400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Жүйрік болсаң, озып көр" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне көмекші құрал болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Әліпбекова Торғын Талғатқызы

«Қостанай қаласы әкімдігінің №24 мектеп-гимназиясы» ММ


Тақырыбы: «Жүйрік болсаң, озып көр»

Мақсаты: 1. Оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау, өз - өздерін емін - еркін ұстай білуге үйрету, білім деңгейлерін толықтыру, тез әрі нақты жауап қайтару.
Оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әр түрлі білім сайысына қатысуға дайындау. Ойлау қабілеттерін, зейін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, презентация
Түрі: интеллектуалды сайыс (сыныптан тыс жұмыс)

Әдісі: сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану, қазақ тілі

Платформа: ZOOM
Барысы:
1. Кіріспе бөлім.
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

«Жүйрік болсаң, озып көр» атты сыныптан тыс іс-шараға қош келдіңіздер! Халқымыз жан - жақты адамды «Сегіз қырлы, бір сырлы»дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның білімі. Олай болса бүгін 3 сынып оқушылары алған білімдерін ортаға салады. Оқушылар сіздерге сәттілік тілеймін!


Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүйрік болсаң, озып көр» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымыздың ойын кезеңдерімен таныс болдыңыздар.


1кезең- «Таныстыру»

2кезең -"Кім жүйрік"
3кезең- «Жұмбақтар сыр шертеді»

4 кезең – «Тез ойлап, тез құра»
5 кезең – «Логика әлемі»

6 кезең – «Кім алғыр?»

-Олай болса алғашқы кезең-Таныстыру.(Әр оқушы сыныбын, есімін таныстырып өтеді, есімінің алғашқы әрпімен өзін сипаттайды)


-Сайысымыздың екінші кезеңі- "Кім жүйрік"

Топтың тапсырмалары:

Бұл бөлімде 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі. Топ жауап бере алмаған жағдайда келесі, топтың жауап беруге мүмкіндігі бар.

1.1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)

2.Абайдың шын  аты кім? (Ибраһим)

3.Күй атасы (Құрманғазы)

4. Үш жүзді ата? (Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)

5.Кел балалар оқылық өлеңінің авторы кім? ( Ы. Алтынсарин)












3 кезең- «Жұмбақтар сыр шертеді». Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады. Шешуін 3 тілде айтып, шешуіндегі сөзге мақал- мәтел құрап айтулары қажет.

  1. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап-книга-book Күш - білімде, Білім кітапта. )

  1. Күзетіп үйді тұрады,

Дала оның тұрағы.

Бөтен адам келсе егер,

Үріп-үріп қояды. (ит-собака-dog Ит- жеті қазынаның бірі.)

  1. 777 мен 111 сандарының бөліндісі (7-семь-seven жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл)

  2. Ең кіші үш таңбалы сан (100-сто-hundred Жүз теңгең болғанша , жүз досың болсын)

  3. Жердің әсем көркіне

Көз тоймайды өзіне

Исі аңқып, түсі жанып,

Түрлі түрлі болады

Жердің көркі

Ол не? (гүл-цветок-hundred Гүл өссе жердің көркі,қыз өссе елдің көркі)


4 кезең «Тез ойлап, тез құра»

Суреттерге қарап жасырылған мақалды табулары қажет.

Оқу инемен құдық қазғандай

Жүз теңгең болғанша жүз досың болсын.


5 кезең «Логика әлемі» Сөз құрамынан сан есімді тауып цифрмен жаз.

  • • Түбір ( Тү+ 1)
    • Кекіл (к+2+л)
    • Күшік (к+3+ік)
    • Дербес (дер+5)
    • Балтыр (Б+6+р)
    • Жетік (7+к)
    • Сегізкөз (8+көз)
    • Тоғызқұмалақ (9+ құмалақ)


  1. кезең. «Кім алғыр?» Әріптердің орнын ауыстырып сөздер құрау.

Шапағат сөзінен бірнеше зат есімді сөздер құрайды. (апа, аға,ата, ат, таға, ағаш, т.б )

Сонымен оқушылар сайыстың ақ пен қарасын шешетін кезеңде келіп жетті.

Құрметті көрермендер ! Өздеріңізбен бірге қызықтап отырған «Жүйрік болсаң, озып көр» атты сайысымыз аяқталды. Бүгінгі өткен сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз беремін.

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізер сіздей өренді
Білімдінің сырына!
Олай болса, ұщқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы қасиеттерді бойларыңа қалыптастыратын ҚР жақсы азаматы мен азаматшасы болып өсіңдер демекпін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қазан
734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі