400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. "Эрудит" 5- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан - тыс жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 9- «А», 9- «Ә», 9- «Д»

Сайыс сабақ тақырыбы: «Эрудит»



Мақсаты:  Сабақта оқушыларды жарыстыру арқылы логикалық ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, белсенділігін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, әдептілікке, ұйымшылдыққа, көпшілік алдында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу мақсат етілді.
Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.



Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.



Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер



Сайыс барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар

Естігенін есте тұтып

Оқығанын миға тоқушылар.

Ұлағатты ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан оқушылардың

Сәті келді сыналар.

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепке де отырамыз.

Олай болса бұл не тұрыс

Кешімізді біз бастайық

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділқазыларды шақырамыз.



Кешімізді бастамас бұрын

Әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.



Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар

Әр команданы ортаға шақырамыз.

1 топ- «Жүйріктер» тобы

2 топ- «Алғырлар» тобы

3 топ – «Жалын» тобы



 Сонымен сайысымызды бастаймыз.

Сайыс жоспарымен таныс болыңыздар.

  1. Сәлемдесу. Топтардың өздерін таныстыруы.

  2. Сергіту сәті.

  3. Үй тапсырмасы

  4. «Бәрі бір әріптен» сайысы

  5. Капитандар сайысы

  6. Викториналық сұрақтар.





2. Сергіту

Әр командаға кезекпен сұрақ қойылады. Жауапты тез қайтару керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. Егер команда жауап бере алмаса, жауап берген топқа  жарты ұпай беріледі. (0,5 ұпай)

Есептер:

  1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады?           (18)

 

  1. Әкесі 30 жаста, баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады.        ( ешқашан)



  1. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса?     

 

  1. Бір адамнан, қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:

«Менде қанша қызым болса,сонша ұлым бар.Әр ұлымда 3 қарындасы бар».   Бұл отбасында неше бала?      (6)

 

  1. Алты ағайынды туралы, (Мальчик-с-пальчик) Перро ертегісінде автор не себептен екені  белгісіз, бір отынкесуші (дровосек) отбасында жеті ағайын және әрқайсысында жеті қарындастан болғанын айтпапты.Сонда бұл ертегідегі отбасында неше бала болған ?    (14)



  1. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар?     (3) ата , әке , немере

 

  1. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын,  бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені?

(қызымсың дегені)

 

8 .  Бір азаматтың әкесі  Азамат Сарсенұлы, ал оның ұлы – Аслан Болатұлы. Ол азаматтың аты-жөні кім?

(Болат Азаматұлы)

9 . Отбасында өмір бойы мен өзім жалғыз өстім

Бұл шындық , басынан аяғына дейін.

Бірақ  суреттегінің ұлы,

Менің әкемнің ұлы

Суреттегі кім?        ( Менің әкем)

10 . Күйеуі мен әйелі және ағасы мен қарындасы 3 алма алып, бірдей бөліп алды. Әрқайсысы  қанша алмадан алды?

    1. күйеуі, әйелі, ағасы (қарындасы)



11.Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады?  (2)

 

  1. 20 метр матаны  10 бөлікке  2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек?               (9)

 

  1. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты?                            (13)

 

  1. Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағат ойнады?      ( 4)

 

15.Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды..Әрқайсысы неше партиядан ойнады?                                  (2)

 

    «Бәрі бір әріптен» сайысы

Командалар «П», «С», «А» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. Ең көп  термин жазған команда- 5 ұпай, келесі- 4 ұпай , үшінші- 3 ұпай , т. с . с.

 

Үй тапсырмасы. Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша постер қорғайды.



 «Капитандар сайысы»

Әр сөзге үш анықтама беріледі. Егер бірінші сөзден шешілсе — 3 ұпай, екінші сөзден – 2 ұпай, үшінші сөзден – 1 ұпай

 

  1.  Бұл саған … дейді шешесі

Үзіліс арасында ыңғайсыз жағдай

Тынымсыз оның аяқталғанын тосасың

( сабақ )

 

  1. Өзі қарбызға ұқсас

Геометриялық дене

Біз онда өмір сүреміз

( шар)

  1. Үлкендер сөзімен , өмір- ол …

1 сынып сонымен  басталады

11 сынып сонымен  аяқталады

(емтихан)

  1. Нөл болып жазылып, нөлге бөлінеді

Онымен банк несие береді

Санның жүзден бірі.

( процент)

  1. Бір амал бар

Оның кестесі де бар

Ал байлыққа байлық  қосылса

(көбейту )

  1. Бөлмеде ол төртеу

Бұзықтарды сонда қояды

Транспортирмен өлшенеді.

(бұрыш)

  1. Бір, үш, бес, он

Жиырма, елу

Жүз, екі жүз, мың бар,

Әрқайсысының құны бар.

( теңгелер)

 

  1. Сабақ арасындағы

Мектептегі ең жағымды сәт

Өзі тез аяқталады.

(үзіліс)

  1. Үздіктер оны сирек жасайды

Содан сабақ алады

Ол үшін баға кемітіледі

( Қате)

  1. Әр есепте бар

Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады

Шешесі баласына: «Бұзақылық жасасаң …. бере біл.

(жауап)

 



«Викторина»

  1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)

  2. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)

  3. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)

  4. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)

  5. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)

  6. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)

  7. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)

  8. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)

  9. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

  10. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)

  11. Егер 1 жұмыртқаны 4 минут қайнатса ,5 жұмыртқаны неше минут қайнатады? (1 мин)

  12. Бір кішкентай қыз атасынан : «сіз нешедесіз» деп сұрады. Сонда атасы:''Менің жасымды 6 есе кемітіп, 6-ны алса , 6-ға тең болады”. Сонда атасы неше жаста болғаны? (72 жаста)

  13. Жанұяда екі ұл және әр ұлдың екі әпкесі, бір әкесі бар. әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2 ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы = 6 адам)

  14. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала )

  15. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 –ға тең. Ол қандай сан? (1,2,3)

  16. Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15 км/сағ)

  17. Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)

  18. Барлық Араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)

  19. 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)

  20. 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)

  21. Шахмат турниріне 10 адам қатысқан. Әрбір ойыншы қалғандарымен бір партиядан ойнап шыққан. Барлығы неше партия болған? (9*10=90)

  22. Екі саннның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар /5 пен 3/

  23. Алматыдан Астанаға барарда ұшақ 1сағ 30 мин ұшады,ал қайтарда Астанадан Алматыға дейін 90 мин ұшады.Неге?

  24. Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг? /40 тг

  25. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? /10 он, 100 жүз/

  26. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым математик. (Әл-Фараби)



Қорытындылау.     Әділқазыларға сөз беріледі.

Марапаттау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
892
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі