400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сыныптан тыс жұмыс "Жігіт сұлтаны" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты ата дәстүрді құрметтеуге, Отансүйгіш, еңбекқор азамат болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ер Сұлтан

Мақсаты: Жас ұрпақты ата дәстүрді құрметтеуге, Отансүйгіш, еңбекқор азамат болуға тәрбиелеу. Жеке тұлғаны қалыптастыру.

Барысы:

Армысыздар, жиналған ата-ана, ұстаз,

Салт-дәстүрсіз халықтың мәні болмас.

Ортаңыздан талпынып қанат қақты,

Өнер сүйер ұландар өрімдей жас.


Келешек қой, осылар, барға шүкір,

Алдарыңда ақ қанат-арманы тұр.

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп,

Сахнаға алғаш рет шықалы тұр.


- Міне, ардақты ағайын, бүгін алдарыңызда «Ер сұлтан» жас ұландар байқауы өткелі тұр. Тілін, халқының дәстүрі мен салтын, әдебі мен өнерін баршамыздың алдарыңызда сарапқа салғалы отыр. Халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда сұлтандарымыздың үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Олай болса ұландарымыздың батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер Сұлтан» байқауына жиналып отырмыз.

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертең-ақ азамат болғалы тұр.

Өнерпаз ұландарды қошаметтеп,

Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл, - дей отырып, сайысқа қатысатын

ұландарымызды құрметтеп ортаға шақырайық:

Бірінші ұланымыз

Екінші ұланымыз

Үшінші ұланымыз

Төртінші ұланымыз

Бесінші ұланымыз

Алтыншы ұланымыз

Жетінші ұланымыз

Өнерпаз ұландарымызбен танысып болсақ. Енді сайысымыздың шарттарын таныстырып өтсем:

1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру
2. «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
3. «Күш атасын танымас» - қол күрестіру

4. «Құралайды көзге атқан» - асық ату

5. «Ескірмейтін есті сөз»

6. «Сән думан»
Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік. Енді сайыскерлеріміз әділ қазы алқасынан жеребе алсын.
Сәттілік тілейміз.

І.Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «
Таныстырсам өзімді» - деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-ші, 7-ші.
Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.

ІІ. «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері ұлдарымыздың өнерін тамашаласақ.
Келесі шартымыз
«Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші. 5-ші, 6-ші, 7-ші.
Әділ қазы алқасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» шартының бағасын берсеңіздер.

ІІІ. Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі шарты
«Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде ұлдарымыз қол күрестіреді. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші. 5-ші, 6-ші, 7-ші.
Әділ қазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының бағасын берсеңіздер.

ІҮ.Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында
«Құралайды көзге атқан» асық ату шартына береміз. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші. 5-ші, 6-ші, 7-ші.
Әділқазылар алқасы «Құралайды көзге атқан» шартының бағасын берсеңіздер.

Ү. Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата - салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Ұлдарымыздың өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз
«Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта ұландарымыз сұраққа жауап береді, ұландарымызды білім сайысына шақырамыз. Қоржыннан алынған асық нөмір бойынша сұрақ беріледі.

№1. 1. Жеті атаңды ата?

2. Еңбек туралы мақал – мәтел айт.

№2. 1. Қазақтың белгілі үш биі кімдер?

2. Отан туралы мақал-мәтел айт.

№3 1. Еліміздің тұңғыш президенті кім?

2. Оқу – білім туралы мақал – мәтел айт

№4 1. Қазақстанда ғарышқа кім және қашан ұшты?

2. Өнер, тіл туралы мақал – мәтел айт.

№5. 1. Тіл мерекесі қай күні? Мемелкеттік тілді ата.

2. Ерлік – батырлық туралы мақал-мәтел айт.

№6 1. «Абай жолы» кітабын жазып, әлемге қазақты танытқан жазушы кім? Тағы қандай шығармаларын білесің?

2. Отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтел айт?

№7. 1. «Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан» - кімнің өлеңі?

2. Ана туралы мақал-мәтел айтып бер.

Әділқазылар алқасы «Ескірмейтін есті сөз» шартының бағасын берсеңіздер.

ҮІ. Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап,

Сән думанға барлығы аттанады.

Келесі сайысымыз "Сән думан" деп аталады.

Әділқазылар алқасы «Сән думан» шартының бағасын берсеңіздер.

Сайыста жеңіс те бар, жеңіліс бар,

Қуанып шаттанып, күлу де бар.

Өнерін тамашалап отыр қауым,

Сайыста әділқазылар тағы да бар.

Осыман сайысымыздың шарттары бітті. Әділқазы мүшелері жинаған ұпайларды есептегенше қыздарымыз өз онерлерін тарту етіп ұлдарымызды құттықтап, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытынды

Сен жас ұлан Отан – ана өркені,

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Әнұранмен шарықтатар өлкені.

Өнеріне халқымның бас иетін

Тыңдап өскін бабалар өсиетін

Сен-қазақтың баласы өнер сүйген,

Қадірлеген елінің қасеитін! –

дей отырып қорытынды сөз кезегін әділ қазыларға ұсынамыз.


Жас ұландарды марапаттау. Сайыстың ең үздік ұланына «Ер сұлтан»

Мақтау қағазымен марапаттау.

Келген қонақтарға алғыс білдіріп қоштасу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі