«Сынып сұлтаны»
сайысы
Мақсаты:Оқушыларымызды Отанын
сүюге,елін қорғар азамат болып өсуге тәрбиелеу.Өнерін
шыңдауға,ізденімпаздыққа үйрету.
1-бастаушы:-Қайырлы кеш, құрметті
қатысушы көрермен қауым, ұстаздар және оқушылар!Мектебіміздің жол
көрсетер ағаларын,Отанын сүйер ұлдарын алда келе жатқан
мерекелеріңізбен құттықтап,еңбектеріңізге жеміс, дендеріңізге
саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!
2-бастаушы:- Біздің сынып ұлдары бұрын да
сан қырынан көрініп,мектебіміздің,сыныбымыздың,КТК сайысының
жеңімпаздары атанып, сан қырынан танылған болатын. Сіздер бүгін
6-сыныптың сегіз қырлы,бір сырлы ұлдарының өнерін басқа қырынан
көріп тамашалайсыздар.
1-бастаушы:-Сейілтіп бүгін барлық
күдіктерді,
Оятып кеудедегі
үміттерді.
Өнерін тамашалап көрейік
бір
Сегіз қырлы,бір сырлы
жігіттердің.
2-бастаушы:-Ілесіп өмір атты ұлы
ағынға,
Келіп тұр кіл өнерлі
сірә,мұнда.
Бір қырлы,сегіз сырлы нар
жігіттер,
Ойнайтын асау аттың
құлағында.
1-2-бастаушы:Жақсыларды әрдайым ел
мақтаған,
Жігітті ел мақтаса,қыз
жақтаған.
Қошаметпен біздағы қол
соғайық,
Шығар болса шын сері бұл
сыныптан.
1-бастаушы:--Құрметті көрермендер, ендеше
бүгінгі «Сынып сұлтаны» байқауының үміткерлерін қол
соғып,қошаметпен ортаға шақырайық:
-Сайыскерлерді
таныстыру:
Абдрахманов Асылбек-сыныптың
оқу екпіндісі,бишісі
Қожабаев Алмат-сыныптың оқу
озаты,бишісі,облыстық,аудандық сайыстардың
жеңімпазы
Базарбаев Рүстем-сыныптың оқу
екпіндісі,әнші
Айтказин Біржан-КТК –ның
мүшесі,биші
Түспеков Әділ-сыныптың оқу
озаты,биші,КТК-ның жетекшісі
Отанмұратов Еламан-суретші,КТК
–ның мүшесі
Камитеев Нурул- сыныптың оқу
озаты,облыстық,аудандық сайыстардың
жеңімпазы
Уразканов Темирлан- сыныптың
оқу екпіндісі,биші
Мыңжанов
Ғасыр-биші,спортшы
2-бастаушы:Сайыскерлерімізді сынап,әділ
бағасын беретін әділ-қазылар алқасын
таныстырайық:
Дінслямова Ашура-Тәрбие ісінің
меңгерушісі
Кудусбаева
Роза-Ата-ана
Зайкенов Төлеген-дене
шынықтыру пәнінің мұғалімі
1-бастаушы: Сайыскерлеріміз енді келіп,қоржыннан өздерінің
реттік номерлерін алсын
2-бастаушы :Сайысымыздың шарттарымен
таныстырып өтейік:
1.Жігіттің ажары,түр
сымбаты (Ұлттық үлгідегі «Сері жігіт»
келбеті)
2. «Мен туған жер ұлымын»
(Өзін
таныстыруы)
3. «Өнерліге өріс
кең» (Ән айту,би билеу, көркем сөз
оқу)
4. «Көңілі ояу,көзі ашық»
(Сұрақ-жауап)
5. «Күш атасын
танымас» (Спорттық сайыс-қол күрестіру
, гир көтеру)
6.Шеберлік
өнері (Қол-өнер шеберлігін
көрсету)
7. «Сән
үлгілері» (Жаңа сән үлгілерінен модалар
көрсету)
1-бастаушы:-Қарызын қайратынан
арқалада,
Бәйгеге ұлы дүбір қосылшы
бір
Сыныптың сұлтаны боп
арқалана,
Шықшы сен арамыздан жеке
дара,-деп сайысымызды бастайық.
2-бастаушы:-Жігіттер ойын арзан,күлкі
қымбат
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен
сымбат,-демекші жігіттеріміздің сыр сымбатын
тамашалаңыздар.
(1-ші сайыстың бағаларын
берсеңіздер)
1-бастаушы: Бұл сайыста үзеңгi
қағыстырып,
Көрейiк, ұлдарымызды
жарыстырып.
Бұл залда бiлетiн бар,
бiлмейтiн бар,
Әрбiр ұл көрсiн өзiн
таныстырып,-деп сөз кезегін таныстыруға
береміз.(2-ші сайыстың бағаларын
берсеңіздер)
2-бастаушы:Не істейді түк білмейтін
өресіздер,
Қыран жігіт самғайды
білесіздер.
Сегіз қырлы,бір сырлы осы
ерлердің,
Сайыпқыран өнерін
көресіздер.
Кезекті өнерге
берейік.(3-ші сайыстың бағаларын
берсеңіздер)
1-бастаушы:-Көрсетті ерлер өзіндік
тұлғаларын
Не айтсаңда тұратын сынға
дайын.
Сұрақ беру арқылы
айырамыз
Көңілі ояу,көзі ашық кім
боларын.
Кезекті білімдік сайысқа
береміз,әр сайыскер әділ-қазылар алдынан сұрақтарды
алсын.(4-ші сайыстың бағаларын
берсеңіздер)
2-бастаушы: Сан ғасырдан
жалғасып,
Қолөнер де
келеді.
Көріңіздер
тамсанып,
Шеберқолдар
өнерін.
Бәйгеге түсiп
жарыспай,
Жүйрiктiң бағы
жанама.
Шеберліктен өнер
көрсетіп,
Ұлдарымыз шықсын жарыса ,-деп
сайыс кезегі ұлдарымыздың қол-өнеріне де келіп жетті.Әділ-қазылар
алқасы сайыскерлеріміздің қол-өнерін көріп бағасын
берсін.(5-ші сайыстың бағаларын
берсеңіздер)
1-бастаушы: Туған жер азаматтың мекені
екен,
«Сыныптың сұлтанына» бас
бәйгеге
Кімдердің бағы жанып жетеді
екен?.
Намысты бермеу үшін қолдан
өзі,
Жігіттер спорттан сынға түседі
екен...
Олай болса, келесі кезекте
ұлдарымыз спорттық сайыстан күш сынасып
көрсін. (6-шы сайыстың бағаларын
берсеңіздер)
2-бастаушы: Бәйгеге түсiп
жарыспай,
Жүйрiктiң бағы
жанама.
Модадан сән
көрсетіп,
Ұлдарымыз шықсын
ортаға
(Соңғы сайысымыздың бағасын
беріңіздер)
1-бастаушы:-Сайысымыз мәресіне де келіп
жетті,әділ-қазылар алқасы қорытындысын шығарсын. Сіздер сынып
қыздарының өнерін тамашалаңыздар:
Ән: «Күзгі бақ» орындайтын
Үміткер
Би:Карина мен
Аида
Ән: Еркежан Би:Қыздар
тобы
1-бастаушы:-Түзелмес жігіт адам сыннан
өтпей,
Жасынан әр нәрсеге
машықтанбай.
Бір қырлы,сегіз сырлы болу
керек,
Қорынып,сәл нәрсеге жасып
қалмай.
2-бастаушы:- Ежелден туған жерің-киелі
жер,
Бас иіп топырағын сүйеді
ел.
Шежіре тұнып тұрған тұла
бойы,
Өнерлі ұрпағы бар сүйе
білер
Қорытынды сөз сынып
жетекшіміз Қамаргүл Мұратқызына
беріледі.
«Сынып сұлтаны» да мәресіне
жетті.Көңіл қойып тыңдап,қошамет көрсеткендеріңізге көп рақмет! Сау
болыңыздар!
«М.Әуезов атындағы орта
мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сынып
сұлтаны
Сынып жетекшісі:Разина
Қамаргүл
1. А)Қазақтың ұлттық ат
ойындарын ата
Б)Әке көрген оқ
жонар,.........
2. А)Жеті қазынаны
ата.
Б)Жаңбырмен жер
көгерер,................
3. А)Қазақтың салт-дәстүрлерін
ата
Б)Отан үшін отқа
түс,...........
4. А) Бір атадан тараған
ұрпақтың 7 тармағын ата
Б)Ерді намыс
өлтіреді,..............
5. А)Жігіттің 3 жұртын
ата
Б)Білекті бірді
жығады,...............
6. А)
Жылқы малын жасына қарай қалай
атайды?
Б)Досы көпті жау
алмайды,..............
7. А)Қазақтың ұлттық
тағамдарын ата
Б)Сумен ойнама
батарсың,.............
8. А)
Қазақтың музыкалық аспаптарына
қандай аспаптар жатады?
Б) Ағасы бардың жағасы
бар,...........
9. А)
Ат әбзелдерін
ата
Б)Әке асқар
тауың,............
Сұрақтар:
1.Қазақтың
ұлттық ат ойындарын ата(көкпар, аударыспақ,қыз қуу,жамбы ату,
бәйге)
2.Жылқы
малын жасына қарай қалай атайды?(құлын,
жабағы,тай,құнан,дөнен,бесті)
3.Қазақтың
музыкалық аспаптарына қандай аспаптар
жатады?(жетіген,қылқобыз,домбыра,сыбызғы,шаңқобыз
,сазсырнай)
4.Ат
әбзелдерін
ата.(ер,тоқым,ішпек,жабағы,қанжыға,үзенгі,құйысқан,өмілдірік,айыл,көпшік,
тартпа айыл, жүген, тізгін
ноқта,шылбыр,тұсамыс,өре,шідер,арқан)
5.Жеті
қазынаны ата( ерен мылтық,сұлу әйел,тазы ит,
6.Жігіттің
үш жұрттын ата(нағашы,өз,қайын)
7.Қазақтың
салт-дәстүрлерін ата
8.Қазақтың
ұлттық тағамдарын ата
9.Бір атадан
тараған ұрпақтың 7 тармағын ата