Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Кешегі оқушы, бүгінгі студент, ертеңгі маман"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Кешегі оқушы, бүгінгі студент, ертеңгі маман"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал студенттер кездесу, мақсаты оқушыларға мамандық таңдауға жол көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
778
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кешегі оқушы, бүгінгі студент, ертеңгі маман» тақырыбындағы студенттермен кездесу кешінің сценарийі

Мақсаты:Студенттерді кездесу кешіне шақыра отырып,мамандық таңдау,оның адам өмірінде алатын орны,маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.Әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін,озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету.

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, мектеп табалдырығынан сусындап білім алған, студент жастар және оқушылар!

2-жүргізуші: Бірінші кілт білімде,

Екінші кілт дұрыс жол.

Үшінші кілт бақытқа,

Жетелйді білсең сол.

1-жүргізуші: Болса кімнің талабы,

Өмірден жол табады.

Еңбегіне лайық

Адам болып шығады-,дегендей жастар еліміздің болашағы. Егемен еліміздің болашағы білімді ұрпақ.

2-жүргізуші: Жаңа Қазақстан! Біз жаңашылдыққа білім нәрімен жететініміз сөзсіз. 2020 жылға қарай «Жоғары білім сапасы» ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоғарғы оқу орындар әлемнің жетекші университеттердің рейтингіге енуге ұмтылулары керек. Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары «Жаңа халықаралық университет», «Арнаулы қор» және «Интеллектуалдық мектептер» секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ.

2-жүргізуші: Ендеше осындай сенім артқан істі атару үшін білімді болу – бұл біздің міндетіміз.

1-жүргізуші: Көңілге ұнар шықса ән сыңғырлаған,

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,

Елітіп тұла бойың балбыраған,-дегендей бүгінгі студенттердің құрметіне Қыдырбеков Әілеттің орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Біздің кешке қонақ болып келіп отырған студент жастарымызды ортаға шақырайық.Олай болса алғашқы құттықтау сөз кезегін Мектеп директорының уақытша мәндетін атқарушы А.Ожаеваға берейік.

1-жүргізуші Армысың студенттер қалың қалай?

Жүрегім бір өзіңді сағынады-ай.

Дүниені шарқ ұрып іздесемде,

Өзіңнен басқа жақсы табылады-ай.

Армысың айналайын жиналғандар?

Сахнаның төрінде сыйланғандар.

Барлық студентеріміз бас қосыпты

Ал енді айтыңдаршы кімде арман бар?

Енді өздеріңіз жайлы қысқаша таныстырып өтсеңіздер

2-жүргізуші: Енді студенттер арасында ойын ойнасақ.

1-жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері бар.

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі,

Тыңдағанға көңілдің әсері бар

2-жүргізуші: Олай болса ендігі кезекті ситуациялық сұрақтарға берсек:

Сізд қаңтардың 17-жұлдызы күні сағат 15:00де болатын мектептегі студенттермен кездесу кешіне шақырды. Дәл осы уақытт мектепке кіре бергеіңізде алдыңыздан оқушы шығып қолындағы шелектегі суын сіздің үстіңізг төгіп алды. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз?

Сіз үгін ашық сабақ өткелі тұрсыз. Барлық сабақ тақырыптарын инерактивті тақтаға сақтап қойдыңыз. Сабақ басталар уақытта жарық өіп қалды. Ашық сабағыңызға қатысып отырған оқушылар мен ата-аналарға қалай түсіндіресіз?

Ертең сіз қиналатын сабақтан мемлекеттік эмитхан. Бірақ сіздің ең жақын досыңыздың туған күні, барсаңыз ертеңгі эмтиханға дайындалуыңыз керек, бармасаңыз досыңыз өкпелейді. Сіздің әрекетіңіз?

Сіз жатақханада тұрасыз. Ертең демалысқа қарсы бәрі бһлмелерін кілттеп, үйлеріне қайтып кетті. Баратын үйіңіз жоқ, сіздің қарныңыз ашып, мазаңыз кетті. Бөлмеде шайдан басқа тағам түрлері жоқ. Сіздің әрекетіңіз?

Сіздің 1-ші курста оқитын кезіңіз. Студенттердің сүйікті мерекесі 17 қараша күні болатын мерекеге қарсы отырыс ұйымдастырылған. Соған үйлеріңізден 2 сағатқа сұранып келдіңіз. Бірақ келгеніңізге 2 жары сағат болды. Сол кезде сыртқы есік ашылып, үйіңіздегілер айқайлап, сізді алып кетті. Достарыңыздың алдында қатты ұялдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?

Сіз емтихан тапсыру үстіндесіз. Жақсы баға алу үшін мұғаліміңіз сізден ақша талап етті. Сіздің қалтаңызда еш ақша жоқ. Бірақ қасыңыздағылардың бәрі осы әрекетке көшіп, осылайша емтиханнан оғай құтылуда. Ал емтихан уақыты аяқталуға аз ғана қалды. Осы кезде сіздің әрекетіңіз? (өз әрекетін айтады)


Соған бұрып әр кезде жүред ішім,

Сен өзі кітап оқып жүремісің?

Бір сұрақты онда қояиын саған,

Қасиетті кітапты білемісің?

Құран деп мына студенттер шын айтады,

Біліміңді сынайын былай тағы,

Кітаптан барлық оқу табылады,

Оқу білім бұлағы деп кім айтады?

1-жүргізуші:Енді студенттер арасында ойын ойнасақ

1-ойын :айналу

2-ойын: Смайликтерді бейнелеу

Ал енді оқушылар арасында студенттерге сұрақтарығыз болса қойсаңыздар.

Әнніңде де естісі бар,есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйлі,

Тыңдағанда көңілдің әсері бар-дей келе студеттерден қонақ кәде сұрайық

Ән: «Мектебім» Сержанқызы Кәусәр

Студент ертеңіне жол ашады

Асқақтап нұрлы болар болашағы

Дәл осы мектебімде білім алып

Арманға аласармас қыр асады-деп «Кешегі оқушы, бүгінгі студент, ертеңгі маман» атты кешіміз өз мәресіне жетті.Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!