15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс ХХІ ғасырдың жас математигі 8 - сынып
Сыныптан тыс жұмыс
Пән мұғалімі Ж.Б.Сарсенбаева
С
ыныптары
8
Өтілетін орны 304 кабинет.
Тақырыбы: «ХХІ ғасырдың жас математигі» атты математикалық сайыс
Мақсаты: а) оқушыларды математика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
б) Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту;
в) Оқушыларды алғырлыққа, ізденімпаздыққа, өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі карточкалық тапсырмалар, шарлар, слайдтар
Түрі Сайыс сабақ
Ұйымдастыру
Таныстыру
«Бәйге жарысы»
Ой – жұмбақ «Сиқырлы кесте».
Формулалар сайысы
«Санамақ» ойыны
«Тіл - өнер» сайысы.
«Жалғасын тап» жанкүйерлермен жарыс
Қорытынды
Жеңімпаз топты марапаттау.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар және
оқушылар
Бүгінгі шәкірт – ертеңгі азамат. Сол
азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты
қалыптастыру мектеп қабырғасынан
басталады. «Білекті бірді, білімді мыңды
жығады» деген халықтың даналық сөзі
бар. Олай болса, Сіздерді 8
сыныптар
аралығында өткелі тұрған «ХХІ - ғасырдың
жас математигі» атты білім сайысын
тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші: Ал, қанеки қаралық, Мына жақта жаңалық
Бүгінгі кеш төрінде, математика елінде
Есеп шешіп жарысып, жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып, есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық.
1-жүргізуші: Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырайық!
Білімді жастардан құралған «Жігер» тобы, Алғыр жастардан құралған «Кіші жүз» тобы, Дарынды жастардан құралған «Шұғыла» тобы.
Жүргізуші: Құрметті ойыншылар, Сіздер мұғалім үстелінен карточка алып, ондағы есепті шығару арқылы орындарыңызды таңдайсыздар, есептің нәтижесі қанша шықса, соншасыншы партаға жайғасыңыздар.
1-жүргізуші: Енді кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайын. Сайыс бағдарламасы 7 турдан тұрады: 1. Таныстыру
2. «Бәйге» жарысы
3. Ой – жұмбақ: «Сиқырлы кесте»
4. Формулалар
5.«Санамақ» ойыны
6. «Тіл - өнер» сайысы
7. «Жалғасын тап» жанкүйерлермен жарыс
Ойынымыздың шартын түсіндіріп өтейін:
а) әрбір сұраққа жауап беру үшін белгілі уақыт беріледі;
б) дұрыс жауап үшін командаға 5 ұпай беріледі;
в) дұрыс, бірақ жауап толық болмаса 3 ұпай беріледі;
г) басқа команданың сұрағына, рұқсатсыз жауап берсе 2 ұпай шегеріледі;
д) жауап дайын болса «жасыл» белгіні, ал жауап жоқ болса «қызыл» белгіні жоғары көтересіздер.
Ойынымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық: (Әділқазылар сайланады)
(Әділ қазылар, Сіздерге ескерту, әр екі тур сайын бағасын беріп отыруға дайын болыңыздар)
Шақырамыз келіңдер, жарысуға, Күш, өнер, білімменен алысуға,
Бар өнерді салайық ортамызға, Канеки, кім шығады сайысуға.
Сонымен, құрметті көрермендер, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық. Сайысымыздың алғашқы кезеңі: «Таныстыру». (Бұл тур бойынша сайыскерлер өздерін, командасының ұранын және эмблемасымен таныстырады).
Жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен, Асып – сасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зуылдап өтіп жатыр, Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.
Олай болса, келесі тур «Бәйге» жарысы:(Жоғарыда айтылғандай әр сұраққа ойлануға 10 секунд, жауап бере алмаса қарсыласы жауап беруге болады.)
Бұрышты өлшейтін құрал не деп аталады? (транспортир)
Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы не деп аталады? (гипотенуза)
4-пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)
Кез келген санның нөлінші дәрежесі нешеге тен? (1-ге тең)
Екі ғасырда қанша жыл бар? (екі жүз жыл)
Төртінші ширектегі нүктенің таңбасы қандай? (+;-)
Бір кг темір ауыр ма, әлде бір кг мақта ауыр ма? (екеуі тең)
Тауық бір аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса қанша кг тартады? (3кг)
Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша км жол жүрді? (12км)
Столдың төрт бұрышы бар, егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес бұрыш)
Ағашта 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды. Неше қарға қалды? (екі қарға қалды)
Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда кездеседі)
Бір жарым тәулікте неше сағат бар? (36 сағат)
55 санының квадраты нешеге тең? (3025-ке тең)
Үшбұрышта неше тамаша нүкте бар және ата. (төрт тамаша нүкте, медианалардың қиылысу нүктесі, бисектриссалардың қиылысу нүктесі, биіктіктердің қиылысу нүктесі, орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесі)
Синус 30° - та нешеге тең? (
-ге
тең)Сағаттың
бөлігі неше минут? (15 минут)Оу осі қалай аталады? (ордината)
Жүргізуші: Сайысымыздың үшінші туры «Сиқырлы кесте» деп аталады. Бұл математикалық сиқырлы кестені шешу үшін цифрлардың орнына әріптерді алфавиттік ретпен орналастыру керек. Сонда Песталоцийдің сандар туралы нақыл сөзі шығады, ойлануға бір минут, олай болса іске сәт, сайыскерлер!
(Әділ қазылар алқасы дайын болса алдағы екі турдың бағасын беріп жіберсеңіздер)
Жүргізуші: Ойла – ойла тереңнен, Жақсы емес көп бөгелген.
Формуланы білмесең, Өте алмайсың еш жерден,-деп «Формулалар» сайысына кезек берейік. Ойын шарты сайыскерлер шашылған формулаларды құрастырып жарысады, уақыт бір минут, сайыс басталды.
D
= b2
– 4ac X1,2
=
Cos2
2
Sinα
=
Cosα
=
tgα
=
ctgα
=
1
+ tg2α
=
1 + ctg²α=
Сайыскерлер дайын болам дегенше әділ қазылар 3-ші турдын бағасын беріп қойыңыздар. Экраннан формулалар көрсетіледі
Жүргізуші: Келесі тур «Санамақ» ойыны. Экраннан кесте көрсетіледі, ол кестеде түзу, төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер кескінделген, жаңылмай санап шығу керек. Іске сәт, сайыскерлер.
Жүргізуші: Бүгінгі математика барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте,
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Балалар, зергерлікпен меңгеріңдер!
Ең қиыны жарыстың «Тіл-өнер» еді,
Мықтыларды қалыпты жеңсін енді,
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Келесі айналым «Тіл - өнер» сайысы. Ойын шарты үш тақырып беріледі, әр тақырыпта деңгейлік тапсырмалар берілген. Сендердің міндеттерін тақырыптағы ұяшықты және ұпайды таңдау, 10-ұпайлық «Тұлғалар» атты ұяшықта ғұламалар аты жасырылған, 20-ұпайлық «Қазақтың байырғы есептері» атты ұяшықта логикалық есептер жасырылған, шешуі қазақша және орысша айтылады, ал 30-ұпайлық «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ұяшығында жасырылған сұрақтың жауабы үш тілде: яғни қазақша, орысша және ағылшынша айтылуы тиіс, ойлануға 30 секунд. Сайыс басталды.
Тұлғалар |
10 |
10 |
10 |
10
|
Қазақтың байырғы есептері |
20 |
20 |
20 |
20 |
1001 мақал, 101 жұмбақ.
|
30 |
30 |
30 |
30 |
10-ұпай:
кімнің теоремасы? (Пифагор)
10-ұпай: Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі, әрі физик (Рене Декарт)
10-ұпай: Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы, геометрияның ең бірінші авторы (Евклид)
10-ұпай: х1+х2 = - р, х1 ∙ х2=q кімнің теоремасы? ( Виет)
20-ұпай: Бастапқыда автобуста 17 адам болды. Автобус қозғалды, одан кейін тоқтады. Бірінші аялдамада 6 адам кірді, 8 адам шықты. Келесі аялдамада 10 адам кірді, ешкім шықпады. Кейінгі аялдамада 7 адам шықты, 4 адам кірді. Соңғы аялдамада 1 кісі кірді. Автобуста барлығы қанша адам болды және аялдама қанша? (23 адам, 4 аялдама, 23 человек, 4 остановка)
20-ұпай: Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екі араны неше күнде жүріп өтеді? (9 күнде, девять дней)
20-ұпай: Ауылда 28 үй бар. Оның 15-інің түйесі бар, 8-інің сиыры бар, ал 6-ның сиыры да, түйесі де бар. Ауылда неше үйде мал жоқ? (11 үйде, в одиннадцать доме)
20-ұпай: Балық аулап келген атасынан немересі: -Ата, неше балық ауладыңыз? – деп сұрайды.
Сонда атасы: Басы жоқ 6 балық, құйрығы жоқ 9 балық, белі жоқ 8 балық,-деген екен. Айтыңызшы, атай неше балық аулаған? (нөл балық, ноль рыба)
30-ұпай: .............жылда ел жаңа. (елу, пятьдесят, fifty)
30-ұпай: Бірдей санды бірнеше рет, Көбейтуден тұрады. Егер оны ықшамдасаң, Қандай атау болады? (дәреже, степень, level немесе power)
30-ұпай: Санға қосып алсаң, Сол санның өзі шығады. Санды оған бөлуге болмайтынын, Математиктер ұғады. Көп адамдар ол санға Шекесінен қараған, Сан осін қақ бөлуге Сол санымыз жараған. (нөл, ноль, zero)
30-ұпай: Алды - артымыз шексіз де, Жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді, Шыққан тегін білсе де. (түзу, прямая, straidht line)
Математика сырлары, Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз Сіздерді.
Білмеймін деп қысылма Талабың болса бабында.
Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында.
Әділ қазылар алқасы ұпай санын есептеп болғанша сайысымыздың соңғы ойыны «Жалғасын тап» түріне кезек берейік
Ойын шарты: цифрлар араласқан мақал – мәтелдің жалғасын табасыздар, дұрыс деген жауаптың ұпайы өздеріңіз жанкүйер болып отырған командаға қосылады. Жетіге келгенше, жерден жеті рет таяқ жерсің.
Отызда орда бұзбасаң, қырқыңда қыр баспассың.
Болар бала жеті жастан бас болар.
Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Жүз рет тырыссаң да, мезгілі жетпей іс бітпейді.
Жігітке жеті өнер де аз.
Жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ.
Өмір деген өлеңмен үйлеспей ме,
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.
Әділ қазылар ұпай санын есептеп, жеңіске жеткен топты анықтаймын дегенше ән тыңдай тұрайық.
Ән: (ән орындалады)
Жүргізуші: Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды, Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділқазы Сіздерге сөз береміз, Жеңімпаздар кім болып сарапталды? Олай болса, Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні, Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ қазы, көрермендер сау тұрыңыз, Күтеді бізді жарқын күндер әлі! - дей келе «ХХ – ғасырдың жас математигі» атты кешімізді аяқтаймыз. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген