Күні: 26. 01. 2024 ж
Уақыты: 1125
Сыныбы: 8 сыныптар.
Пәні: Физика
Сабақтың тақырыбы: «Физика біздің өмірде»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ұжымдық әрекетке, қарым-қатынас жасай білуге, өзіндік жұмысқа, ақпаратты тауып қолдана,пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тәжірибелер, үлгілер, суреттер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық ахуал туғызу.
ә) Мұғалімнің сөзі.
Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Өздеріңіз білетіндей Физика, математика және информатика пән бірлестігінде «Цифрлық Қазақстан – болашаққа батыл қадам» атты семинар өтіп жатыр. Семинар аясында бүгін 8 сыныптар арасында «Физика біздің өмірде» деген тақырыта танымдық сабақ өткізгелі отырмыз.Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. «Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлының «Қазақстан халқына жолдауында» Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз. Біз "Тегін техникалық және кәсіби білім беру" жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. 2050 жылы еліміз әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіміз тиіс.Ол үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізін жаңа қазақстандық патриотизм қамтамасыз етеді. Бұл болашақ ұрпаққа арналған бағыт, бағдар».Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі "Физика біздің өмірде"атты танымдық сабағымызға қош келдіңіздер!
ІІ.Негізгі бөлім:
а) “Қызықты тәжірибе”.Бұл бөлімде қызықты физикалық тәжірибелер жасалып, мағынасы түсіндіріледі.
ә) “Кім тапқыр” Оқушылармен жұмыс. Қатысушыларға физикалық жұмбақтар және физикалық мағынасы бар мақалдар қою.
жұмбақтар:жұмбақтардың жауабы қай физикалық шама екенін табу және оның орысша , ағылшынша атауы.
1) Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
(Жол) Путь , Way
2) Бірдей көлемдегі масса,
Кейде аз да кейде көп
Делінеді бұл шама
Аталуын тапшы тек.
(Тығыздық) плотность , density
3) Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.
(Күш) сила , power (force )
4) Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.
(Қысым) давление , pressure
5) Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?
(Қуат) мощность , power
6) Көтерілсе жоғары
Ерітер мұхит мұздарын
Төмен түссе шамадан
Сездірер суық ызғарын
(Температура) temperature
мақалдар: Бұл физикалық мақалдың 1) Тәрбиелік мәнін ашу; 2) Физикалық тұрғыдан түсіндіру керек.
1) Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. (Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.)
2) Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды. (Қыста уйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.)
3) Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды. (инерция заңы)
4) Нан піскенше күлше күйеді. (Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.)
5) Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен. (Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді. )
6) Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (диффузия құбылысы)
б) «Білгенге маржан» викториналық сұрақтар.
1. Дүниеде ең жүйрік не? (Ой,қиял)
2. Көзіңменкөресіңбірақұстайалмайсың?(көлеңке)
3.И. Ньютонныңтартылыстыашуына не себепболды?( алма )
4. Үш әріптен тұратын уақыт өлшемі (Жауабы: жыл, күн)
5.Әлемде не бар болсасоныңбәрі. (материя )
6. Джин бөтелкеге кіріп, шығу кезінде өзінің көлемі мен формасын оңай өзгерте алады. Ол қандай агрегаттық күйде? (жауабы: газ тәріздес)
7. Суық тиген бала мен сау баланың қайсысының молекулалары жылдам қозғалады? (жауабы: суық тиген баланың, себебі температурасы жоғары)
8. Таудан түскенде автомобильдің қай доңғалағы айналмайды? (жауабы: қосымша)
9.Жер бетінде қай жерде ең ұзақ тәулік бар?(жауабы: тәулік барлық жерде бірдей )
10. Ол физикалық өлшем «Бүкіл әлемдік тартылыс» заңын ашқан ғалым атымен аталады. (Ньютон)
11. Заттың ең кішкентай бөлігі ? (Молекула)
12. Физика қандай ғылым ? (Табиғатты зерттейтін)
13. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды ? (Адам ғарышқа ұшты)
14. Күн планета ма әлде жұлдыз ба? (жұлдыз)
15. Жер беті энергияны көп шығаратын тәулік мерзімі (түн, күндіз ол энергияны жұтады)
в)«Әзіл сұрақтар» :
1. Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғыментұрса қанша кг?(3 кг)
2. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүкмашинаны бір қолымен кім тоқтатаалады?
(Жол полициясы)
3. Қандай өріске мал жаюға болмайды? Жауабы: Электрлік және магниттік өріс
4.Массасы 1кг мақта ауыр ма тұз ауыр ма? Жауабы:Массалары тең.
ІІІ.Қорытынды.
Сабаққа жақсы белсене араласқан оқушыларды марапаттау, қонақарға сөз беру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс "Физика біздің өмірде"

шағым қалдыра аласыз