Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Жас полиглот", 3-сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Жас полиглот", 3-сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
материал қазақ тілі пән мұғалімдеріне сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырғанда көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2019
1059
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ЖАС ПОЛИГЛОТ» 

(ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС)  

Сыныптар: 3 «А», «Б», «В», «Г», «Д», «Е»
Мақсаттары: 




1) көптілді білім беру, оқушылардың логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту;

2) оқушылардың тіл үйренуге деген деген қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту;

3)  жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбиелеу




Құрал-жабдықтар: 




Интербелсенді тақта, сценарий, бағалау парақтары, сыйлықтар, мадақтамалар мен сертификаттар, есеп

шығаруға арналған парақтар.





1- жүргізуші: 

Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар!

2-ведущий: Здравствуйте, дорогие ребята и гости!


1-жүргізуші:
Бүгінгі «Жас полиглот» атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!
«Жас полиглот» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! 
2-жүргізуші:

Мы рады приветствовать всех присутствующих на интеллектуальной игре “Юный полиглот». Представляем участников игры. 

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! 3-сынып оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.

1-жүргізуші:

1 – топ: 3 «А» сынып оқушылары Рашидов Ислам мен Югай Элизавета

2-жүргізуші:

2-группа: ученики 3 «Б» класса Сорокин Игнат и Ольхин Максим

1-жүргізуші:

3 – топ: 3 «В» сынып оқушылары Третьякова Анастасия и Кутулуков Наби.

2-жүргізуші:

4 – группа: ученики 3 «Г» класса Ким Дмитрий мен Чайкин Тимур.

1-жүргізуші:

5 – топ: 3 «Д» сынып оқушылары Ахедилов Алибек и Кожахметова Альфия.

2-жүргізуші:

6 –группа: ученики 3 «Е» класса Кайратов Ильхам мен Курбанов Махмад.

1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 3 байқаудан тұрады.

1 - бөлім: «Бұл не?»

2 - бөлім: «Бәйге»

3 - бөлім: «Мақалды жатқа айту»

2-жүргізуші:

1-тур: «Что это?»

2-тур: «Байге»

3-тур: «Выучить пословицы»

1-жүргізуші: Қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Қазақ тілі әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Қожамберді Г.Ж.

2-жүргізуші:

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Нұрлан А.Е.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Маметбакиева М.У.


1-жүргізуші: Ал ендеше, сайыскерлерімізді көп күттірмей сайысымызды бастайық!

2-жүргізуші: Всех участников просим быть внимательными, мы начинаем нашу игру.  

1-жүргізуші:

Жоғары, жоғары, жорғала,

Шапшаңдыққа таң қалма.

Ойын деген нарталас,

Жеңілемін деп ойлама! 
Бірінші тур «
Бұл не?». Экранға назар аударып, суреттерге мұқият қараңыздар. Әр топ оқушылары экранда көрсетілген зат атауларын үш тілде атау керек (орысша, қазақша, ағылшынша). 3 тілде де дұрыс айта білсе – 3 ұпай.

2-жүргізуші: Первый тур называется «Что это?». В этом туре вы должны назвать рисунок -ответ на русском,  казахском и английском языках. Каждый правильный ответ оценивается в 3 баллов.

1-жүргізуші: 

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе! 
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда! 
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз «
Бәйге» сайысына кезек береміз.

 2-жүргізуші: Мы переходим к следующему туру, который называется «Байге».

 1-жүргізуші: Осы турда сайыскерлер бір сан таңдап, артына жасырынған сұрақтарға 3 тілде жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Сұраққа дұрыс жауап бере алған сайыскер бір торкөзден екінші торкөзге өтеді.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз.

 2-жүргізуші: В этом туре вы должны ответить на вопросы на трех языках. Каждый правильный ответ оценивается в 1 баллов.


 1-жүргізуші: Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

Біз келесі турға өтеміз. Бұл турдың аты – «Жатқа айту». Алма ағашынан алма теріп алады, әр алмада мақал-мәтелдер жазылған. Дұрыс айтқан сайыскерге 5 ұпай беріледі.

2-жүргізуші: А мы переходим к следующему туру – «Выучить пословицы».



1-жүргізуші:

(Марапаттау. Вручение дипломов 1, 2, 3-й степеней и главного приза)

2-жүргізуші: Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе, біз ойынымызды аяқтаймыз!

Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!






















Анықтама

106 ЖББ мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Игенбаева Ж.Қ. мен Дәулетбақова Б.Ж. ұйымдастыруымен «Тілге құрмет – елге құрмет» атты тіл апталығы аясында «Жас полиглот» тақырыбында 3-сыныптар арасында зияткерлік сайыс өтті. Сайысқа әр сыныптан екі оқушыдан қатысты.

1 – топ: 3 «А» сынып оқушылары Рашидов Ислам мен Югай Элизавета.

2- топ: 3 «Б» сынып оқушылары Сорокин Игнат и Ольхин Максим.

3 – топ: 3 «В» сынып оқушылары Третьякова Анастасия мен Кутулуков Наби.

4 – топ: 3 «Г» сынып оқушылары Ким Дмитрий мен Чайкин Тимур.

5 – топ: 3 «Д» сынып оқушылары Ахедилов Алибек пен Кожахметова Альфия.

6 – топ: 3 «Е» сынып оқушылары Кайратов Ильхам мен Курбанов Махмад.

Сайыс бағдарламасы 3 байқаудан тұрды.

1 - бөлім: «Бұл не?»

2 - бөлім: «Бәйге»

3 - бөлім: «Мақалды жатқа айту».

Бірінші тур «Бұл не?». Экран суреттер көрсетілді, әр топ оқушылары экранда көрсетілген зат атауларын үш тілде атау керек (орысша, қазақша, ағылшынша). 3 тілде де дұрыс айтқан топ 3 ұпайға ие болды.

Екінші турда сайыскерлер бір сан таңдап, артына жасырынған сұрақтарға 3 тілде жауап берді. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай берілді. Сұраққа дұрыс жауап бере алған сайыскер бір торкөзден екінші торкөзге өтті.

Үшінші турдың аты – «Жатқа айту». Алма ағашынан алма теріп алды, әр алмада мақал-мәтелдер жазылған. Мақал-мәтелді жаттауға бес минут уақыт берілді. Дұрыс айтқан сайыскер 5 ұпаймен бағаланды.

Сайыс нәтижесі бойынша 3 «А» сынып оқушылары бас жүлдеге ие болды, 2-орын иегерлері – 3 «Б» сынып оқушылары мен 3 «В» сынып оқушылары 2-орынға, ал 3 «Г» сынып оқушылары мен 3 «Е» сынып оқушылары 3-орынға ие болды. Жеңімпаз оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сайыс жоғары дәрежеде өтті, оқушылар сайысқа белсене қатысып, қазақ тілі пәніне деген қызығушылығы артты. Сайыс ұйымдастырушылары қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Игенбаева Ж.Қ. мен Дәулетбақова Б.Ж. мақсаттарына жетті.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!