Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Көктем аруы - 2019" 1-4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ













Көктем аруы - 2019


















Орындаған: Данибекова И.А.













Сабақтың тақырыбы: «Көктем аруы - 2019».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың, ұстазапайлардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуін, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мереке өтетін орын оқушылардың өз қолдарымен жасалған гүлдер, жалаушалар, түрлі – түсті шарлармен безендіреді. Аналар туралы буклеттер, кітаптар, мақал – мәтел жазылған плакаттар.

Сабақтың түрі: Сайыс.

Сабақтың барысы:

  1. «Сәлем – сөздің анасы» - таныстыру.

  2. «Өнерлі өрге жүзеді» - өз өнерін көрсету.

  3. «Сұрақ - жауап» - карточкаларға жауап беру.

  4. «Қыздарға әсемдік жарасады» - сән үлгісі.

  5. «Шебердің қолы алтын» - картоп, жұмыртқамен жұмыс.

  6. «Үй тапсырмасы» - сурет, қол өнер жасап әкелу.

Халқымыздың аналарды қастерлеп келгеніне ғасырларға ұласқан тарих куә. Сол дәстүр қазір де жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа!

Құрметті ардақты аналар, аяулы қыздар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз. Мына жарық дүниенің мәніде, сәні де сіздерсіздер.

Бүгінгі «Бүлдіршін аруы» атты байқауымызға қош келдіңіздер!

Жаны сырлы жанары таң қыздар – ай,

Сәуле шашқан өмірге нұр қыздар – ай,

Көрік болған көгімде жұлдыздар – ай,

Құдіретпен жаралған жан қыздар – ай.

-дей келе, бүгінгі байқауымызға қатысушы аруларымызды сахна төріне шақырамыз.

Құрметті арулар, бүгінгі байқауымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар. (қазылармен танысты)

Аруларымыз сыналатын байқауымыздың шарттарын атап өтейін:


  1. «Сәлем – сөздің анасы» - таныстыру.

  2. «Өнерлі өрге жүзеді» - өз өнерін көрсету.

  3. «Сұрақ - жауап» - карточкаларға жауап беру.

  4. «Қыздарға әсемдік жарасады» - сән үлгісі.

  5. «Шебердің қолы алтын» - картоп, жұмыртқамен жұмыс.

  6. «Үй тапсырмасы» - сурет, қол өнер жасап әкелу.

Ана өмірдің қуанышы, тірегі,

Бала – оның жұбанышы, жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген,

Ол әр дәйім тыныштықты тіледі.

-деп келе сайысымыздың алғашқы турын бастайық.

«Сәлем – сөздің анасы» - таныстыру.Аруларымыз өздерін таныстырып өтсін. Жақсы, қазылар алқасы өз бағаларын берсін.

Келесі сайысымыздың шарты «сұрақ - жауап» - карточкаларға жауап беру.

Қазір үстелдің үстіндегі карточкаларды алып, өз жауаптарыңды бересіңдер. Қазылар өз бағаларын берсін.

Келесі сайысымыздың шарты «Шебердің қолы алтын» - картоп пен жұмыртқамен жұмыс.Қазылар өз бағаларын берсін.

Келесі сайысымыздың шарты «Өнерлі өрге жүзеді» - өз өнерін көрсету. Аруларымыз кезекпен шығып өнерлерін көрсетеді. Аруларымыз дайын болғанша бізге ұлдарымыз өздері дайындаған тақпақтарын тамашалайық.

Шуакты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық. Ақниет

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан балалар,

Аналардан туған не бір даналар.

Ана деген – тіршіліктің тірегі.

Армысыздар, қасиетті Аналар! Қуат


Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз. Али


Шалқып – тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана, сені құттықтап,

Әндетемізбәріміз. Жандос

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам, ақ мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қайда да. Алтынбек


Ақыл құйған санама,

Күннен де артық, расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда. Ельнар


Менің әжем, ақ әжем-

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып берер тағы әжем. Алишер

Қазылар өз бағаларын берсін.

Келесі сайсымыздың шарты «Қыздарға әсемдік жарасады» - сән үлгісі.

Қазылар өз бағаларын берсін.

Аруларымыз дайындағанша бізге ұлдарымыз өздері дайындаған «Ана туралы жыр» атты ән шашуларн тамашалайық.

Сайысымыздың соңғы шарты «Үй тапсырмасы» - сурет, қол өнер жасап әкелу. Аруларымыз үйден жасап әкелген сурет не болмаса қол өнерлерімен таныстырады. Қазылар алқасы бағаларын береді.

Қазылар алқасының шешімі дайын болғанша:

Балаға ең жақын, сіз – Ана, даналар,

Сіздің ыстық құшағыңыз бала пана болар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі-бала үшін,

Құрметті аналар, қазір балаларыңыздың құттықтау-тілектерін қабыл алыңыздар! Балалардың дайындаған ашық хаттары таратылсын.

Аруларымызды марапаттау. «Көктем аруын» анықтау.


Бүгінгі «Көктем аруын» атты байқауымызды аяқтаймыз. Ата – аналар жылы лебіздерін білдіреді. Келгендеріңізге көп рахмет, келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2019
535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12