400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сыныптан тыс жұмыс "Жұлдызды сәт"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілді. саяхатқа шығу арқылы оқушылар "Бәйтерек" монументімен танысып,әртүрлі тапсырмалар орындайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіз елге -білімді ұрпақ

Мақсаты: 1.Оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық білімдерін қадағалау, жеңімпаз топты анықтау.

2. Оқушылардың өздігінен ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділіктерін арттыру.

3. Оқушылардың өз біліміне деген сенімділігін нығайту, өзін – өзі бағалай білуге, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды сайыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер, сұрақтар,слайд

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабының әр бетін.

2.Сайыс тақырыбы,мақсатымен таныстыру

-Ендеше біз кітаптан және мектептен үйренген білімімізді бүгінгі өткізгелі отырған «Тәуелсіз елге білімді ұрпақ» атты сайыста көрсетуіміз керек. Сайыс тақырыбының мәнін ашу.Сайыс мақсаты мен өткізілу жоспарымен таныстыру. Топқа бөлу, топ ережесімен таныстыру

Жұмбақ

1топ

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

2 топ

Көлде жүрген ақ үйрек,

Түнде бар да, күндіз жоқ (Ай)

Бағалау түрімен таныстыру .Жұлдызшамен бағалау

-Бүгін біз саяхатқа шығамыз.Қайда саяхатқа шығатынымызды білу үшін сұрақтарға жауап берейік.

а) Ой қозғау

Берілген сұрақтарға бірінші жауап берген топ бағаланады.

-Отан дегеніміз не?

-Біздің Отанымыз қай ел? -Қазақстан қандай ел?-Тәуелсіздік күнін қай күні тойлаймыз? Биыл неше жыл толады?

-ҚР Президенті кім? -Біздің ана тіліміз қай тіл?

-ҚР Елордасы қай қала?

-Ендеше біз Астана қаласына саяхатқа шығамыз.Немен бартынымызды жұмбақ арқылы шешейік.

Жұмбақ

Көше бойлап аяңдайды, 
Адам тасып аялдайды. Автобус

Бәйтерек жайлы бейнетаспа көру

1 Бәйтеректің» жерасты бөлігіне кіру

Ол үшін тапсырма орындау

«Күн»тобы

Берілген сөзді оқы,сөзде неше дауысты дыбыс бар екенін анықта

Астана

«Ай» тобы

Берілген сөзді буынға бөліп айт,сөзде неше дауыссыз сөз бар екенін анықта

Елорда

2 тапсырма «Өлең-сөздің патшасы» Аквариум көру

Отанымыз жайлы тақпақтар айту

3 тапсырма «Кім тапқыр?» Сувенир дүкен,және картинкалар көру

Мәтіннің тақырыбын тап,әрі қарай жалғастыр

Сергіту сәті

Асханаға бару

2. Математика пәні «Кім жылдам?»

а) Қалып қойған сандар қатарын жазу

1 1* 13 14 * 16 * * 19 20

20 * 18 * 16 * 14 * * 11

4 тапсырма «Кім алғыр?»

Ондық пен бірлікке жіктеу

Астана бейнетаспа көру

5 тапсырма «Жеті жұрттың тілін біл» Қазақ ,орыс,ағылшын тілінде жаттаған сөздерін сұрау

Аялы алақан тілек арнау смаилк жапсыру



3.Сайыс қорытынысын шығару, жеңімпаз топты анықтау. Сабақтан алған әсерлерін бас бармақ арқылы көрсету

«Қара жорға »биін билеу.

Садыкова Замзагул Калдыбаевна,

бастауыш сынып мұғалімі

Бидайық жалпы орта білім беретін мектебі,

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы,

Бидайық ауылы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
465
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі