400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. Интеллектуалдық сайыс, орыс сыныптарындағы қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
4 - сыныптарға арналған қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс жұмыс. Ойын орыс сыныптарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектеп



«Талап – тұлпар, білім - сұңқар» интеллектуалдық ойыны

(сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты:

1.Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, барлық пәннен алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

2. Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздігінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.


Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа  4 «а», «б», «в» сынып оқушылары

3 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады.

Айналымдар

Бағалау шкаласы

1

Таныстыру

Бағаланбайды, бірақ ескеріледі

2

Жорға сұрақтар

Әр дұрыс жауап «1» ұпаймен бағаланады. Әр топқа 10 сұрақ қойылады

3

Сөз ойла, тез ойла

Әр сөз «1» ұпаймен бағаланады. Әр топқа жеке-жеке сөздер беріледі

4

Шешуін тап

Әр топқа 4 түрлі ребус беріледі. Әр дұрыс жауап «1» ұпаймен бағаланады. Әр дұрыс септелген сөзге тағы «1» ұпай қосылады.

5

Ойна да күл, оқы да біл!

Пазл дұрыс құрастырғаны үшін «1» ұпай

Орысша аудармасын айтса «1» ұпай

жалпы «2» ұпай


6

Әртүрлі сұрақтар

10,20,30,40

Дұрыс тапқаны үшін тиісті ұпай жазылады.


7

Жекпе-жек

Дұрыс аударылған әр сөйлемге 10 ұпай беріледі



Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)

 





Ойын барысы:

Тобы

Ұраны

1.Тұлпар

Жүзден жүйрік, Мыңнан тұлпар . 4 А

2.Сұңқар

Ақылды баламыз, Білімде алда боламыз. 4 Б

3.Қыран

Қырандай самғаймыз, Арқада қалмаймыз. 4 В









Айналым ережі: топтың атын, ұранын және төсбелгісімен таныстырады.



Ой ла-ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең,

Өте алмайсың бөгеттен.

Айналым ережесі: Әр топқа «Ж», «А», «Б» секілді әріптер таратылады. Оқушылар қойылған сұрақтарға бас әрпі сол әріптен басталатын сөздермен жауап беруі тиіс.

(Әр дұрыс жауап «1» ұпаймен бағаланады)



Тұлпар «Ж»

Сұңқар «А»

Қыран «Б»

1

Сен қалай оқисың?

Сен кімсің?

Суда тіршілік ететін жануар?

2

Сағыз қанша тұрады?

Бірінші септік - ...

Досыңның есімі?

3

Қазақ тілінде неше септік бар?

Ең жақын адам - ...

Маймылдың қорегі - ...

4

Әжең қайда тұрады?

Еліміздің бас қаласы - ...

Бақылдауық - ....

5

Өсімдік қайда өседі?

Нешінші сыныпта оқисың?

Музыкалық аспап - ...

6

Он екінші айды ата

Сүттен жасалған сусын - ...

Көз – қорқақ, қол - ...

7

Кімде? Неде? қай септіктің сұрағы?

Ең әдемі құс - ...


Әжең не пісіреді?

8

Әкең не оқып отыр?

Саған ертегі айтатын - ...

Киімді қайдан алдың?

9

Ең сүйікті жыл мезгілің?

Бал жинайтын жәндік - ...

Ең алғашқы сан - ...

10

Сиыр, қой, түйе бұлар - ...

Ең тәтті жеміс - ...

Сиырдың төлі - ...



Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер.





Айналым ережесі: Сөзден сөз құрау.

(Әр сөз «1» ұпаймен бағаланады)



Тұлпар

Сұңқар

Қыран

сауаттылық

шығармашылық

талғампаздық



«Шешуін тап» кезеңі.

Айналым ережесі. Әр топ берілген ребусты шешеді және сол сөзді септейді













Айналым ережесі: Пазл құрастыру, орысша аудармасын айту.



Picture 28

Picture 84



Дұрыс құрастырғаны үшін «1» ұпай

Орысша аудармасын айтса «1» ұпай жалпы

«2» ұпай



«Әр түрлі сұрақтар» кезеңі

Айналымның ережесі: (wordwall программасы арқылы ойнатылады )  Тақтада 10,20,30,40 ұпаймен сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап берілген жауапқа оқушы тиісті ұпайды алады. https://wordwall.net/ru/resource/70056057/%d3%99%d1%80%d1%82%d2%af%d1%80%d0%bb%d1%96-%d1%81%d2%b1%d1%80%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80



10 20 30 40



Шақырамыз топ басшысын ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді бір сына!








Айналым ережесі: ( wordwall программасы арқылы лйнатылады )Топ басшылары кезекпен ортаға шақырылады . Әр топ басшысына 1 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде орны ауысқан сөйлемдер беріледі. Әр дұрыс құрылып, аударылған сөйлемге 10 ұпай беріледі.

https://wordwall.net/ru/resource/69947689/%d1%82%d2%b1%d0%bb%d0%bf%d0%b0%d1%80-%d1%81%d2%b1%d2%a3%d2%9b%d0%b0%d1%80-%d2%9b%d1%8b%d1%80%d0%b0%d0%bd

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

- деп бүгінгі білім сайысын қорытындылау үшін қазылар алқасына уақыт берейік.



Білімді боп бүгін біз,

Биіктерге самғайық.

Өнерлі боп әрқашан

Жеңістерден қалмайық.



(Сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды)

Марапаттау

Ұйымдастырушылар: Алдамуратова М.Б

Абралиева Ж.Б





Бекітілді: Пайзуллаева Г.А





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
01.05.2024
764
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі