Күні: 16.02.2016
жыл Уақыты: 1130
Тақырыбы: Бүлдіршіндер
көшбасшысы
Мақсаты: Мектепалды даярлық тобындағы
балалардың алған білім мен
біліктерін көпшілік алдында көрсете білуге,
өздерін еркін
ұстауға баулу, жылдамдылыққа, шыдамдылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: безендірілген сынып,
сылдырмақ
І. Ұйымдастыру
кезеңі
-сайысқа қатынасатын балалармен
таныстыру;
-әділ-қазылар алқасын сайлау, көрермендермен
таныстыру;
-балалардың психологиялық ахуалын
жақсарту;
-сайыстың бөлімдерімен
таныстыру;
1-бөлім: «Кім жылдам?»
2-бөлім: «Ойнай отырып
ойлан»
3-бөлім:
«Бәйге»
ІІ. Негізгі бөлім
«Кім жылдам?» бөлімі
-Тақтадан балалар қай сала
бойынша жарысатынын таңдайды, қойылған сұрақтарға жарыса жауап
береді. Математика, айналаны қоршаған орта, сауат ашу, денсаулық
салалары қамтылады.
Математика саласы
бойынша:
-
Ағашта 3 торғай отыр еді оған 2 торғай келіп
қонды. Барлығы неше торғай болды? ( 5 торғай)
-
Екі
қолыңда неше саусақ бар? ( 10 саусақ )
-
Теңізде 8 балық жүзіп жүр еді оның 3-уі басқа
жаққа жүзіп кетті. Неше балық қалды? ( 5 балық )
-
Екі
жарты алманы қосса неше алма болады? ( 1 алма )
-
Ағашта 3 банан өсіп тұр. Жерде 4 маймыл бананды
жеуге әрекеттеніп жатыр. Неше банан жетіспейді? ( 1 банан
)
-
Орындықта неше аяқ бар? ( 4 аяқ
)
Айналаны қоршаған орта саласы
бойынша:
-
Бір
жылда неше мезгіл бар, ата.
( жаз, күз, қыс, көктем )
-
Қыста ұйқыға кететін аң. ( аю )
-
Қандай жануарлар мезгілге байланысты түсін
өзгертеді? ( қоян, қасқыр, тиін, түлкі )
-
«Қызыл кітап» деген не? ( тұқымы азайып бара
жатқан аңдар мен өсімдік, құстарды қорғауға алатын кітап
)
-
Қосмекенді жануарды ата ( бақа, тасбақа, ақ
аю)
-
Мыңдаған жылдар өмір сүретін ағаш ( шырша,
қарағай)
Денсаулық саласы
бойынша:
-
Адамның негізгі дене мүшелерін ата ( бас, кеуде,
қол, аяқ )
-
Ауаның қасиетін ата ( түссіз, иіссіз, дәмсіз
)
-
Ауырмас үшін, денсаулық мықты
болу үшін не керек? ( тамақ, дәрумендер, күнделікті жаттығу жасау
керек)
-
Баста қандай мүшелер орналасқан? ( көз, құлақ,
мұрын, ауыз )
-
Жүрек қай жерде орналасқан? ( кеуде қуысында
)
-
Адамда неше тіс бар? ( 32 тіс )
Сауат ашу саласы
бойынша:
-
Қазақ тілінде неше әріп бар? ( 42 әріп
)
-
Ә
қандай дыбыс? ( дауысты )
-
Я
қандай дыбыстардың қосарлануы арқылы жасалған? ( й мен
а)
-
Ата
сөзінде неше әріп бар? ( 3 әріп)
-
Қадап қойып қазыққа байлап қойдым шеңберді? ( Ю
әрпі )
-
Қалам қандай дыбысынан басталып тұр? ( қ дыбысы
)
( Жинаған ұпайларына қарай келесі бөлімге өткізу,
ұпайы аз 2 оқушыны ойыннан шығау)
ІІ бөлім
«Ойнай отырып
ойлан»
2 минут ішінде құрастырмақтан мағыналы заттар
құрастыру, санын есептеу.
( Жасаған заттарын санап, аз жасаған 2 оқушыны
ойыннан шығару)
ІІІ бөлім
«Бәйге»
Әр оқушыға 10 сұрақтан қою
А-
варианты
-
Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз
мемлекет)
-
Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? (3 қабырғасы
)
-
Құстар неше топқа бөлінеді? (2 топқа отырықшы
және жыл құстары)
-
Мемлекеттік рәміздерді ата (Ту, елтаңба,
гимн)
-
Есту мүшесіне не жатады? (
құлақ)
-
Тудың түсі қандай? (көк)
-
Түйенің төлін ата ( бота )
-
Аққаланы қандай қардан жасайды? ( жабысқақ
қардан)
-
«Ақ алтын» дегеніміз не? (
мақта)
-
Алма көкөніс пе, жеміс пе? (
жеміс)
Ә-
варианты
1. Қазақстанның президенті кім? (
Н.Ә.Назарбаев)
2. Төртбұрыштың қанша қабырғасы бар? ( 4
қабырғасы)
3. Тоқылдақты тағы қалай атайды? ( орман емшісі
)
4. Қазақстанның туында нелер бейнеленген? ( күн,
бүркіт, ою-өрнек)
5. Көру мүшесін ата ( көз )
6. Төрт түлік малды ата (
жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе)
7. Қардың түрін ата ( қырбық
қар, ұлпа қар, сұр қар, қиыршық қар)
8. Қара алтын дегеніміз не? ( көмір
)
9. Қияр көкөніс пе, жеміс пе? ( көкөніс
)
10. Қыстағы судың күйін ата ( мұз
)
Жалпы ұпай сандарын есептеу, «Бүлдіршіндер
көшбасшысы - 2016» номинациясына сай келетін оқушыны анықтау,
марапаттау, сыйлық тапсыру, басқа оқушыларға үлгі
ету
Сүмбе орта
мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сванбекова Адемі Майратовна