400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс Интелектуалды сайыс 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылған материалда 7 сыныпқа арналған интелектуалды ойын сценарийі бар. Сценарийде 4 кезең беріледі және әр кезеңнің өзіндік тапсырмасы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтың аты-жөні:

Кумисбекова А.Б.

Пәні:

Математика/ Физика

Күні:

27.02.2025ж

Сабақтың тақырыбы:

«Білімділер сайысы» интеллектуалды сайысы

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың математика және физика пәніне қызығушылығы арттыру; 2.Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. 3.Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу.



Сабақ барысы: «Білімділер сайысы» интеллектуалды сайысы 4 кезеңнен тұрады. Сайысқа 7 «А,Ә,Б,В» сынып оқушылары қатысады. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Бір топта 2 оқушы. Әр топ ұпай жинау арқылы жеңіске жетеді.Ұпайларды есептеп отыратын қазылар алқасы

Мектеп директоры:

Директордың әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары :

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:


Сайыс кезеңдері:

  1. Құпия ұяшықтар;

  2. Жаңалықтар ізінде... ;

  3. Физика ғажайыптары;

  4. IQ тест.

1-кезең. Құпия ұяшықтар

Бұл кезеңде әр топ ұяшықтарды таңдау арқылы ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Бұл кезеңде әр топ ұяшықты өздері таңдайды. Кезең 12 ұяшықтан тұрады. Егер ұяшық таңдаған топтың жауабы дұрыс болмаса, келесі топ өз жауабын ұсына алады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.



2-кезең. Жаңалықтар ізінде...

Екінші кезеңде әр топ интерактивті тақтада көрсетілген сурет арқылы физикаға үлес қосқан ғалымдардың атын табады. Бұл кезең 8 тапсырмадан тұрады. Оқушылар жылдамдыққа жұмыс жасап үстелдегі қоңырауды басу арқылы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Бұл кезеңде оқушыларға 1 минут уақыт беріледі.





3-кезең. Физика ғажайыптары

Үшінші кезеңде физика пәнінен қызықты тәжірибе тапсырмасы беріледі. Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа байланысты тәжірибе көрсетеді. Тәжірибенің жасалу барысы мен себебін түсіндіреді. Әр сәтті шыққан тәжірибеге 2 ұпай беріледі.

4-кезең. IQ тест

Шешуші кезеңде интерактивті тақта арқылы тест көрсетіледі. Төрт топ оқушылары тесттің жауабын тауып, алдарында тұрған қоңырауды басу арқылы жауап береді.Қоңырауды бірінші басқан топтың жауабы дұрыс болмаса, келесі топтың жауабы қабылданады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.



Сабақ соңында: Кезеңдер барысында қазылар алқасы ұпайларды есептеп жеңімпаз болған топты атап бас жүлде, 1- інші, 2- інші және 3- інші орын алған топтарды марапаттайды.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
26.03.2025
141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі