400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс Физика әлемі 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
физика сыныптан тыс жұмыс 9 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Физика әлемі» 

 Мақсаты:   Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын

арттыру;  ойлау қабілетін дамыту; бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін шындау; топпен жұмыстана білуге баулу.

Түрі: ойын-сабақ

Көрнекіліктер: физика туралы нақыл сөздер, жазылған плакаттар, презентация, интерактивті тақта, компьютер, тәжірибе,керекті құрал-жабдықтар;

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану бағытындағы пәндер

Сайыстың кезеңдері:

1-тур:  Бәйге

2-тур:  Физикалық жұмбақтар

3-тур:  Мақал сөздің мәйегі

4-тур: Ойланайық, ойлайық!  (логикалық сұрақтар)

5-тур Қызықты тәжірбиелер

6-тур:  «Иә» немесе «жоқ»  (капитандар сайысы)

 

Сайыстың барысы:

Жүргізуші:

- Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендерғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз.  Бүгінгі “Физика әлемі” атты сайысымызға қош келдіңіздер!

- Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын 9 «А,Ә,Б» сынып оқушылары ортамызға келіп отыр.

Әділ баға беруге,

Шақырайық ортаға

Әділқазылар алқасын – дей отырып, бүгінгі сайымызда әділ баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

-  Сайысымыздың шарттарын таныстырып өтсек, жалпы сайысымыз 6 бөлімнен тұрамыз.

   1 кезең «Бәйге» деп аталады.

Бұл кезеңде сұрақтар қойылады, жоғарғы ұпай – 40, төменгі ұпай – 10 .

   2 кезең «Физикалық жұмбақтар». 12 жұмбақ оқылады.

Жұмбақты дұрыс шешкеннен кейін оны орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтады. 3 тілде толық айтса – 30ұпай, 2 тілде – 20 ұпай, тек қазақ тілінде айтса – 10 ұпай.

   3кезең – «Мақал-сөздің мәйегі». Бұл кезеңде әрбір топқа 5 мақал-мәтел береді. Әрбір топ мақал-мәтелдің физикалық маңызын ашуы керек. Әрбір дұрыс жауапқа - 10 ұпай.

  4 кезең – «Ойланайық, ойлайық!». Бұл кезеңде әр топқа 5 логикалық сұрақ қояды. Әрбір дұрыс жауап – 10 ұпай.

  5-кезең- «Қызықты тәжірибелер» Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 мин уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген тәжірбиені жасап, физикалық мағынасын ашу. Дұрыс жауап -50 ұпай.

6 кезең – «Иә» және «жоқ». Бұл әрбір топтың

топ басшыларына 10 сұрақ қойылады. Сұрақ жауабымен оқылады. Егер оқып тұрған

жауабы дұрыс болса «иә», ал қате болса «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс

жауабы- 5 ұпай.





1 кезең - «Бәйге»



 2 кезең – «Физикалық жұмбақтар» бұл кезеңде 12 жұмбақ қойылып, жауабын үш тілде айтылады. Толық – 30 ұпай.

1. Көп болса, асықпайсың,

  Мезеттен қашықтайсың.

  Асықсаң аз болады,

  Табасың мұны қайсың?    (Уақыт-время-time)

2.Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

   Тағы да бір белгісіз шама шықты.

   Ол болмаса денелер қозғалмайды,

   Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?  (Жылдамдық-скорость-speed)

3.Төңірегі тең көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп,

Жас та сиған, кәрі сиған,

Астына оның бәрі сиған. (аспан-небо-sky)

4. Отқа жанбас,
Суға батпас. 
(мұз – лед-ice)

5. Жылт - жылт етеді,

Жылғалардан өтеді. (Су – вода-water)

6.Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасызданады ол неге?
(Жел-ветер-wind)

7. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды   
(сағат-часы-watch)

8.  Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
 Ньютонға ол келеді.  
(күш-сила-force)

9. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,

  Жұмыс істейді әрқашан.  (энергия-энергия-energy)

10. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.    
(ауа-воздух-air)

11. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.  
(күн-солнце-day)

12. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз.
(компьютер-компьютер-computer)           

3-кезең «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңімізді бастаймыз. Экранда әрбір топқа арналған

5 мақал жасалған. Әрбір топ өзіне берген мақал-мәтелдің физикалық мағынасын ашу

 

«Күш» тобы

«Энергия»  тобы

«Қысым» тобы

Бұлақ көрсен, көзін аш

(табиғат туралы)

Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.

  (ішкі энергия)

Жел болмаса,  шөптің  басы қимылдамайды.

(инерция)

Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді

(диффузия)

Жұпарды жасырғанмен

исі білінеді.

(диффузия)

Ауызы күйген үріп

ішер.

(кебу)

 

Түйені жел соқса,

ешкіні аспаннан ізде

(қозғалыс)

Отқа салса темірде балқиды

(заттың агрегаттық күйі)

Ит жүгіріп тазы болмас.

(жылдамдық)

 Таң атпайын десе де, күн қоймайды.

(жердің өз осінен айналуы)

 Ас - адамның арқауы. 

(энергия)

Білекті бірді жығар, білімді мыңды

жығар.

(күш)

Таразы туса , таң суиды.

Сүмбіле туса су суиды.

(жұлдыз)

Көсеу ұзын болса,

қол күймейді

(жылуөткізгіштік)

Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.  

(ішкі энергияны өзгерту

тәсілдері)

 


4-ші келесі кезеңіміз – «Ойланайық, ойлайық!»  бұл кезеңде әр

топқа 5 логикалық сұрақтан қойылады.

«Күш» тобы

1. Қандай жолмен ешуақытта адам

жүрмейді? ( Құс жолы)

2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)

3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)

4. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от

ауасыз жанбайды)

5. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

«Энергия» тобы

1. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады?  Қалыны ма әлде жұқасы ма?

( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)

2. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

3. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)

4. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)

5. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)

«Қысым» тобы

1. Теңізде қандай тастар

болмайды? ( құрғақ)

2. Ерте замандағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)

3. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)

4. Адамның алғашқы көлігі (бала арбасы)

5.Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 мин ұшқан, ал Астанадан Алматыға дейін 90 минут ұшқан. Неліктен?  (тең)


              

5 кезең – «Қызықты тәжірбиелер»

1 тәжірибе : Екі жұмыртқаның қайсысы

піскен екенін қалай анықтауға болады?

Керекті құралдар: 1 піскен және 1 шикі жұмыртқа, тәрелке.

(Ол үшін жұмыртқаның 2-уін де жайпақ тәрелкеге салып, 2

саусақпен айналдырады. Піскен жұмыртқа шикі жұмыртқаға қарағанда жылдам және

ұзақ айналады. Шикі жұмыртқаның ішіндегі құрамы бірден айналуға көшпейді. Оның

қатты қабығы әсерінен жұмыртқа инертті қозғалысқа түседі. Жұмыртқаның ішіндегі

құрамы тежеуіш рөлін атқарады)


2 тәжірибе:  «Піскен әрі аршылған

жұмыртқаны бүтіндей бөтелкеге қалай салуға болады?»

Қажетті құралдар: бөтелке, піскен жұмыртқа, сіріңке, қағаз.

Жауабы: Жанған қағаз жалыны шыныдағы ауаны қыздырады. Қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шыны аузын жұмыртқамен жапқан кезде, жалын сөніп ондағы ауа суиды. Шынының ішіндегі ауа мен сыртындағы қысымы тең болмағандықтан, жұмыртқа ыдыс түбіне түседі.

3 тәжірибе: Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегітиынды қолды суламай қалай алуға болады?

Керекті құралдар: стақан, сіріңке, тиын, қағаз

Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды

тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге

толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта

қалады.

6.Соңғы сайысымыз – «Иә» немесе «жоқ»

капитандар сайысы «Күш» тобының топ басшысына

1.    Физика-табиғат туралы ғылым ба?  (иә)

2.    Жер өз осін 365 тәулікте бір айналып шығады ма? (жоқ)

3.    Әлемнің үшінші ұстазы- Аристотель ма? (жоқ)

4.    Әрқашан солтүстікті көрсететін жұлдыз-Темірқазық деп аталады (иә)

5.    Термометр– дененің температурасын өлшейтін құрал (иә)

6.    Ең үлкен планета – Уран (жоқ)

7.    Найзағай құбылысын  ашқан ғалым – Франклин (иә)

8.    Дененің артында қалдырған сызық түріндегі ізі жол деп аталады. (жоқ)

9.    Гелиоцентрлікжүйені жасаған ғалым – Коперник  (иә)

10.  Заттың тығыздығын табу үшін оның массасын көлеміне бөлу керек (иә)

«Энергия» тобы

1. Молекулаларзаттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)

2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)

3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)

4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)

5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)

6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)

7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)

8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)

9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)

10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір

нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)

«Қысым» тобы

1. Аттас зарядтар бір -

бірімен тартылады ма? (жоқ)

2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)

3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)

4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)

5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о

6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)

7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)

8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)

9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)

10. Жұмыстың өлшем бірлігі - Ватт.(жоқ)

Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан

топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар есептеуін

сұраймыз.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар

алқасына береміз.

Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!





























































«Күш» тобы

«Энергия»  тобы

«Қысым» тобы

Бұлақ көрсен, көзін аш


Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.

  

Жел болмаса,  шөптің  басы қимылдамайды.


Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді


Жұпарды жасырғанмен

исі білінеді.


Ауызы күйген үріп

ішер.

 

Түйені жел соқса,

ешкіні аспаннан ізде


Отқа салса темірде балқиды


Ит жүгіріп тазы болмас.


 Таң атпайын десе де, күн қоймайды.


 Ас - адамның арқауы. 


Білекті бірді жығар, білімді мыңды

жығар.


Таразы туса , таң суиды.

Сүмбіле туса су суиды.


Көсеу ұзын болса,

қол күймейді


Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.  























F=mg Ньютон



Серпімділік, ауырлық, үйкеліс



Fсерп=RX FR=F1+F2



Джоуль EK=mv2/2 Eп =mgh



W= EK+ Eп Дененің жұмыс істеу қабілеттілігі



Өлшем бетке перпендикуляр бағытта түсеті күш.



P=F/S P=pgh Паскаль



Паскаль шары











Қысым





Энергия





Күш













































«Күш» тобы

1. Қандай жолмен ешуақытта адам

жүрмейді?

2. Елеуішпен су әкелуге бола ма?

3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады?

4. Неліктен су отты сөндіреді?

5. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не?

«Энергия» тобы

1. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады?  Қалыны ма әлде жұқасы ма?

2. Кім барлық тілде сөйлейді?

3. Ашық ыдыстағы су неге азаяды?

4. Қандай ыдыстарға су құйылмайды?

5. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не?

«Қысым» тобы

1. Теңізде қандай тастар

болмайды?

2. Ерте замандағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не?

3. Жазуға болатын химиялық элемент?

4. Адамның алғашқы көлігі

5.Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 мин ұшқан, ал Астанадан Алматыға дейін 90 минут ұшқан. Неліктен?  







































Антон Макаренко атындағы орта мектебі















Сабақтың тақырыбы:

«Физика әлемі»





Сыныбы: 9 «А,Ә,Б»

Өткізген: Бидайбекова Г.О.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
1501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі