Оңтүстік Қазақстан облысы
Білім басқармасы
№8 колледж
«Бекітемін»
Дир.ОТІЖ орынбасары:
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Ғасырда бір туатын - азамат»
Дайындағандар: Қалдиева Д.Б.
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ғасырда бір туатын азамат»
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Білімділігі: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Дамытушылығы:Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Тәрбиелілігі: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: кіріктірілген ашық тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: таныстырылым, түсіндірілім, қызықты мағлұматтар
Көрнекілігі:видео ролик және слайдтар, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» портреті, ту, елтаңба, кітаптар көрмесі, Тұңғыш Президент қабырға газеттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде
шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
орындалады)
ІІ. Негізгі бөлім
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді
азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне
арналған «Ғасырда бір туатын
азамат» атты мерекелік концертімізге қош
келдіңіздер.
2 -
жүргізуші:
Туған жердің жайқалған алқабы
егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан
елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ
далам,
Сен не деген кең едің, шалқар
едің.
Ашық аспан жайнаған
жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау
шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор
болып,
Тербетеді құшақтап
ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза
ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар
ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ, аты
айқын
Егеменді ел бүгін
ҚАЗАҚСТАН.
Ән: «Сәлем саған туған жер»
1 - жүргізуші:
Өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 – желтоқсан мемлекет тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 – желтоқсан Қазақстанда алғаш рет «Тұңғыш Президент күні» мемлекеттік мереке болып аталып өтіп жалғасын табуда. Биыл міне, тағы осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде
Аты озған дүниедегі дүбірде,
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас
бүгінде?!
Видео ролик: «Тұңғыш Президент»
-
студент
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-саужүрші, Атамыз.
-
Мұғалім: Осы біз тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
Құлыптаулы сыры ашылды бәрінің,
Кілттеулі болып келген еді әлі күн...
Ақ тілеумен күткен еді бұл қазақ,
Елдің жүгін көтеретін Нар Ұлын!
2 – cтудент
Тәуелсіздік
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімдежоқшермұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалынатып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалдыма,
Сексен алты ерлігімбе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
3 – студент: Елбасына арнау
Елбасы елімен бірге
Жүргенде қатарында Кеңес Одақтың,
Жоғалтып ала жаздап дәстүр-салтын.
Көтеріліп,қазағым желтоқсанда,
Осылай тәуелсіздік алды халқым.
Бұл күнді армандаған баршаларын,
Мерт болған жері үшін бабаларым.
Мың өліп-мың тірілсе Алашорда,
Жеткізді осы күнге ағаларым.
Сенімін ақтаймын деп өз халқының,
Алдында уәде берген бәз халқының.
Мықты елдің қатарына қосам деген –
Анты бар ел алдында Елбасының.
Ақмоладан жасады Астананы,
Танымастай өзгертті бас қаланы.
Зауыт салды, жол салды, мектеп салды,
Аяқталмай қалмады бастағаны.
Танытты қазақ елін дүйім жұртқа,
Мойындады елімізді үлкен спортта.
Елбасы еліменен бірге болса,
Алынбайтын біздерге шың болып па?
Ән: Ән: ЕЛІМ МЕНІҢ
Сөзі : Н.НазарбаевӘні : Б.Тілеуханов
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнапкөгім, күй тартты көлім.
Қол жетті міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.
Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім
Бостандық еді – асыл арманың !
Қайырмасы :
Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың,
Берік болсын босағаң.
Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұлдалам, қымбатсың маған.
Береке, бірлік амалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.
Күйінсін жауың, сүйінсін досың,
Жиылсын қауым, жиылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба елім,
Ояншы елім, жиылсын есің.
Қайырмасы :
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін.
Береке мен бірлігің,
Таси берсін өрісің !
2 – жүргізуші:
Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті ата-бабамыз. 1991 жылы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды.
1 – жүргізуші:
Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейін көрген жақсылығымыз, дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты.
Ән: «Егемен Қазақстан»
Би: «Қазақ биі»
4 –студент
Ежелде елтұтқалар ел орнатқан
Ұласқан ұрпағына олар мақтан
Елбасы – қасиетті, аталы сөз
Мазмұны, мағынасы терең жатқан
Ту тіккен, еңсе тіктеп елдігің ғой
Өзгемен терезесі теңдігің ғой
Елетміш, Ататүрік даңқыменен
Елбасы ұғымының орны бірдей.
2 – жүргізуші: Өмірдерек:
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны
Қазақстанның тұңғыш президенті 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.
Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты –Әлжан. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыған. 1958-1960 жылдары Днепродзержинск техникалық училищесін, 1976 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірген.
Нұрсұлтан Әбішұлы еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Қазақметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады. 1969 жылдан партиялық қызметке ауысып, Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, екінші хатшы болып істеді. 1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы, облыстық партия комитетінде екінші хатшы қызметтерін атқарды. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып қызмет істеді. 1990 жылы сәуір айында Республика Жоғары Кеңесі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақ КСР-нің Президенті етіп сайлады. 1991 жылы 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданып, бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. Н.Ә.Назарбаев 1991 жылдың желтоқсан айынан – Қазақстан Республикасының Президенті.
Ән: Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін тыңдайық.
5 – студент: Елбасы – біреу,ел-жұрты тіреу
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
Арманын орындадың бабалардың,
Көтердің көкшіл туын даналардың
Қазақтың асқақтатар өр рухын,
Ақтадыңаппақсүтінаналардың.
Ұледіңқатарынанартықтуған,
Еңбеккежастайынанбелінбуған.
Танытыпәрбірелгебелінбуған,
Жастарғажалынбердіңбілімқуған.
Отандеген-әрадамныңжүрегі,
Оған ел де, жер де, су да кіреді.
Отанымды бар әлемгепашеткен,
Президентім-мақтанышым,
тірегім.
Ән: «Астана»
2 – жүргізуші «Елбасы қандай болу керек ?» - деген сұраққа белгілі зиялы қауым өкілдері Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғары және Ақселеу Сейдімбектер төмендегідей жауап берген ;
« - Ұлты қазақ, ұлттық дәстүрдің уызына жарыған, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін ; ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіретін ұлтжанды; дені таза, ары аппақ, жұртшылықты алақанына салып аялайтын, сенімін, үмітін ақтай алатын, ел тағдырына жауап бере алатын Азаматы;
- кек сақтамайтын, өштеспейтін, бар қазақты бауыр тұтып, басынан сипай алатын мейірімді Жанашыры;
- қар жауса – күрек, жел тұрса тірек бола алатын халықтың қамқоршы Қызметшісі;
- ағаны ағадай, ініні інідей сыйлайтын, әдептен аттамайтын, ешкімді бөліп-жармайтын, халқының мұңдасы, Тағдырласы;
- қорыққанда – қорған, тарыққанда-пана, зарыққанда-сана бола білетін, ел таныған, көпшілік мойындаған, мінезге бай, антқа адал, сетртке берік, пейілі кең, байлыққа құнықпайтын қазақ халқының шын Перзенті болуы керек.
-Ел басына күн туса етігімен су кешетін, туған жерін, Отанын қызғыштай қорғайтын, көзінің қарашығындай сақтайтын; іске алымды, сөзге шалымды, бүгінгісін оза ойлайтын, ертеңін дұрыс болжайтын көреген Көсем болу керек.
-Адамзат тарихын, дін тарихын, қоғамның, мемлекеттің даму заңдылықтарын, әлемдік үдерісті жетік білетін, оны жүзеге асыра алатын Іскер;
- Қазақстанның байлығын төгіп-шашпай халықтың игілігіне айналдыратын, Қазақстанды озық елдердің қатарына қоса алатын, нардың жүгінкөтеретін Қайраткерболуы керек.
-Халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөзі асатын, егескенде еңсесі басатын, елдескенде мейірімін шашатын, сөзі дуалыСаясаткер болуы керек.
Мұндай ердің айтқаны ем, ісі берекелі, елі ынтымақты болады; жұртшылық заманына сай туған осындай ерге сеніп, соңынан ереді.»
Би: «Кәріс биі»
6 – студент: «Жастардың елбасына арнауы»
Ән: «Жаса, Қазақстан»
ЖАСА! ҚАЗАҚСТАН!
(Асқар Жүнісбеков)
Жаса! Қазақстан!
Жаса, менің қазағым
Артта қалды қыйындық пен азабың
Жаса! Қазақстан!
Жаса, менің ұлы елім
Атқан таңдай ашық болсын ажарың
Жаса! Қазақстан!
Алаш жұртым ардағым
Алтын бесік, байтақ далам, бар бағым
Жаса! Қазақстан!
Ата мекен тұрағым
Көк аспанда желбіресін байрағың
Жақын көңіл жайсаң ел
қазағым
Өз ұраның айтылсын, өз әнің
Ана тілдің айбыны асқақтап
Болсын таза дін!
Батыр ұлдар ел көшін бастаған
Жасымасын жас ұрпақ, жас бала
Ашық аспан астында мәртебең
Артсын басқадан
(Қайырмасы)
Даламызғамұрагерхалқымыз
Даламыздамақтанышдаңқымыз
Ұмытылмайұрпаққаұлассын
Дәстүрсалтымыз
Ару қыздараяулым, ақгүлім
Шаңырақтың шырағын жақ бүгін
Думандатып тойласын әрқашан
Елім, шаттығын
(Қайырмасы)
7- студент:
Барша қауым бейнеттен арылғанда,
Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.
Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,
Ел үшінАсан қайғы бабасындай.
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына бізқуаныштымыз. Қазақстанның болашағы–білімді жастармен–дейді Елбасымыз. Сондықтан да біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміздеп білемін.
Би: «Сыған биі»
8 – студент:
Әр сөздің астарында асы арада
Ағайын, ой жіберіп жіті қара
Тәуелсіз Қазақстан ерді ұлыға
Бір жерге барлық діннің басын қосып
Әлемнің ықпал етті тағдырына
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара
Ән: «Түрік әні»
2 – жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптесі, Орталық Азияның шешуші елі. Алдымызда «ЭКСПО - 2017» . Көрмеге қатысуға 100 – астам мемлекет өтініш берген, бес миллионға жуық адам келуі мүмкін. Ең алғашқы дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондон қаласында өткен. Содан бері бұл көрме 65 рет ұйымдастырылған. Соңғы рет 2012 жылы Оңтүстік Кореяның Йосу қаласында өткен. Енді міне, ТМД кеңістігінде тұңғыш рет біздің елде өткелі отырғаны – Елбасымыздың көрегенді саясатының және Тәуелсіз еркіндігіміздің арқасындағы – мақтаныш.
Ән: «Атамекен»
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Жүргізуші:
Сіз – әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе «1 желтоқсан – Ел үмітін ақтаған – Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс "Ғасырда бір туған азамат" 1 курс

шағым қалдыра аласыз