Қызылорда
облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті
Жанқожа
батыр атындағы №269 орта мектептің физика
пәні мұғалімі
Құлжан
Мақпал Рүстембекқызы
Физика
пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы:«Физикаға
құмар өренге...»
Мақсаты:Жалпы
физика пәнінен алған білімдерін жинақтап,
жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге,
іскерліктерін арттыруға дағдыландыру,
одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру, суреттер арқылы жасырылған
сұрақ тапсырмаларын орындау, логикалық
ой - өрісін кеңінен дамыту, білімділік
пен дамытушылықты байланыстыра отырып,
жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа
үйрету.
Көрнекілігі:
презентация, плакаттар, шарлар, тәжірибеге
арналған заттар
Барысы:
Армысыздар
аяулы ұстаздар және білімге құштар
оқушылар.
«МИФ – ақыл-ойдың әуені» атты апталық
аясында физика пәні бойынша ұйымдастырылып
отырған «Физикаға құмар өренге...» атты
кешімізге қош келдіңіздер.
Абай
атамыз өзінің 43-ші қара сөзінде «Адамның
тән азығы – ішіп жеу болса, жан азығы –
білуге құмарлығы.Білмекке құмарлықты
қанағаттандыру – дүниенің көзге көрінген
және көрінбеген қасиеттерін атынп білу,
іздеу, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние
сырын білу, көкірекке сәуле, көңілге
сенім береді» деп айтқандай, әлемнің
барлық жаратылысын өз заңдылығына
сиғызған физика пәніне құмар өрендеріме
сөз кезегін берейін. (өлең жолдары және
өздерін таныстыру)
Бүгінгі
сайысымыздың негізгі кезеңдерімен
таныс болайық.
1-кезең.
«Байқағыштығыңды байқат»
2-кезең.
«Білгенге маржан»
3-кезең.
«Бұл фокус емес , бұл –Физика »
4-кезең.
«Сананы сергітер 7 сұрақ»
5-кезең.
«Білім минуты»
Ендеше
сайысымызды бастаймыз. 1-кезең.
«Байқағыштығыңды байқат».
Көрсетілген әріптерден формула құрастыру
керек және қандай физикалық шаманың
формуласы екенін табу.
9
А сыныбына: m,
P,
a,
g
k,
F,
x
F,
p
, t
9
Ә
сыныбына: n,
T
,t
m,
F, g
F,
A, s
2-кезең.
«Білгенге маржан»
. Суреттерден мақал-мәтелді құрап,
физикалық мағынасын ашу керек.
Қазан
отпен, адам әрекетпен қызады
2.Аттыға
жаяу жолдас болмас
3.Қимылдаған
қыр асар
4.Дән
себілмей астық өнбейді
Дария
буланбай шық түспейді
5.жел
болмаса, шөптің басы қимылдамайды
6.Саусақ
бірікпей, ине ілікпейді
3-кезең.
« Маған айтып берсең ұмытып қалармын,
көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме
жасатсаң үйреніп алармын» шығыс нақылы.
Сайыстың келесі кезеңі «Бұл
фокус емес,бұл –Физика»
Берілген
заттармен тәжірибе жасап, қарсылас топ
қандай физикалық процесс жасырылғанын
түсіндіру керек.
9А
сыныбы - шар, балауыз шам, суы бар ыдыс
9Ә
сыныбы – шар, бұрыш,А4 қағаз, тұз.
4-кезең.
«Сананы сергітер 7 сұрақ».Екі
топқа ортақ логикаға толы 7 сұрақ
қойылады. Кейбір сұрақтардың математикалық
жауабының физикалық шамамен байланысы
айтылу керек.
1.Оқушы
мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы
бұл жолды қанша уақытта өтеді (15
минутта.Уақыт)
2.
1 бұқа 5 л сүт беретін болса, 5 бұқа қанша
литр сүт береді? (бұқа сүт бермейді.
Көлем )
3.
1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
(бірдей. Дененің массасы)
4.
Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат
30 мин ұшқан, ал Астанадан Алматыға дейін
90 минут ұшқан.Неліктен? (ек і ұшу уақыты
тең. Уақыт және жол тақырыбына)
5.
Термомтер 150
көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр
неше градусты көрсетеді.( 150.
Температура.)
6.
Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады.
Олжас кәрі еменнен 12 қадам солға, 5 қадам
оңға қайтадан 4 қадам солға, 11 қадам оңға
жүрді. Олжас қайда тығылды. (емен ағашының
алдында тұр. Орын ауыстыру)
7.
Қандай кулонды мойынға тағуға болмайды.
(электр зарядының өлшем бірлігі Кулонды)
5-кезең.
«Білім минуты».
Тапсырма топ басшыларына арналады. Топ
басшысы өзінің жолдастарына қарап
тұрады. Бір минут уақытта берілген
суреттерді жолдастары жасырып, топ
басшысы табу керек.
Қорытынды:
Ұлы физик Кирхгофтың ұлы сөздерімен
қорытындылап, жеңімпаз топты марапаттау.