Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Жеңіс туы, желбіресін көгімде"

Сыныптан тыс жұмыс "Жеңіс туы, желбіресін көгімде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тәс шара өтілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
338
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Жеңіс туы, желбіреші көгімді » атты патриоттық ән кеші.

Мақсаты:   1.Ұлы  Отан  соғысы , оның  зардаптары,  Ұлы  жеңістің   

                        мән-маңызы  туралы  мағлұмат  беру.

                     2. Оқушылардың  тіл  байлықтарын,  ойын,  мәнерлеп  оқу 

                         дағдыларын  ұштау.

                     3. Отан  үшін  жан  қиған  аталар  мен  апалардың,  қазіргі   

                       таңдағы  арамызда  жүрген  ардагерлеріміздің  ерліктерін

                       үлгі  ете  отырып ,  оларды  құрметтеуге  тәрбиелеу;

                       Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа  шыншыл-

                       дыққа  баулу.

 

Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың            

                           суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер,

                           

1 – жүргізуші: 

- Құрметті  қонақтар , оқушылар ,  мұғалімдер !

   Әрқайсысымыз  үшін  жақын  да  қымбат  мереке  1941-1945  жылдардағы 

Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңіс  күні.

    Жеңіске  жету  жолында  Қазақстандықтардың  асқан  ерлігі  мен  әскери  жанқиярлығы  Отан  соғысы  тарихындағы  жарқын  беттерге  айналды. Сондықтан  Жеңіс  күні  әрқайсысымыздың  жүрегімізге  жақын.

 Өкінішке  орай   уақыт  сол  ұлы  оқиғаларға  қатысушыларды  біздің  қатарларымыздан  алып  кетіп  жатыр.  Олар  азайған  үстіне  азайып  барады. Бірақ  ешкім  де,  ештеңе  ұмытпауы  тиіс! Себебі , бұл – біздің  тарихымыз,  біздің  мақтанышымыз,  біздің  даңқымыз!


2 – жүргізуші: 

1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.

Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.


1 – жүргізуші:

 Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.

 

2 – жүргізуші: 

Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Сонымен 9 – мамыр Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы  қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным болсын иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

- Құрметті ұзтаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.

Ал енді Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерімізге арнап ескерткішке гүл шоқтарын қояйық.

 

1 – жүргізуші:  

 «Ешкім  де  ұмытылған  жоқ,  еш  нәрсе  де  ұмыт  қалған  жоқ».  Осынау  сөздер  Жеңіс  күнін  мерекелеу  кезінде  жиі  айтылады, осынау  сөздер  соғыста  қаза  тапқандар  ескерткіштеріне де   қашалып  жазылған.

Енді құттықтау сөз мектеп директоры Адилхан Темирхан Адилханулына беріледі.

      Кек  қайтарып  фашистен ,

                          Соғыс  бітті  жеңіспен.

                          Жеңдік  жауды  күресте,

                          Жасалсын  той  мереке! – дей келе 1-сынып оқушыларын қарсы алайық .

 

Данияр

 «Соғыс!» деп айтқан суық сөз,

Сіресіп қатқан мұз – қардай

Тыныштық сүйген қауымды,

Тітіркендірді ызғардай.


Екі дүние айқасты,

Майдандасқан аулада.

Фашистерді шайқаста,

Езгіледі табанда

Бейбітшілік орнаттық

Күн ортақ барлық адамға.


Гүлбахар

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлемінде қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпаққа олар жайлы айтады әні


Аян

Жерден, көлден, аспаннан

Соқты, жауды ел күнде

Берлинде алғаш басталған

Бітті соғыс Берлинде.


Сол сұрапыл қанды ұрыста

Түн түндігі түрілген

Күн күлімдеп, таң шапағы білінген


Назерке

Сол сұрапыл қанды ұрыста

Біздің ерлік танылған

Әрбір көше, әр бұрышта

Жеңіс дабылы қағылған

Сүйінші, сүйінші халқым!

Белін бекем буыншы

Жеңдік жауды күйрете

Жасалған той – мереке


Әбдрахман

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұл әні.

Ер азат, еңбек, ерлік,ер ерлікті,

Еңбектің өрнегімен жер көріпті

Мыңдаған Қазақстан күрескері

Жеңіске жеткізді елін, ерлер ері


Исламбек

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп

Ендігі бар балаға

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай!

Тойып жейтін нан болып.


Асланбек

Арылтып жерден жауыңды,

Табанға жаншып өлімді

Жеңіске желпіп өмірді,

Десеңдер бұл қай күні?

- 9 – мамыр күні

Кептерлер қалқып көкте ойнап

Қызыл ту шалқып, көк байлап.

Мәре-сәре, мәз-мәйрам

Отанымыз той тойлап

Десеңдер бұл қай күні

- 9 – мамыр күні.


Нұрбақыт

70 жыл – бейбіт көктем таң атқан,

70 жыл – шуақты күк таратты әнін

Есімде сонан бері 70 рет

Ашылды жеңіс күнінің парақтары.

70 жыл – үзілмейді құстар әні

Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі

70 жыл – жауымыздың ажал оғы

Біздің ел үстінен ұшпағаны


ӘН: Ұландарды ортаға шақырамыз. 2 сынып оқушылары.

2 – жүргізуші: 

 Жеңіс  деген  жақсылықтың  сыңары,

                     Жігер  менен  құштарлықтың  құралы.

                     Күрескердің  арманы  мен  ұраны,

                     Қуаныш  пен  мерекенің  бұлағы.


1 – жүргізуші:

 Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.

       Жауынгер біздің саңлақтар,

                          Жауды жеңген солдаттар.

                          Ардақты Отан – ел үшін,

                          Бақытты туған жер үшін.

 

2 – жүргізуші: 

  9 мамыр – Жеңіс  күні  өмірді  сүйер  адамзаттың  есінен  мәңгі  кете ме?  Бірақ  бұл  Жеңіс  оңайлықпен  келген  жоқ.

Оқ  борады күні-түн

                    Жатты  жерді  от қарып.

                    Алға  қарай  ұмтылды,

                    Батыр  қазақ   оқты алып.

Би: «Еркетай » би тобын қарсы алыңыздар.

 

1 – жүргізуші: Гитлершілдер  соғыстың  бас  кезінде  190  дивизияны, 5  мыңдай  ұшақты, 3700 танкті,  50 мыңдай  қару  шабуылға  шығарды.

Жерімізге  басып  кірген  жау  әскерінің  жалпы  саны  5,5  миллион  адамға  жетті.

Жиырма  сегіз, жиырма  сегіз – бір  ғалам,

                   Анау  жаудың  танктері  лаулаған.

                    Ресей  кең,  Отан  кең , артымызда  Москва.

                    Шегінуге  хақымыз  жоқ ,  хақымыз  жоқ  бір  қадам.

 

2үргізуші: 

Осы  сұрапыл  соғыста  жауды  талқандап  Ұлы  Жеңіске  жетуге  қазақстан-дықтар  да  сүбелі  үлес  қосты. Жүздеген  мың  қазақстандықтар  қолына  қару  алып ,өз  Отанының 

бостандығы  үшін  күресті.

   Орыс , қазақ ,  қырғыздан,

                       Құрылған  бұл  шағын  топ.

                       Жауға  үрей  туғызған

                       Жайпап  түсер  жалын  боп. – дей келе 5 – сынып оқушыларының орындауында ән «Соғыстан қайтқан солдаттар »

 

1 – жүргізуші:

  Берлинді  шабуылдады,  Рейхстагқа  қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс  туын  тікті 1945 жылы 30сәуірде.

Туын  жықпай  қолдағы,

                      Опат  болды  елі  үшін.

                      Кеудесімен  қорғады,

                      Азаттықтың  жемісін. Дей келе ортаға 8 – сынып оқушыларының орындауында «Сарбаздар» биі қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші:

 Біздің  халқымыз  қазақтың  батыр  қыздары  Әлия  Молдағұлова  мен 

Мәншүк  Мәметованың  есімдерін  мақтанышпен  атайды.    1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанды.
    Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Даламыздың  даңқысың,

                     Балауса  гүл  балғын  қыз.

                     Жанын  қиып  халқы  үшін,

                     Жанып  түскен  ақ  жұлдыз.

«Мәншүк» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 4 сынып оқушылары.


1-жүргізуші:

  Әлия Молдагұлова (1925-1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.
«Отан үшін алға!»-деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды.
        Әлия соғыс жылдары ірі-ірі шайқастарға қатысып,мергендігімен аты шықты. Ер жүрек мерген қыз 20-ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.

      Ән: «Әлия!» орындаушы Болатова Бану 6 – сынып оқушсыорындайтын

ӘН. 19 жас орындайтын 2 класс оқушылары.

2 – жүтүргізуші:

 Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.
                        Жас ұрпақ, асыр сап

                        Шырқайды Ерлікті ән қылып,

                        Небір заңғар таулар құлазып шөссе де,

                        Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік

 

                    Тынбай  атты  гранатты.

                    «Отан» деген  отты  лебіз-

                    Жандарынан  жалын  атты.

7 – сынып оқушыларының орындауында «Катюша» әнін қарсы алыңыздар

          

1 – жүргізуші:  Ия,  бұл  Жеңіс оңайлықпен   келген  жоқ. Ұлы  Отан  соғысына  қатысып  ,  ерлік  көрсеткен   Қасым  Қайсенов,  Нұркен  Әбдіров,  Бауыржан  Момышұлы,  Талғат  Бигелдинов,  Рақымжан  Қошқарбаев,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова  сияқты  есімдері  аңызға  айналған  аталарымыз  бен  апаларымызды  тарих  бетінде  «Батыр»  деп  жазып  кетті.

Кетпес  олар  естен  мәңгі,

                         Кектері  тұр  кеудемізде,-

                         Ерлік  даңқы -  жеңіс  таңы

                         Жарқыратып  келді  бізге.

 3- класс оқушылардың орындауында хор «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар.

 

2 – жүргізуші:  1945  жылдың  9  мамыры. Герман  фашизмінің  күйрей  жеңілген  күні.  Жеңіс!  Ұлы  Жеңіс!

                   Сүйінші , халқым  сүйінші,

                   Сүйіншіге  -  сүйінші!

                   Шаттан  ата-анамыз!

                   Шаттан  ата-бабамыз!

          9 сынып      оқушылары Орынбаева Алима мен Әскербаева Айгерімнің орындауында «Елім меннің» әні

 

1 – жүргізуші:Жеңістің  туы  жалтылдап,

                         Жығылмай  мәңгі  тұрады.

                         Сол  тумен  өскен  аршындап,

                         Ерлердің  бізбіз  ұланы!

Құрметті көрермендер бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келіп тамашалағандарыңызға көптен – көп рахмет. Көріскенше сау болыңыздар!

 




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ