Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс: «Көңілді мәре спорттық сайыс» ойыны.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс: «Көңілді мәре спорттық сайыс» ойыны.

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2021
671
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ. Өскенбай атындағы Қима орта мектебі











Shape1











Тақырыбы: «Көңілді мәре спорттық сайыс» ойыны.









Өткізген: Директордың тәрбие жұмысының меңгерушісі

Биримжанова Лиза Асқар.










Тақырыбы: «Көңілді мәре спорттық сайыс» ойыны.


Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.


Көрнекі құралдар: қапшық, теннис шары, доп.


Өтілетін орны: Спорт зал


Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, сқырғыш, қапшық, шар т.б құрал жабдықтар.


Өту барысы:


Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Көңілді мәре» спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Командалар ортаға шығады.

Мұғалім: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топ аттарын айтыңыздар.

(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)

Мұғалім: Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!


Оқу ісінің меңгерушісі:


Тәрбие ісінің меңгерушісі:


Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!


Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.


«Мұртты кенгуру» сайысы.


«Пингвин» сайысы.


«Қаңбақ шар» сайысы.


«Доп лақтыру» сайысы.


«Теннис шарымен жүру» сайысы.


«Қаппен секіру» сайысы


«Әтештер» сайысы


Мұғалім: 1 конкурс: «Мұртты кенгуру» сайысы.


Балалар қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп келеді.


(Ойыншылар жарыса бастайды)


Мұғалім: 2 конкурс: «Пингвин» сайысы.


Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)


Мұғалім: 3 конкурс: «Қаңбақ шар» сайысы.


Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кету керек.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Мұғалім: 4 конкурс: «Доп лақтыру» сайысы.


Баскетбол добын жерге соғып барып сеткаға лақтыру, қайтарда тағы соғып келу.

(Ойыншылар жарыса бастайды)


5 конкурс: «Теннис шарымен жүру».

Оқушы тенис шарымен жүгіріп, жалаудан айналып, кері қайтадан жүгіреді. Келесі оқушы ойын жалғастырады.


конкурс «Қаппен секіру» сайысы

Оқушылар қапты киіп, секіріп барып, алда тұрған шарды жарып ішіндегі тапсырманы орындап, дұрыс жауабын тауып кері секіріп қайту. Келесі оқушылар ойынды жалғастырады.



7 конкурс « Әтештер » сайысы

Әр топтан 1 ұл баладан шығып шеңбер ішінде бір аяқтарын ұстап бір – бірін итеріп шеңберден шығарады.

Енді сайысымыздың жеңімпазарын таныстыру үшін сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.


Мұғалім:

Ұрпақ керек ертеңгі алда,


Болашақты болжайтын.


Дені таза, тәні таза,


Елін, жерін қорғайтын!


Денсаулық-басты байлық өмірдегі,


Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.


Салауатты өмір салтын насихаттап,


Атанайық жақсы азамат өңірдегі.


Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Көңілді мәре» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!