400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Жылы жүздесу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс барлық пән мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бакитжанова Акмарал Амангелдиевна

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қорғантұз ЖОББ мпектебінің

информатика пәні мұғалімі

Сыныптан тыс жұмыс

Бағдарлама атауы:«Жылы жүздесу»

Бағдарлама мақсаты:Өткенге үңіле отырып, оқушылар өнеге алар, болашақта үлгі тұтар тұлғамен жүздесу.

Бағдарлама барысы:

Армысыздар «Мамандықтың бәрі жақсы...» тақырыбындағы семинарға қатысушы қонақтар, әріптестер, оқушылар! Бүгінгі мектебімізде өткізіліп жатқан семинар барысында ұйымдастырылып отырған «Жылы жүздесу» бағдарламасына қош келдіңіздер! Мектепте дәстүрге айналған «Жылы жүздесу» бағдарламасында әдеттегіше ауылымыздан, аймақтан, ауданнан шыққан белгілі тұлғалар, еңбегін халқы елеген азамат-азаматшалар кейіпкер ретінде қонақта болады.


(Бағдарлама мақсатына сай Кейіпкердің өміріне тікелей қатысы бар балалық достары, жастық шақтағы достары, отбасын студияға шақыру арқылы оның жан-дүниесін ашып, көптен көрмеген жанына жақын адамдарды тосынсый ретінде шақырып, елге белгісіз қырларымен танысамыз. Ұлт руханиятына, мәдениетіне, мемлекет болашағына, ел мүддесіне қалтқысыз еңбек етіп жүрген тұлғалардың өмір жолын бүгінгі ұрпаққа насихаттап, дәріптейміз).


Ендеше бүгінгі «жүздесудің» қонағы киелі Байқадам топырағынан шыққан, қара шаңырақ Қорғантұз орта мектебінің түлегі, белгілі кәсіпкер, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, туған жеріне қызмет жасап жүрген Шәкірбекұлы Бердібек мырзаны ортаға шақырамыз.


Сұрақ: Туған топырағыңызға, алтын ұя мектебіңізге Қош келдіңіз! Ұшқан ұяңызға аудандық семинар қонағы ретінде келген сезіміңізбен бөліссеңіз.


.......................................................................................................................


Сұрақ: Сіздің өмір жолыңызда Қорғантұз орта мектебінің алатын орны ерекше екенін білеміз. Осы ретте бір сәт оқушылық өміріңізді көз алдыңызға елестете отырып, Бала Бердібек, Оқушы Бердібек қандай болғанын айтып берсеңіз.


.......................................................................................................................


Сіздің қандай оқушы болғаныңызды ұстазыңыздан естісек. Ендеше бастауышта тәлім берген Бағдагүл Нуруллақызын ортаға шақырайық.


БАҒДАГҮЛГЕ СҰРАҚ: Сәлеметсіз бе. Бағдарламаға қош келдіңіз. Бердібек Шәкірбекұлы қандай оқушы еді? Сабақ үлгерімі қандай болды. Жалпы сол кездегі оқушылар жайында сөз қозғасаңыз.


.......................................................................................................................


Сұрақ: Достарың сыйласын десең, өзіңді сыйлайтындай ілтипат көрсет. Достық – адам өміріндегі ең асыл қазына оны бағалай білу де, сақтай білу де, олармен өткізген кезді сәнді де, мәнді де, қартайғанда еске аларлықтай өткізген дұрыс дегендей,- өзіңіздің бала шақтағы, жастық шақтағы, осы шақтағы достарыңыз жайлы айтсаңыз. Достарыңыз көп пе?


.......................................................................................................................

Адамдар қанша жасқа келсе де, мектеп өмірін, ұстаздары мен сыныптастарын сағынып жатады. Бүгінгі бағдарламаға замандасыңыз,ауылдасыңыз Қорғанбек Рамазанұлы келіп отыр. Ендеше ортаға шақырайық.



СҰРАҚ: Қорғанбек Рамазанұлы, бағдарламаға қош келіпсіз. Мектеп қабырғасында Бердібек қандай еді.


.......................................................................................................................

Мектеп қабырғасында өзіңізге ұстаздық еткен, жетекшілік еткен Дәметкен Бақытжанқызынан сіз туралы бір ауыз сөз айтуын өтінген едік, ендеше тыңдайық.

.......................................................................................................................


Сұрақ: Мектеп бітіріп, 1993 жылы қазіргі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығына оқуға түстіңіз. Бұл мамандықты таңдауға не әсер етті? Халықаралық дәрежедегі экономист маманы екеніңізден де хабардармыз. Өзіңіз игерген мамандықтар жөнінде айтсаңыз. Ерекшелігі, киындығы мен қызығы туралы.

.......................................................................................................................


Сұрақ: Ең алғашқы еңбек жолыңызды ұстаздық қызметтен бастағаныңыз көпшілікке мәлім, алғашқы еңбек жолыңыз жайында мағлұмат бере кетсеңіз? Ең алғашқы жұмыс күні....


.......................................................................................................................


Сұрақ: Мінез – әркімнің көздеген мақсатына жетудегі жігерлі талпынысынан туатын құбылыс. Мінез – үлкен істе де, кішкене істе де «осыған менің қабілетім жетеді» деген ұмтылыспен жүзеге асады. Сіздің әр белесті бағындырудағы жігерлілігіңіз, ұмтылысыңыз туралы біле отырсақ.

.......................................................................................................................


Сұрақ. Көпшілік білетін шипалы «Шалқар суы», «Шалқар еті» өнімдеріңіз туралы, «Нұралы» шаруа қожалығы жайлы сөз қозғап, жалпы кәсібіңіздің берекелі болуының сырымен бөліссеңіз?


.......................................................................................................................


Сұрақ: Осындай елге сыйлы, талапты ер азамат болып өсіп жетілуде өскен ортаның әсері орасан. Сіз секілді еліне, халқына ерінбей еңбек қылып жүрген баланы өсірген ата – анаңыз, туған туыс бауырларыңыз, жалпы отбасыңыз жайында сөз қозғамасқа болмас.


.......................................................................................................................


СҰРАҚ:Бердібек Шәкірбекұлын маман ретінде, кәсіпкер ретінде ел таниды, ағайын арасындағы қарым-қатынаста, отбасындағы Бердібекті сипаттап берсеңіздер.


Осы ретте Бердібекке тілекші ең жақын адамы анасымен байланысқа шықсақ. Ана тілегін тындасақ.


.......................................................................................................................

Мектебіңізге келіп тұрып, ел болашағы - жастарға, мектебіміздің бүгінгі қонақтарына ыстық лебізіңізді білдірсеңіз.

.......................................................................................................................


Бақыт деген – еңбек. Өз еңбегіңнің жемісін жеп күресе білу, өмірге ілесе білу – бақыт. Уақыттың өткенін білмесең, өзіңді бақыттымын деп есептей бер, - демекші біз сізді бақытты жандар қатарынан деп білеміз. Бақытты болыңыз, еңбегіңіз еленіп, табысыңыз еселенсін. Келгеніңізге, әсерлі әңгімеңізге мың алғыс.



Өмірде әркімнің өз жолы бар,

Ал оны дара ету - өз қолыңызда!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі