Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Халық күнтізбесі" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Ертедегі қазақтардың жұлдыздар картасы мен, есепшілер есебімен таныстыру, мүшелдік санауды үйрету, ай, күн аттарының мағынасын ашып көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы: Халық күнтізбесі


Мақсаты:

  1. Ертедегі қазақтардың жұлдыздар картасы мен, есепшілер есебімен таныстыру, мүшелдік санауды үйрету, ай, күн аттарының мағынасын ашып көрсету.

  2. Оқушыларды жан жақты ойлауға тәрбиелеу, өз бетінше ізденуге үйрету.

  3. Ақыл – ой тәжірибесін беру, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Сайыс сабақ


Сабақ өткізу әдістері: Баяндау, сұрақ-жауап, ойын деңгейлеп оқыту, саяхат

Пәнаралық байланыс: астраномия, қазақ әдебиеті, математика, химия

Пайдаланылған көрнекіліктер:

  1. Жоспар

  2. «Жұлдыздар құпиясы» - плакат

  3. Халық күнтізбесі

  4. Мүшелік күнтізбе

  5. Аңыз бойынша жылға таласқан түрлі аңдар туралы – сурет

  6. Жартастағы құпия сөз

  7. Сөзжұмбақ «жұлдыздар»


Сабақтың барысы:

Сыныпты екі топқа бөлу.

  1. Қазақтардың ғарыштық түсініктерін беру үшін саяхатшыларымыз «жұлдызды әуе картасын пайдаланады»

  • «Жұлдыздар құпиясы» плакатын пайдалану.

  • Астрономия пәнімен байланыстыру

  • Интерактивті тақтаға, жұлдыздардың аттарын орысша – қазақша ағылшынша жаздыру

  • Конверттегі сұрақтарға жазбаша жауаптар жазу өз бетінше жеке жұмыс жүргізу.


Кіріспе сөз

Көшіп – қонып жүрген қазақтар жұлдыздың аспанға бақылау жасап тәжірибе жинақтау арқылы жұлдызды аспанның сырларын ұғып, далада адаспай, жан – жағын бағдарлап, жайылымдық жер мен су көздері таба білген, сонымен қатар көшпелі шаруашылық кезде уақыт есебінде білуді меңгерген.

DrawObject1


1-ші тапсырма Өткел

Ойын барысы: Әр команда капитаны жедел бес сұраққа жауап беру керек.

І-топтың тапсырмасы:

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject4 DrawObject5



DrawObject7 DrawObject6 DrawObject8



Мына бес жұлдыздың атын атау керек



ІІ-топтың тапсырмасы:


DrawObject12 DrawObject11 DrawObject9 DrawObject10


DrawObject15 DrawObject14 DrawObject13




Бұл топта жұлдыздың атын атау керек


ІІ- тапсырма: Белес


Әр топқа 2 сұрақтан қойылады

І-топтың тапсырмасы:


  1. Аспан жаратушының ең құдіретті жаратылысы дейді, анықтап бер?

  2. Күн мен айдың құдіреттілігі неде?


ІІ- топтың тапсырмасы:


  1. Жетіқарақшы жұлдызына сипаттама бер?

  2. Темірқазық жұлдызының атау себебі неде?


ІІІ-Асу

Әр команда үш терезеден ашады.


1

2

3

4

5

6





1-ші терезе сұрақ:

Үркер жұлдызының ерекшелігі неде?

2-ші сұрақ:

Таразы жұлдызына сипаттама бер?

3-ші сұрақ:

Қазақ малшылары қай жұлдызда қойды түнемеге айдап келеді?

4-ші сұрақ:

Таңғы жұлдыз қалай аталады?

5-ші сұрақ:

Құс жолы жұлдызының ерекшелігі неде?

6- шы сұрақ:

Меркури, Юпитер,Марс, Егіздер жұлдыздары қалай аталған?


Ү. Жерұйық:

Екі топтың бір ғана мүшесі сұраққа жауап беру керек.

І-топтың тапсырмасы:

1. Мүшелдік күнтізбені схема түрінде көрсет.


ІІ- топтың тапсырмасы:

  1. Химия элементтері мен күн атауларын байланыстыр.


ҮІ. Нәтижелерін айту, қорытындылау.






Бекіту сұрақтары:

  1. Ай қалай туды?

  2. Қыз жұлдыздарды қалай жасайды?

  3. Балалар күнді аспанға қалай шығарды?

  4. Аспанда ай қалай пайда болды?

  5. Түн қайдан пайда болды?












Қазақтардың ғарыштық түсініктері:

  • Жұлдыздар жерден соншалықты қашықтықта, нүктедей болып көрінеді.

Жұлдыздардың жер бетіндегі бақытқа әсер ететіндігіне сенеді, көк күмбез жайлы әңгімелер баршылық. Әрбір жұлдыз жердегі адамның жанымен сәйкестік тұтастықты, адам өлгенде жұлдыздар жерге ағып түседі.

Аспандағы ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар ерініп жыбырлатады. Болып толған бақытты адамды «жұлдызы жанған» адам деседі.

2.Аспан – жаратушының ең құдіретті жаратылысы. «Көк» тәңірі көк аспан деп аталады. Қазақтар ұғымындағы бірінші аталатын сын есім «көк» көріністі бейнелейді және заттың түсінігін білдіреді, ал зат есім «көк» атауының синонимі. Алла, құдай. Қазақ ордасында «көке-әңірі» деген атау әлі кездеседі Тәңірі – сөзін Шыңғыс хан заманында мұсылмандар – Алла, Еуропалықтар – ейдер аударған, шамандықтар – құдіретті, күшті құдай, кіші Бұқарадағы Қытайлардың тянь, (худа – құдай деген парсы сөзін аударады)


3.Адамдардан аспанда тұрады деген ұғым болған. Олар белдеуде тамағынан буынады, біз жемнің ортасында тұрамыз, сондықтан да белбеуді белімізбен буынамыз, ал жер астында тұратындар белбеуді аяқтарына буынады. Аспанда тұратын қазақтардың арасында өте бай кемпір бар – олардың да тіршілігі де қазақтардікіндей деген фантазияның көрінісі, жемісі.


4.Кемпірқосақ – кемпірдің қос аяғы. Қосақ деп : ұзын арқан мен мойындарын айқастыра тіркеп байлаған қой, ешкілер тобын айтады. Аспан еліндегі бай кемпірдің қосағындағы әр түсті қойлар, кемпір сол қойларын ылғи да жауын нан кейін сауады екен.


5. Күн – егер ай құдіретті болып саналса, онда күн де сондай құрметке бөленуге тиіс. Күн көзіне қарап шығысты, батысты, солтүстікті білген.


6.Ай- қазақтарда қасиетті планета болып саналған. Қазақтар жаңа айдың туғанын көргенде, тәжім етеді. Жазда, сол айға тәжім еткен жерден шөп жұлып алып отқа салады, қазақтар айға қарап тұрмайды, қолын шошайтпайды, сескенеді.


7.Темірқазақ – түнде жүріс бағытын бағдарлауға пайдаланады. Қазақ са яхатшылары түнде жолға шыққанда осы жұлдызбен бағытын анықтайды. Темірқазық деп атау себебі, оның әлемінде қозғалмай – бір орында тұруы, маңында қозғалып тұратын.: алыстатпа, жақындатпа, кетпейтін екі жұлдыз арқандаулы аттарды еске түсіреді, ал екі жұлдызды: екі ақ ат деп атайды. (Қазақта ақ боз, көк боз ат ).



8.Жетіқарақшы – бұл жұлдыз – жеті қарақшының рухы, олар өлгеннен кейін жеті жұлдызға айналған, тағдыр аңызда жеті қарақшы күні бойы ұрлық жасайды да, түнде өздерінің күндізгі жасаған күнәларына қайғырады. Жеті қарақшы өлгеннен кейін, жеті жұлдыз болып кетеді. Жеті қарақшының моңғолдар жеті қарт шоң жұлдыздары деп атайды. Жеті ұрының тұтқынында Үркердің қызы бар.

Қазақтар үшін астрономиялық сағат болды, күзде түн ұзарған кезде қой кезетшілер аспандағы «Жеті қарақшыға» қарап, кезектерін ауыстыратын болған.



9.Үркер – Үркердің жеті қарақшыны үнемі өкшелеп жүретінін қазақтар жақсы байқаған жеті қарақшының топ басшысы Қыран қарақшыны, Үркердің қызы Үлпілдекті мінгестіріп алып үнемі өкшелеп жүретінін қазақтар жақсы байқаған. Жеті қарақшының топ басшысы Қыран қарақшыны Үркердің қызы Үлпілдекті міңгестіріп алып, үнемі қашып жүретін және ол қызын құтқармақ болып жүреді. Қазақтар Үркерге қарап түннің қай сағаты екенін жыл мезгілін және маусымды да соған қарап отырады. «Үркер іргеге жақындаса, бұл көктем шығуының белгісі», «Көрінбей қалса – жерге түсті» дейді. Осы қалыпта ол 40 күндей тұрады, бұл – жаздың өте ыстық кезі. 40 күн шілде басталады деп блжамдайды.


10. Таразы – таң салқын. Бидай, тары піседі, оны оруға, жинауға даярлық жасалады. Сүмбіле туса cуыр сура түсуге болмайды дегені. Отын даярлап, қыстың қамына кірісу дегенді білдіреді.


11.Боқташы туғанда қазақ малшылар қойды түнемеге айдап келеді.


12.Шолпан – таңғы жұлдыз.


13.Құс жолы осы жұлдыздардығң бойымен жыл құстары ұшып келеді.




14.Меркурий – «Таң жұлдызы», «Кіші шолпан»

Юпитер – «Есек қырған»

Марс – «Қызыл жұлдыз»

Егіздер – «Қос жұлды»


  1. «Мүшелдік күнтізбе» бөлімі

Ауыз әдебиетінің түрлері қандай? Соның ішінде аңыз, ертегілер әлеміне сөз береміз.

  • Хайуанаттардың жыл мезгіліне таласуы – аңыз

  • 2 «Халық күнтізбесі» плакаты

  • Қазақ әдебиеті сабағымен байланыстыру

  1. Жексенбі – алтын Ай аурум

  2. Дүйсенбі – ай – күміс Аg аргентум

  3. Сейсенбі – марс – темір FE ферум

  4. Сәрсенбі – меркурий – сынап Нg гдрагирум

  5. Бейсенбі – юпитер – қалайы Sn станум

  6. Жұма – венера – мыс Cu купрум

  7. Сенбі – сатурн – қорғасын Pb плюмбум

  • 7 күннің діни ұғымы «қасиетті» туралы түсінік


  1. Жексенбі – құрылыс бастаса, жеңіл бітеді. Тырнақ алса, дүние малынан береке кетеді. Дәулеті таяды. Жеміс ағашын отырғызса, өте жақсы өседі.

  2. Дүйсенбі – сапарға шықса қайырлы. Тырнақ алса, ақыл – ойы артады, зейінді болады.

  3. Сейсенбі – қанды күн. Тырнақ – қайғың артып, қуанышың жоққа шығады.

  4. Сәрсенбі – науқас күн. Пейілі бұзылады.

  5. Бейсенбі – Алла тағаладан не қажетің болса сұрасаң береді. Расул Алла осы күні меккені астана етті.

  6. Жұма – неке күні. Тырнақ алсаң, Алла тағала малың, дәулетің арттырады. Дүниеден өтсе иманы мен өтеді.

  7. Сенбі – мерекелер күні, Аңшылық адамның саусағы кесіледі.

- Күнделікті тұрмыста мынадай үлгі қолданылады:

1. Бүгін, 2. ертең, 3. бүрсүгүні, 4. арғы сүні, 5. соңғы күн, 6. ауыр күн, 7. азына күн.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
640
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12