Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс .Интеллектуалды сайыс .5-6 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс .Интеллектуалды сайыс .5-6 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды 5- 6 сыныптар аралығында сыныптан тыс жүргізіледі . оқушылардың ой өрісін дамытып қызығушылықтарын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
1174
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


47 жалпы білім беретін орта мектебі














«Информатика жұлдыздары»

интеллектуалды сайысы


Picture 3

Өткізген: Нұғыбаева М.Д

5-6 сыныптар










2018-2019 оқу жылы

Семей қаласы


«Информатика жұлдыздары»

интеллектуалды сайысы



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, таратпа материал,

Жоспары :

Оқушыларды топқа қабылдау үшін aсtivote құрылғысы арқылы тест тапсырып жоғары ұпай жинаған оқушылар ортаға шығады

І кезең. «Таныстыру» сайысы (Топты және төс белгіні таныстыру)

ІІ кезең. «Құпия жәшік» сайысы (топтық сұрақ – жауап)

ІІІ кезең. «Венгр» сөзжұмбағы

ІV кезең. «Кім жылдам» сайысы

Vкезең. «Бәйге» топбасшылар сайысы

VI кезең. «Сіз білесіз бе?»

VI кезең .«Бәйге»

VII кезең. «Қай сөз артық?»

VIII кезең.«Пернелерге саяхат»

IXкезең. «Мынау не?»

Xкезең.«Адасқан әріптер»

XIкезең. «Компьютер» тақырыбына байланысты әңгімелер


Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

  • Оқушыларды сайысқа шақыру

II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Жүргізуші:

Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,

Достарым отырсыңба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстыра, - дей отырып ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып оқушылар қолындағы aсtivote құрылғысымен тестке жауап беруін бастаймыз.

Жоғары ұпай жинаған оқушыларды 2 топқа бөліп сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру» сайысын бастаймыз.Сайыскерлер өз топтарының төсбелгілерін және өздерін таныстырады.

ІІ кезеңімізді бастайық.

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уакыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

1-топ «Компьютер»

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

               Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2-топ «Антивирус»

Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,

                Оқу менен еңбекке сал барыңды»

3-топ «Интернет»

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау

Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,

                Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»


ІІ бөлім «Құпия жәшік» сайысы. Бұл бөлімде сайыскерлерге жәшіктерде жасырылған сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

  • ...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда (Ақпарат)

  • Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (Компьютерлік вирус)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

  • Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл.(Архив)

  • Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады?(алгоритм)

  • Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  • 1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз. (Герман Холлерит)

  • ... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм (Циклдық алгоритм)

Осылай ІІ бөлімд аяқтай келе қазылар алқасынан бөлім бойынша ұпай қорын анықтасақ.

ІІІкезең. «Венгр» сөзжұмбағы деп аталады. Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.


М

т

п

л

о

т

т

н

о

м

И

ы

п

р

р

т

е

и

д

е

К

ш

н

и

е

е

р

о

м

м

Р

қ

а

н

т

р

н

н

и

т

О

н

т

с

ө

з

е

т

р

о

п

н

и

б

а

й

т

т

е

з

р

м

в

п

и

к

м

е

р

е

о

ә

и

а

р

с

о

ү

а

ф

ц

т

р

и

х

е

д

я

й

л

е

і

у

в

ж

л

и

я

и

ц

с

н

с

д

а

ь

ф

и

к

а

с

о

р

а

б

о

н

е

н

т

Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссын, - дей келесі кезең «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауап берілген жұмбаққа 5 ұпайдан.

  1. Экранныңбетіндеоныңтұрағы

Қашанболсынжыпылықтаптұрады. (меңзер)

  1. ҰзынтұраЖалқаубек,

Тұрмайылғижатады.

Қозғалақалсаартынан,

Ешбірбелгіқалмайды. (бос орын)

  1. Биологиядабұл паразит,

Көзгезорғакөрінер,

Информатикадаөлшембірлік

Ақпараттардыөлшер (бит)

  1. Ақпарлардықағазғашығарады,

Бұлқұрылғықалайдепаталады? (принтер)

  1. Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың. (тінтуір)

  1. Жануарғаұқсасатым бар,
    Бағдаркөрсетерзатым бар.
    Кілемшеүстіндетұрамын,
    Еңқажеттіқұралмын...
    (тышқан)

V кезең. «Бәйге» топбасшылар сайысы. Бұл кезеңде әр топқа тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек.

Ең жоғарғы ұпай-5.

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде ең алдымен монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын

Жауабы: 8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.

2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ең бірінші бас мәзірден керекті бағдарламаны дайындаймыз. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Принтер арқылы суреттің кез келген бөліктерін ерекшелеймін. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын.

Құлаққап арқылы дайындаған суретімді алдын ала қарап, тексеріп аламын. Өз жұмысымның нәтижесін монитор арқылы қағазға шығарамын.

Жауабы: 6 қате

  1. Сурет салу үшін ыңғайлы – Paint бағдарламасы.

  2. Word бағдарламасында суреттің кез – келген бөлігі бояуға болмайды.

  3. Тінтуір арқылы суреттің кез-келген бөліктерін ерекшелейміз.

  4. Бағдарламадағы алдын – ала қарау батырмасымен ғана тексеруге болады.

  5. Құлаққап –әуен тыңдау үшін арналған құрал.

  6. Жұмыстың нәтижесін принтер арқылы қағазға шығарылады.

Компьютер - сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабардың.

Үйрену керек бәрінде

Ақпараттық заманның

VI кезең. «Сіз білесіз бе?»

Топтарға келесі кезең тапсырмаларын орындауға қажетті мағлұматтар!
Есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

VII кезең. «Бәйге»

Бұл кезеңде әр топқа тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек.

Ең жоғарғы ұпай-5.


VIII кезең. «Қай сөз артық?»

Бұл кезеңде екі топ та қатысады.. Презентацияда көрсетілген тапсырмаларға кезекпен жауап береді.

IX кезең.«Пернелерге саяхат»

Берілген жұмбақтарды шешеді.



1.Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! (Shift+Alt)


2.Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмекберші,ендінені басам мен? (CapsLock)


3.Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің? (Пробел)


4.Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын?

(Shift)



5.Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін? (Enter)


6. Компьютердеотырып,

Аты – жөндіжаздым мен,

Туғанжылдыжазамдеп,

Сандыбассамшықпайды

Айтындаршыдостарым

Қайперненібасамын

(Numlock)



7.Мәтін теріп болдым мен,

Бұл мәтінді көшіріп

Қою керек астына

Қай пернені басайын,

Көмек берші достарым.

(Enter)



X кезең.«Мынау не?»

Суретте көрсетілген нөмірленген компьютер құрылғыларының аттарын атаулары керек.Берілген параққа жазулары керек.

Модем

Жүйелі блок

Жады (флеш құрылғы)

Плоттер

Колонко

Басып шығарғыш

XI кезең.«Адасқан әріптер»

Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге 3 ұпайдан беріледі.

Ретьюмопк ---- Компьютер
Демом ---------- Модем
Лайф ----------- Файл
Ротином -------- Монитор
Нирперт -------- Принтер
Красен --------- Сканер
Шытқан -------- Тышқан
Тиврсутиан ---- Антивирус

XIIкезең.«Компьютер»тақырыбына берілген әңгіме

Топтар басшылары өздеріне алдын ала берілген әңгімелерді оқып береді.

Әділ қазылар алқасы қорытынды ұпай сандарын жария етеді.

Информатика жұлдыздары ” интеллектуалды сайысы өз мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!