Сыныптан тыс жұмыс. Жаңа Доңыз жылын қарсы алу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. Жаңа Доңыз жылын қарсы алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл десе қыс ызғары, аппақ қар, шырша мен неше түрлі сыйлықтар есімізге түседі. Ал осы мерекенің басты рөлін сомдаушы Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл мерекесін елестету мүмкін емес. Ендеше, орнымыздан тұрайық, бетімізді бұрайық, шапалақты аямай ұрайық та шыршаны жағып Аяз ата мен Ақшақарды бірге дауыстап шақырайық,
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХОР: Жасыл шырша жанында

І жүргізуші: Саламатсыздар ма ! Құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.  

ІІ жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

І жүргізуші: Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! (бірге

1 жүргізуші: Қәне балалар бізге 2019 жыл қандай жаңалықтар алып келер

екен ?

2 жүргізуші: Оны білу үшін жұлдыз жорамалшыларды шақырайық ?

( Анна мен Элза шығады және музыка қосылады )

Анна :Қалайсыңдар балалар ?

Элза: Көңіл күйлерің қалай ?

Анна: Жана жылды қарсы алуға дайынсыздар ма?

Мына сыныптарда керемет үлгілі оқушылар жиналыпты ғой !

Элза : Қай сыныптың балалары екен?

Анна: Балалар біз қандай жылмен қоштасып, қандай жылды қарсы алайын деп

отырмыз?

Элза: Өткен жылдың қамқоршысы Ит секілді Доңыз да салмақты, демек, бұл

жыл да тыныш әрі бір қалыпты өтеді деуге негіз бар.

Анна: Мына сыныпта өнерлі оқушыларды көріп тұрмын!

Элза: Ал мына сыныптан оқу озаттарын, «Алтын белгі», «Үздік аттестат»

иегерлерін көріп тұрмын!

Анна :бүгін сендерге оздеріңнің сүйікті ертегі кейіпкерлерің келе жатыр !

Элза: Қандай кейіпкерлерді көргілерің келіп тұр!

Жүргізушілер: рахметін айтады !

Жүргізуші: Жаңа жыл десе қыс ызғары, аппақ қар, шырша мен неше түрлі сыйлықтар есімізге түседі. Ал осы мерекенің басты рөлін сомдаушы Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл мерекесін елестету мүмкін емес. Ендеше, орнымыздан тұрайық, бетімізді бұрайық, шапалақты аямай ұрайық та шыршаны жағып Аяз ата мен Ақшақарды бірге дауыстап шақырайық, (Музыка ойнайды)

Оқушылар: Аяз Ата, Ақша Қар (дауыстап айтады)

(Қорқынышты музыка ойнайды)

Малифисента:

Шыршаны жағайық дейме!

Жоқ, жоқ жақпайсыздар!

Балалар Жаңа Жыл мерекесіне Аяз ата мен Ақша қарды шақырған екен.

Бізді неге шақырмайсыздар! Біз орманда Аяз Ата мен Ақша қарды көріп қалдық, Жаңа Жыл мерекесіне келе жатқандарын айтты, бізді шақырмағанын естідік.

Аяз Ата мен Ақша Қарды аюдың үңгіріне қамап кеттік. (Айқайлап күледі)

Балаларға Аяз Ата мен Ақша қар не үшін керек! Мен тұрғанда!

  • Ия балалар

  • Балалар айтады: Жоқ

  • Сіздерге кім керек

  • Балалар айтады: Аяз Ата мен Ақша Қар

Онда мен сендерге менің өзімнің Аяз Ата мен Ақша қарымды шақырып берейін!

Ей Жалмауыз кемпір мен Өлмес Кащей былай тұрыңдар! Жағыңдар мына шыршаны, Жаңа Жыл меркесін бастаңдар!

Өлмес Кащей: А-ха-ха-ха Менің Жалмауыз кемпірім шыршаны жақса, шырша отқа айналып, өртеніп күлге айналып кетеді. (Айқайлап күледі)

Жүргізуші: Жоқ шыршамызды жақпаңыздар! Одан да сіздер біздің оқушыларымыздың әндерін тыңдап көріңіздер! Егер оқушыларымыздың әндері сіздерге ұнаса сіздер Аяз Ата мен Ақша Қарды шақырасыздар!


ӘН:

Өлмес Кащей: - Ән керемет екен, маған ұнады.

(Содан Кащей, Жалмауыз Кемпір жеңіліп қалады)

Жүргізуші: Қанекей балалар! Бәріміз бірге хормен Аяз Ата мен Ақша Қарды ортаға шықарамыз! АУУУУУ – АУУУУ АЯЗ АТА, АҚША ҚАР!

Аяз ата : Армысыздар, балалар! Мереке кұтты болсын.

Қарша қыз : Сәлеметсіздер ме, кішкентай балдырғандар! Жаңа жыл берекеге толсын!

Аяз ата : Біз сіздерге жалғыз келген жоқпыз. Шығарып салғалы отырған Ит жылын ала келдік

Ит: Балалар менің жылым ең керемет жыл болды . Мені халық кие тұтатын жеті қазынаның бірімін. Мен сендердің достарыңмын! Биылғы жылы Қазақстан көптеген жетістіктерге ие болды!

Атап айтсам, ит жылында дүниеге келген керемет дауысты әнші Димаш Құдайберген Дүниежүзіне ән кешін беріп, шет елде өзіміздің қазақ тілімізде ән айтып, Димаш ағаларың ұқсап әнші болыңдар! Спорттың түрінен менің жылымда Данияр Елеусінов 5 дүркін чемпион болды. Мен де сендерге сондай спортшы болыңдар деп тілеймін! Жетістіктерді айта берсек, көп-ақ... Ендеше, сендерді көп күттірмей жана жылымызды шақырайық!

Аяз ата: ДОҢЫЗ жыл санауының жəне жыл қайырудың соңғы жылы. Кейбір түркі елдері, сондай-ақ Қазақстанның кейбір жерлері, мұны «қара киік жылы» деп те атай береді. Қазақ «доңыз» деп кəдімгі шошқаны айтады. Доңыз жылы көбіне ол тарихқа жайлы, тыныштық жылы болып келген. Онда неге тұрмыз шақырайық доңызды!

Ортаға Доңыз келеді.

Доңыз : Балалар , достар! Жаңа 2019 жыл мерекелі берекелі болып мерейлеріңіз үстем беделдеріңіз биік абыройларыңыз асқақ болуына әсте тілектеспін! Менің жылымдағы жоспарларың орындала берсін балалар!

Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін

Қуанышқа құшағың тола берсін.

Ескі жылың есіркеп көкейіңде

Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Аяз ата: Құрметті балалар!Жаңа 2019 жылда жағымды жаңалықтар телегей табыстар мол болсын! Жана жыл мерекелі де берекелі болып бақыт шаттық қуаныш құт береке әкелсін! Қай қайсымыз болсақта мерекелік кештен жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз біз сіздермен қоштаспаймыз мерекелік кешімізді әрмен қарай жалғастырамыз !

Қарша қыз:Аяз ата мына балалардың бойлары өнерге тұнып тұрған секілді !

Аяз ата :Ендеше балалардың өнерлерін тамашалайық !Қәне кімде қандай өнер бар ?!

Ән: Би:

Музыка ойнайды. ( Бауырсақ аңдардан қашып келеді)

(аңдар бауырсақты ұстап алады)

Бауырсақ: балалар маған көмектерің керек ? Мені аңдар жегелі тұр?

Жүргізуші: аңдар тоқтаңдар бізге бір ой келді келісейік !

Бауырсақ саған балалар көмек береді ! Солай ма балалар ?Бұл келісімді ойын арқылы өткізсек қалай ?

Жүргізуші: Ойынның шарты былай : жаңа жыл туралы балалар мен аңдар тақпақ айтудан жарыссын ! егер аңдар жеңсе бауырсақты жеп кояды :ал балалар жеңсе аңдар бауырсақты жемей дос болады !

Балалар тақпақ айтады.

(аңдар өлең айтудан жеңіліп қалады )

Аңдар айтады :балалар біз сендермен уәделескендей бауырсақты жемейміз біз дос боламыз !

Ән:

Көрініс

(алдар өлеңдетіп келе жатып бір әмиян тауып алады)

Алдар:Өййй мынау кімдікі, балалар сендер білмейсіңдер ма?

Бұл байдың әмияні секілді, қарапайым адамдардан тартып алған ақша ғой

(бай жүгіріп келеді)

Алдар: өйй байеке қалайсың ей?

(Екеуі амандасады )

Алдар: осы ертегіні істеген адамға айту керек еді амандасқанда қолымызды тигізсін

Бай:Алдар ей Алдар оны қоя берші сен менің әмиянімді көрдің бе?

Алдар:өйй жоғей қайдағы әмиян

Бай :ей Алдар мен сен жақтан ақшаның иісін сезіп тұрмын

Алдар : ее байеке ақша десе ішкен асыңды жерге қоясың міне сенің әмиянің бірақ мен мұны саған бермеймін!

Бай: неге бермейсің ?

Алдар: сен бұл ақшаны адал жолмен таппадың

Бай: ей Алдар қайдағы жоқты айтпашы,бер қане

Алдар:байеке тоқта тоқташы енді,былай келісейік

Бай:қалай?

Алдар: менімен және менің достарыммен сайыс ұйымдастырамыз келісесіңбе?

Бай:қандай сайыс

Алдар:сен мына әмиәнді бізден алып қойуың керек,ал егер алып қойсаң ақшаңды екі еселеп қайтарып беремін

Бай:келістік

Алдар:онда мен өз досымды шақырайын

(Алдар Жел аяққа қоңырау шалады,Жел аяқ жүгіріп келеді )

Жел аяқ:Алдар мені неге шақырдың

(Алдар ойын шыртын түсіндіреді )

Жел аяқ:Жарайды келістім,балалар сендер бізге көмектесесіндерма?

Алдар көсе ойыны

Алдар:бізге кім көмек бергісі келеді ?

(балаларды шығарады)

Алдар: ондай болса сайысымызды бастайық

(Бай біраз жүгіреді)

Бай:болды шаршадым ұтылдым

Жел аяқ:әне байеке арам ақша адал болмайды

Бай:кетшей сен

(Бай кетіп қалады)

Алдар:әне балалар не істесеңдер де адал істеңдер!Әйтпесе оның арты жамандыққа алып келеді (Алдар билейді)

Оқушылар биі



1-жүргізуші:Балалар сендермен бір ойын ойнайық! Ойынның аты ыстық орындық деп аталады. Кім ойнайды? Ойынның шарты орындықтар ойыншылардан кем болады. Сол орындыққа отыра алмай қалған ойыншы ойыннан шығады. Жеңіске жеткен ойыншымызға керемет сыйлығымыз бар. Ал кеттік

Жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы - қилы заман бар.
Ит жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!

Жүргізуші:-Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Ит жылын шығарып салайық.

ИТ ЖЫЛЫ
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
Жаңа жылда Доңыз жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!

  • Қош бол Ит жылы, біз сені тағы да күтеміз! Хор.

Аяз ата: - Ал, балалар, бүгінгі кеш тамаша болды. Барлықтарың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің де өте әдемі екен. Енді бізге рұқсат беріңдер, басқа балалардың өнерін тамашалауға барайық. Ал сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер!

Уа, мен батамды берейін, үстем болсын мерейің,

Әрқашан да бұл елге, қуанышқа келейін.

Жақсылық елден кетпесін жамандық келіп жетпесін.

Қыдыр болсын жолдасың, аруақтар қолдасын.

Қара ниет дұшпаның, бұл жалғанда оңбасын.

Аман болсын мал басың, адал болсын жолдасың

Бейбітшілік заман болсын, ел іргесі аман болсын,

Осы айтқаным қабыл болсын, батам менің тамам болсын, Аумин!

Оқушы: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,

Қабыл болсын ақ ниетті батаңыз,

Келесі Жаңа жылда жүздескенше,

Жыл сайын келіңіздер сіздер бізге.

Қош бол, Аяз Ата! Қош бол, Ақшақар! (барлығы хормен)

1-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.

Ал, балалар осымен жаңа жылдық мерекелік кешімізді тәмамдаймыз. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Біз сіздермен қоштаспаймыз. Келесі жаңа жылға дейін көріскенше қош сау болыңыздар! Жаңа жыл мерекесін жақсы атап өтулеріңізге тілектеспіз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
451
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі