Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс Жүрегім толы мейірім 5-7-сыныптар Жанкушева Райхан Серикбаевна
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс Жүрегім толы мейірім 5-7-сыныптар Жанкушева Райхан Серикбаевна

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану құндылықтарының мәніні ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2021
766
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бала би ауылы

«№50 Абай атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өзін өзі тану мұғалімі

Жанкушева Райхан Серікбайқызы



«Жүрегім толы мейірім»

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына адамгершілік,мейірімділік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.

Іс шараның түрі:Қайырымдылық концерті.

Көрнекілігі: Акция эмблемасы,қанатты сөздер,безендіру

жұмысы,бейнеролик

Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.
Бұл өмір тәтті де емес тамсанатын
Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын
Ойсыздарға ой салған оқпан болып
Асып – тасқан жерінде ән салатын
Күлкі емес күмбір қағып мөлдіреген
Анаңның жүрегі емес елжіреген
Еркелетіп бойына үйретіп ап,
Кеудеңе кептеп қояр желді үдеген
Кейде жұрттың бәрінен артық етіп,
Түсірмейді қолынан асық етіп.
Бұл өмірге, апыр-ау дауа барма?
Кейде нұқып тастайды жасық етіп.
Қызығы да өмірдің осы болар,
Сан қилы мінезімен тосып алар.
Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,
Бауырындай құшақтап қосып алар.

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата – аналар, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық қамқорлық акциясына қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық,

кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым » деген даналық сөзінда айтылғандай.«Жүрегім толы мейірім» атты қамқорлық акциясының негізгі мақсаты: жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа – дей отыра бүгінгі «Қайырымдылық» қамқорлық акциясының аясында ұйымдастырылып отырған қайырымдылық концертіне хош келдіңіздер!

Дәстүрлі өткізілетін акция жалғасын табуда. Олай болса акцияда демеушілік көрсетіп жүрген,құрметті қонақтарымыз ел ағаларына сөз беру:

Жүргізуші:Құрметті балалар! Сені жан – ділімен жақсы көріп , тәрбиелеп жүрген қамқоршы ата – анаңның көңілін қалдыратын іс жасасаң , сен ешқандайда жақсылыққа лайықты жан емессің , өйткені кімде – кім тәрбиелеп отырған ата – ананың жақсылығын білмесе , басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Сондықтан сіздерден сұрайтынымыз қамқорлық көрсетіп отырған ата – ананың қадірін біліп , оларды ренжітпей , ата – анаға деген ізет , құрметіңді аямасаң , саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны деп біл.

Жүргізуші: -Өмір неткен тамаша!Жарық дүниеде өмір сүріп,қаншама адамға жолығасың!

-Қаншама ізгілікті ,қуанышты,жақсылықты көресің,өмірге ғашық бола түсесің!

-Ақ бар жерде қара болатыны белгілі ғой.Сондықтан да қайғы–мұңды,жалғыздықты,қатігездікті көресің.Оған да дайын болуың керек.

-Оны да бізбен бірге бөлісетін достарымыз,туыстарымыз бар. Ендеше,

Жүргізушілер хормен: Бар жақсылық балаларға!

Жүргізуші: -Күлші күнім,көрші күнім

Қандай ғажап өмір бүгін.

Жерді орап гүл бағына,

Сыпырдық біз көк түндігін

Шын анада ізгі жүрек

Шын анада игі тілек

Бақыт құсы ұшсын түлеп

Бар әлемде күлсін бөбек

-Бейнеролик: «Тағамның асылы қара нан, адамның асылы кәрі анаң»

Жүргізуші:

-Адам жаны нәзік қой,қай уақытта болсын жылы

сөзге,жақсылыққа,ізгілікке құштар.Адам

аялағанды,құрметтегенді,ілтипатпен тіл қатқанды ұнатады.Ізгілік-көкіректегі жақсылыққа ұмтылған нәзік сәуле.Бұл сәуле күн шапағаты тәрізді жүрекке жарық сыйлайды. «Мың адам салған көпірді бір адам бұзады,бір адам жаққан отына он адам жылынады» дейді қазақ, ендеше, бар мейірімімізді балаларға төгейік,ағайын!

Жүргіуші:-Бүгін ,міне ,есте мәңгі сақтар күн,

Алып ұшқан түйініндей хаттардың.

-Балдырғанға аппақ жолын сыйлаған,

Куәсіндей балалық бақ шақтардың

-Ертеңге қалқам қарасаң,

Қол бұлғап алға тұрғандай

-Шақырып жарқын болашақ,

Шаттықтан отау құрғандай

-Айналайын ,адамдар,

Болашаққа аман бар.

-Жұмыр жерде ғұмыр бар,

Ғұмырлы бол адамдар!

- Демеушілерді атап өту

Барлық демеушілер мен акцияның өтілуіне атсалысқан қайырымды жандарға алғысымыз шексіз.

Қазақстан көк байрақты нұр едің

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім

Өзің менің қуанышым бақытым

Өзің менің мқтанышым тірегім

Жүргізуші: Адамның азаматтық қасиеті өз қара басына емес, басқаға жасаған қайырымдылығымен,парасаттылығымен, жақсылықты қорғауға, ізгілікті қолдауға, жалпы өмір тануға қосқан қомақты үлесімен өлшенеді.

Жер жерлердегі жүргізіліп жатқан «қайырымдылық» акиялары мен түрлі іс-шаралар осынау бір адамзаттың рухани экологияға ұшыраған заманында бұлтты күнгі жарып шыққан күнмен бірдей болып отыр. Осындай «Атымтай жомарт» ел ағалары мен қайырымды жандарды көргенде жаны жайсаң қазақ халқының жанының жайсаңдығының нұры сезілгендей. Менің де жаным қайырымдылықты қалайды.Айналадағы қам көңіл,күйбең тіршілікте бір-бірімізге рухани да, материалдық тұрғыда да демеу бола білейік. Қараңғыда шырақ, жарықта шуақ болғайсың, адамзат!

«Жылуы жоқ үйден без,қайырымы жоқ биден без»,-дегендей қайырымдылық,адамгершілікті биік ұстап,кісілікті ту етіп,көкірегі қаяулы,қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытып келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!