400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. "Ертегілер елінде" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне көркем сөзді дамыту үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:   «Ертегілер әлеміне саяхат»

Мақсаты:

білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.

дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

тәрбиелігі: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан  жиренуге бейімдеу.

Көрнекілігі: слайд, тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар

Шарты: Әр сынып ертегіден көрініс көрсетіп, сахналайды.

Шараның барысы:

І. Кіріспе сөз:

— Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Барлығыңызда бастауыш сынып апталығында оздырылғалы отырған « Ертегілер елінде» атты шарамызға қош келдіңіздер! Ертегі  — балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін  ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады.

Бүгін 2 сынып оқушылары өздерінің дайындаған ертегілерін  біздің алдымызда сахна лап көрсететін болады.  Олай болса «Ертегілер елінде» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрермендерге сұрақтар:

  1. Қандай ертегілерді білесіздер?

  2. Ертегілер неше түрге бөлінеді? /тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл./

  3. Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата.

  4. Ертегілер қалай басталады? /«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады./

  5. Ертегілер қалай аяқталады? / Ертегі үнемі жақсылықпен аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті»

 

Жүргізуші: Балалар,  «Жұлдыз айы көркем,

Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,

Бұлттары билейді…» деген шумақтар нені еске түсіреді?
— Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса  кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Ертегілер әлемі». Орындайтын: 2-сынып оқушысы: Плясунова Злата

Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді,- демекші алдарыңызға 2 сынып оқушыларын шақырамын.

2 «А» сынып – «Шалқан» ертегісі

2 «Б» сынып –«Қызыл телпек» ертегісі

2 «В» сынып – «Үйшік» ертегісі

 

Көрермендерге:  «Кім білгір?»

Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.

  • Алдар көсе

  • Ер Төстік

  • Алтын балық

  • Күлше қыз

  • Маша мен аю

    • Алтын балық

    • Қасқыр мен жеті лақ

    • Мақта қыз бен мысық

    • Ақша қар

    • Бауырсақ


 -Маша мен аю

    • Алтын балық

    • Бауырсақ

    • Қызыл телпек

    • Ақша қар

-Мақта қыз бен мысық

-Бауырсақ

- Қызыл телпек

-Ақша қар

- Маша мен аю

Жүргізуші: Балдырғандар көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші көрермендерімізбен ойынымызды жалғастырайық.

 

Көрермендерге: «Кім тапқыр?»

Шарты: Ертегіден үзінді  және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын  және кейіпкерді атау.

  • «Үшінші рет салғанда,түсті, әйтеуір, бір балық.Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», -деді. /«Алтын балық»/


  • «Жақсылыққа дұшпанмын.

Жамандыққа құштармын,

Тісімді жұлып, лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.» Кім туралы айтылған? / мыстан кемпір/

  • «... Мен сені жеймін »
    -«Жемеші мені мен саған өлең айтып беремін

Атадан қаштым,

Әжеден қаштым»

Сенен де қашып кетем.»/ «Бауырсақ»

  • -«Енді не істесем екен.
    Қане,жаның барыңда айт .Үйіңде не бар?» / «Мақта қыз бен мысық» /мысық/

Жүргізуші: Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды – дей отырып,

Қорытынды: Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!Жақсы қасиеттерін бойға сіңір!  Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.

Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
2153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі