Солтүстік Қазақстан облысы , Петропавл
қаласы
«Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектебі»
КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі
Укиенова Ғалия Сансызбайқызы
Слайд
көрсетіледі.
Кондратов Денис «Жаса,
Қазақстан»
1.Чекунов
Владислав:
Армысыңдар , айналайын адамдар,
Айналаңа шын қуанып, қараңдар
26 жыл болды, Тәуелсіздік алдық біз,
Келді кезек болашақты бағамдар.
2. Суркова
Ольга
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі.
Менің елім,
Қазақстан-Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі.
3.
Макиевская Екатерина
-Қайырлы күн, құрметті
қауым! Отанымыздың тәуелсіздік күніне арналған «Мен елімді
жырлаймын» фестиваліне Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектебінің
оқушылары дайындаған «Ерікті елім-Қазақстан» бағдарламасын
ұсынамыз.
4.Ибраева
Дарья
ЭКСПО-ға келіңдер, қандастарым,
Тойдың тойға тілеңдер жалғасқанын!
Шақырады сендерді Қазақстан,
Ән кернеген әр күні таңғы аспанын!
5. Цыздоев
Эльдар
Шақырады сендерді ұлы далаң,
Бақ дарыды, құт қонып бүгін оған,
Күтіп отыр сендерді құшақ жайып,
Жасыл желек жамылған тұнық алаң!
6.
Резникова Таня
Қазақта ең бірінші батыр да
өткен,
Қазақта ең бірінші ақын да
өткен.
Қазақтың ең бірінші ханы да
бар
Ең алғаш тақтың дәмін татып
өткен.
Ел болдың, ерік алдың
астаналы,
Енді кімнен қазағым
жасқанады?!
Тәуелсіз мемлекеттің
шежіресі
Нұрсұлтанның атымен
басталады.
7.
Кондратов Денис
Жанарған берекелі елі
бар,
Даласы гүлге толы жері
бар
Кең өлке байлығы мол,
ынтымақты,
Шалқыған айдын-шалқар көлі
бар.
8.
Макиевская
Катя
Дархан дала қазақтың кең
жерінде.
Асу бермес Алатау, Алтай
белінде,
Мәуелі бақты Жетісудың
көгінде.
Еділ - Жайық, Алакөл, Балқаш
көлінде.
9. Мартыненко
Настя
Астана - бәйтеректің
қаласындай,
Астана - бұл қазақтың
панасындай.
Елге
ғана осындай даласы бар
Астанадай жас
қала жарасымды - ай!
10. Резникова
Таня
Талқысымен тайталасқан тың
күші,
Туын тікті Бостандықтың – құнды
ісі.
Тумысынан парасатты
Президент – Тәңір берген Тәуелсіздік
тұңғышы!
11.Қазақ: Серяцкий
Саша
-Шіркін-ай, осындай өмірге жеттік, шүкір! Қазақ халқының
басынан өтпегені жоқ. Заман өзгерді. Қазақстан өз тәуелсіздігін
алып, дербес мемлекет болды.
Туымыз желбіреді,
Әнұранымыз естілді,
Еотаңбам төріне ілінді.
12. Ахмадеева
Татьяна
1992 жылы 4-маусым тарихи күн.
Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз Қазақстан
Республикасының мемлекетік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы
маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт туына тағзым
етті.
13. Кузьмина
Ольга
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айталар болмаған деп әнұран!
14. Ахмадеева
Татьяна
Шыңға биік Ел
көз тіксе асқарлы,
Шайыр жазбай,
кім жазады дастанды?!
Сүйінші,
Алаш! Тарихыңда
толғаулы
Рух жаңғырар
жаңа дәуір басталды!
15. Кондратов
Денис
Бұл жаңғыру –
кемелденіп жаңғыру,
Кеуде соққан бар әлемді таң
қылу.
Жыр алыбы
Жамбылдарды жыр қылу,
Ән алыбы
Шәмшілерді ән қылу.
16. Макиевская
Катя
Асуды асып
Қазақстан – ардағым,
Аспанменен
астасып тұр арманым.
Ер бастады! Ел
қостады! Жарылқа!
Тәңір Ием,
Туған Елдің БАҒДАРЫН!
17. Суркова Ольга
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында
айқындалған ел жаңғыруының басты бағыттарының бірі қазақ әліпбиін
латын қарпіне көшіру мәселесі
болатын.
Қайта жаңғыру заманындағы
барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу
бұл – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани
құбылыс.
18.
Цыздоев Эльдар
Тәуелсіздік –тірлігімнің
айғағы,
Татулығым-бірлігімнің
айғағы.
Сөгілмесе еліміздің
іргесі,
Әлде де бар ұрпағымның
арманы.
19.
Чекунов Влад.
Қазақстан
– бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас
болашақ.
Сондықтан
да біз бір халықпыз – бір елміз – бір
тағдырмыз!