтойы өтті?( М.Әуезов)

4. Исатай-Махамбет көтерілісі қай жылдары болды? (1936-1938)

5. Қай аңыз кейіпкері Жерұйықты іздеді?( Асан қайғы)

6.Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе қосымша мән үстеп тұратын сөздер қандай сөздер ? (шылау)

7.Айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әректтеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер қандай сөздер? (еліктеу сөздер)

8. Ыбырай Алтынсарин өз армандаған мектебін қай жылы, қай өңірде ашты?( 1864ж,Торғайда)

Ән жұмбақ

ІІ айналым

А) Бабалардан жеткен сөз. Әр топқа 2 сұрақтан беріледі. 1-слайд

1. Ашықауыз

2. Бастаңғы

3.Ұйқыашар

4. Жекжат

Ә)Тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіру.Әр топқа 2 тіркестен беріледі.

1.Көрпеңе қарай көсіл - әліңе қара -1топ

2.Қабырғамен кеңесті- жақындарымен ақылдасты, өз-өзімен ойласты-2 топ

3.Мұзға отырғызу- алдау-1 топ

4. Құралайды көзге атқан-мерген -2топ

2-слайд жауапсыз, 3-слайд жауаппен

Б) Көне сөздер .Әр топ қарсыластарына 2 сөзден дайындап әкеледі.

Ән жұмбақ

ІІІ айналым. Танымал адамдар

1 минутта 15 сұраққа жауап беру. 2 топ басшысы бір-біріне қояды.

1. Қырғыз елінің батыры ( Манас)

2. «Аягөз қайда барасың?» (Дулат Бабатайұлы)

3. Шығыс ұлына хат (Баубек Бұлқышев)

4. Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Қалмақ ханына елшілікке барған ( Қазыбек би)

5. Жамбылдың ұстазы (Сүйінбай)

6. «Бандыны қуған Хамит» (Сәкен Сейфуллин)

7. «Сүйемін» Күндей күңгірт шашы бар,95-те жасы бар ( М.Жұмабаев)

8. «Абай жолы» романы ( М.Әуезов)

9. «Өзім туралы» Өзге емес өзім айтам өз жайымды ( Қ.Аманжолов)

10. «Тұтқын бала» шығармасындағы әкесімен түрме камерасында болған бала (Т.Рұсқұлов)

11. «Шығамын тірі болсам,адам болып,

Жүрмеймін бұл дүниеде надан болып. (С.Торайғыров)

12. «Менің атым- Қожа» (Бердібек Соқпақбаев)

13. «Қайырлы түн», «Бақытымды жырлаймын», «Сәби болғым келеді» әндерінің авторы ( М.Мақатаев)

14. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде жырланған батыр (Күлтегін)

15. Әбділда Тәжібаевтың тау көтерген баласы (Толағай)

16. «Кел, балалар, оқылық!» Алғаш қазақ даласында мектеп ашқан ( Ы.Алтынсарин)

17. Лом темірді бұрап, галстук еткен (Қажымұқан)

18. «Ақырғы бәйге» шығармасында Құлагерді сынаған сыншы ( Күреңбай )

19. Құлагерді мерт қылған ағайынды жігіттердің аты ( Батыраш,Қотыраш)

20. Мұқағали ақын: «Шаң басқан архивтерден табылармыз» деген өлең жолдарын арнаған ақын қыз (Ф.Оңғарсынова)

21. 43 күндік кемдігі бар атты мініп жауға шапқан батыр ( Қобыланды батыр)

22. Қарашаш сұлудың жары. « Дүниеде не өлмейді?», « Сұрай келген сен ақымақ па,сұрата жіберген хан ақымақ па?» шешендік сөздердің авторы (Жиренше)

23.М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесіндегі баланың аты (Құрмаш)

24.Авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры ( Талғат Бигелдинов)

25. 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасының чемпионы ( Жақсылық Үшкемпіров)

26. Ел тарихында екі мәрте чемпион атанған тұңғыш Қазақстандық (Илья Ильин)

27. «Екінші ұстаз» атанған данышпан, ойшыл (Әл- Фараби)

28. Қобыз жасап шығарған кім? ( Қорқыт)

29. Сапарғали Бегалиннің « Бала Шоқан» әңгімесіндегі мүсінші баланың аты

( Мысық)

30. « Сарыарқа» , «Кішкентай», «Қайран шешем» күйлерінің авторы (Қ.Сағырбайұлы)



Ән жұмбақ

ІV айналым.

А) Салт-дәстүр көрсету. Екі топқа салт-дәстүр көрсетіледі. Қандай салт-дәстүр екенін табу.

Б) Көрнекілік әкелу: 1-топ- асық, асықтың бүк,шік, алшы түскенін анықтау. 2-топ- сақина әкеледі, жүзік,балдақ ішінен танакөзді атап беру

Ән жұмбақ

V айналым

А) Сенесіз бе?

1.Қазақстанда 485 түрлі құстар бар,сенесіз бе?-ия

2. «Батыр Баян» дастанының авторы С.Торайғыров екеніне сенесіз бе?-жоқ. М.Жұмабаев

3. Қазақ әдебиеті бойынша тұңғыш дәріс оқыған Мұхтар Әуезов екеніне сенесіз бе?-ия

4. Дойбы – Абайдың сүйікті ойыны болғанына сенесіз бе?-жоқ, тоғызқұмалақ

5.Қазақстанда 9 мемлекеттік қорық бар, сенесіз бе?-ия

6. Қасиеттердің жиынтығын- мінез-құлыққа берілетін бағаны-портрет дейміз, сенесіз бе?-жоқ, мінездеме

7.Қазақстандағы ең ұзын өзен Ертіс екеніне сенесіз бе? -ия

8. Қарағанды облысында темір өндіріледі дегенге сенесіз бе? (жоқ, Қостанай облысында)

ә) Қанатты сөздің авторын табу. 4сөз. әр топқа 2 сөзден.4-5 слайдтар

1. Өз тілін сезбеген бала- ана сүтін татпаған жетіммен тең (Б.Момышұлы)

2. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де- ақымақшылық (Абай)

3. Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. ( М.Әуезов)

4. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. ( Н.Назарбаев)

Б) Шығармадан үзінді беріледі, қай шығармадан екенін табу керек.

Прозадан -1

Поэзиядан -1. (6-7 слайдтар)

1.Қас қарая аттандық. Атымыз шалып, тыңайып қалған екен. Қылаң ұрады. Жортып келеміз. Алдымызда екі кезең қалды. Ар жағы-беті ашық дала. Итжатпастың асуына шыға бергенде, қарсы алдымыздан үш атты кісі сопаң етті. Ұры екен. «Ойбай!» дедік. Ақтамақ қолымнан шап беріп ұстай алды. («Әнші» Ж.Аймауытов)

2.Осыдан соң жұрттың көңілі басылып қалды. Абыр-дұбырсыз, у-шусыз келісті. Басқарманың өзі әдеппен кезек күткен соң ешкім кеуделемеді.Бала алғандар да, құр қалғандар да риза болысты. («Бір атаның балалары» М.Мағауин)

8-9 слайдтар.

1.Кермиығым, кербезім!

Керіскедей Шандозым,

Құландай ащы дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім! («Тарланым». Махамбет)

2. Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар!...» (С.Торайғыров, «Бір адамға».)

Ән жұмбақ

VІ айналым

Әріптер көмегімен сауалға жауап беру керек.

1-топ: ш,а,н,а,д,қ,о,л.

1. Қыста сырғанайтын көлік-шана

2. Кемеңгер адам-дана

3. Металл аты-қола

4. Шығыс септігіндегі есімдік-одан

5. Мойынға тағатын әшекей бұйым- алқа

6. «Арам» сөзіне антоним -адал

7. Далада тамақ пісіретін жер-ошақ

8. «Шаһар» сөзінің синонимі-қала

2-топ: а,а,ж,р,л,п,т,з.

1. Адамның жүзі, беті,келбеті сөздеріне синоним -ажар

2. «Әкел» сөзінің антонимі-апар

3. «Кір, лас» сөзінің антонимі-таза

4. 7күннің атауы-апта

5. «Еркін» сөзінің синонимі-азат

6. Біреу біреуге ақшалай береді, бірақ ол –қылмыс -пара

7. «Тату» сөзінің антонимі-араз

8. Географиялық атау, Робинзон Крузо қалып қойған жер -арал

Әділқазыларға сөз беріледі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі