400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Ертегілер елінде" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс "Ертегілер елінде" 2 сыныпқа арналған. Балалар өзін-өзі тану пәнінен көрініс көрсетті
Материалдың қысқаша нұсқасы




№212 мектеп-гимназия









Ертегілер елінде

Сыныптан тыс жұмыс


Өзін–өзі тану пәнінің мұғалімі:
Байсеитова.А













Қызылорда,2019 жыл




Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

№212 мектеп-гимназия

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Байсеитова Актолкын Бердигуловна
Мақсаты: Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ертегі туралы түсінік беру, кейіпкерлерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Балаларды ұқыптылыққа, жан-жануарларға қамқор болуға, ұжымшылдыққа, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Керекті көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреті, дорба, құрастыратын суреттер.
Барысы: Шаттық шеңбері
Саяхат жасау
Мұғалім: Балалар, әуелі біз дөңгеленіп, біріміздің қолымыздан біріміз ұстап, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз хормен қосылып айтайық:

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

(Сәлеметсіздер ме?)

-Балалар, бүгін бізде сыныптан тыс жұмыс, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік. (Балалар бір-бірінің иығынан ұстап, пойыздың дыбысын шығарып жүреді.)

«Ойшылдар» аялдамасы
Мұғалім: Балалар біз «Ойшылдар» аялдамасына келдік. Бұл аялдамада қараңдаршы сиқырлы қапшық бар екен. Ішінде не бар екенін білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ, білмейміз
Мұғалім: Олай болса Айнара кел, қарашы, ішінде не бар екен?
Балалар: Суреттер
Мұғалім: Ия, дұрыс айтасыңдар. Бұл жай сурет емес, ертегі суреттері. Бұл қай ертегінің суреті айтыңдаршы?
Балалар: Шалқан ертегісі.
Мұғалім: Дұрыс. Біздер шалқан ертегісін білеміз бе?-Ендеше бізге Асылжан айтып берсін.

«Кім жылдам» аялдамасы
Мұғалім: Енді біз «
Кім жылдам» аялдамасына келдік.

Адасқан әріптер

Адасқан әріптерді жинап, сөздер құрастыру.

қ а р с у ы а Б - Бауырсақ

р ы қ а с Қ - Қасқыр

ү л к т і - Түлкі

р і п м е К - Кемпір


-Жарайсыңдар, балалар. Пойызымызға мініп, саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.









«Сергіту сәті»аялдамасына келдік. 
«Сергіту сәті»аялдамасы
Ал, балалар қараңыз
Таңғажайып бар аңыз
Ертегілер еліне
Қыдырып бірге барамыз.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Енді пойызымызға мініп саяхатымызды жалғастырайық. 


«Құрастыру» аялдамасы
Мұғалім: Біздер енді қиылған суреттерден ертегі құрастырамыз. Ертегінің атын табамыз.
Балалар: Мақта қыз бен мысық.

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?


«Кім шапшаң» аялдамасы.

Балалар біз келесі аялдамада ертегілерден үзінді оқимыз. Үзінді қай ертегіден алынғанын тауып, әрі қарай жалғастырасыңдар.
Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Бәрі қарасып тұрады. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,–деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.
-Бұл қай ертегіден алынған балалар?
Балалар: «Жыл басына таласқан жануарлар»

Үшінші рет салғанда, түсті, әйтеуір бір балық. Балыққа тіл бітіп: «Жібер мені қарт, еңбегіңді жемеймін, қалауыңды айт»,-деді.
Балалар: «Алтын балық»

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Ертегінің жалғасын таптыңдар. Саяхатымыздың соңғы аялдамасына келіп тоқтаймыз. Балалар, енді біздер бұл аялдамада «бауырсақ» ертегісін сахналаймыз.


«Ертегілер» аялдамасы.
Көрініс «Бауырсақ» ертегісі. (Балалар бауырсақ ертегісін сахналайды)
Мұғалім: Балалар өте тамаша, сіздер бүгінгі сыныптан тыс жұмыста белсенді болып, барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар.
Осымен бүгінгі «ертегілер елінде» атты сыныптан тыс жұмысымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп ра
қмет!













Бауырсақ ертегісі


Қатысушылар: Автор, Кемпір, Шал, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі.


Автор: Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:


Шал : Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.


Кемпір: Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!


Шал: Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.


Автор: Кемпір қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытуға қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.


Қоян :Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!


Бауырсақ : Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.


Автор: Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:  


Бауырсақ:Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қоян, сенен құтылу

Қиын емес бұл маған


Автор: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:


Қасқыр: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!


Бауырсақ : Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.


Автор: Бауырсақ әндете жөнеледі


Бауырсақ : Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу

Қиын емес бұл маған


Автор:Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.  


Аю : Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!







Бауырсақ: Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,

аю, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!


Автор: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.


Түлкі: Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!


Автор: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.


Бауырсақ:Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу

Қиын емес бұл маған!  


Түлкі: -Әнің өте жақсы екен.Бірақ жөнді ести алмадым. Менің тұмсығыма тұрып айтшы,-деп Бауырсақты ұстап алады.

Бауырсақ: -Түлкі, сен мені жеп қайтесің?!-дейді.Жүр оданда біздікіне, Атам мен Әжеме барайық.

Автор: Олар сені тойғызады,-деп Түлкіні ертіп, жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр, Аюды ертіп алып келеді. Атасы мен Әжесіне қонаққа барды.

Сөйтіп аңдар дос болып, «Ертегілер әлемі» әнін айтады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15 қыркүйек
1212
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі