Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Мамандық таңдау -маңызды шешім" 9,11 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Мамандық таңдау -маңызды шешім" 9,11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандыққа бағдар беру кавбинетінің ашылуына дайын сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2020
991
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАМАНДЫҚҚА БАҒДАР БЕРУ КАБИНЕТІНІҢ АШЫЛУЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ»

МАҚСАТЫ:

Мектеп түлектеріне болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру; қоғамға бір пайдасы тиетін мамандық иесі болуға тәрбиелеу

ШАҚЫРЫЛҒАН ҚОНАҚТАР:

1. Ауыл әкімі Оспанов Т.К.

2. Ұлан ауданы білім бөлімінің қызметкерлері

3. Колледж қызметкерлері

4. Кәсіпкерлер палатасы Кусметова А

5. Ауыл кәсіпкерлері (мектеп түлектері): Сағатов Н, Қыдырмолдина А, Муликов С

6. Ақсақалдар алқасы: Мухамеджанов Р

7. Әйелдер алқасы: Амерханова Г.Н.

8. Мектеп түлектері: Бектембаев А, Нұртазин Е, Үміт Т, Саркенов Ж, Жұмағалиев А,

Сембинова Ж

І. БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру кезеңі (қонақтарды қарсы алу, арнайы әзірленген дастарханнан дәм беру)

 ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ: 

Акт залына жиналу. АШЫЛУЫ: «Жігер» домбырашылар ансамблінің орындауында күй.

Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, ұстаздар, мектеп түлектері, оқушылар “Мамандық таңдау -маңызды шешім” тақырыбында мамандық таңдауға бағдар беру кабинетінің ашылуына қош келдіңіздер! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді”. Ақыл жастан , асыл тастан деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар.Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр кез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.

Бір кездері Мағжан бабамыз:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін,- деп бекерден -бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам ,халық алдындағы борышымызды , міндетімізді сезіне білуіміз қажет.

Ендеше бүгінгі салтанатты жиынның құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар. (келген қонақтарды таныстыру)

Келген қонақтардың құрметіне:

1. 7-сынып оқушыларының орындауында би

2. Ән «Мектебім». Орындайтын Таңжарықова Алина мен Мұрат Парасат

Келесі кезекте мамандыққа бағдар беру кабинетінің тұсаукесер рәсіміне кезек берейік. Ол үшін барлығымыз сол кабинетке қарай бет бұрайық. Тұсау кесу рәсімі мектептің екі түлегі және аудандық білім бөлімінің маманы Нурсултанова Нұргүл Бекайдаровнаға тапсырылады. (музыка ойналады)

Барлығы ашылған кабинетке жайғасады.

Салтанатты рәсімнің құттықтау сөз кезегі:

1. Мектеп директоры Д.М. Асаубаевқа беріледі

2. Келесі құттықтау сөз аудандық білім бөлімінің маманы Нурсултанова Нұргүл Бекайдаровнаға беріледі

3. Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұхамеджанов Р өз жылы лебізін білдірсін

4. Құттықтау сөз әйелдер алқасының төрайымы Амерханова Г.Н. беріледі

Бұл жиынымыз «Ашық микрофон» әдісі арқылы жалғасады. Онда 9-11 сынып оқушылары келген қонақтарға және мектеп түлектеріне сұрақ қояды. Сұрақтар:

1.Сізге мамандық таңдауға кім әсер етті?

2.Не себепті бұл мамандықты таңдадыңыз?

3.Егер қайта мүмкіндік болса, қай мамандықты таңдар едіңіз?

4. Мамандық таңдауда ата -анаңыздың ықпалы болды ма?

5.Бұл маман иесі болу үшін қандай пәндер тереңдетіліп оқытылады?

6.Студенттік өмір мен оқушылық өідің айырмашылығы мен ұқсастығы неде деп ойлайсыз?

7.Жаксы маман иесі болу үшін не қажет?

8.Қазіргі заман талабына сай, дамыған елдің маманы болу үшін не қажет деп ойлайсың?

Ендігі кезекте мектеп түлектері және мектеп оқушыларымен «Мен мамандық әлемінде» ойынын ойнап көрейік. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: қазіргі заманның табысты және ауыл балалары таңдай бермейтін мамандардың атауын табу. Әр топқа екі сөзден беріледі.

Мектеп түлектеріне:

Аниматор- суретке жан бітіруші.

Мультипликатор -мультифильмдерді және арнайы телевидениеге арналған заставкаларды жасайды.

Оқушыларға:

Декоратор -түрлі мекемелерді, ғимараттарды арнайы әсемдеуші.

Интерьер дизайнер- кеңседегі жиаздарды талғаммен орналастыра білетін маман.

Екінші кезең: «Ең, ең» деп аталды. Онда маман иелерін табу. Әр топқа үш мамандықтан беріледі:

Мектеп түлектеріне:

Ең,ең ақшасы көп.....(банк қызметкері)

Ең ,ең жасыл.....(бақташы,гүл өсіруші,географ)

Ең,ең тәтті....(аспаз,кондитер)

Мектеп оқушыларына:

Ең,ең күлкілі......(клоун)

Ең,ең жауапты.........(сот,бухгалтер)

Ең,ең салмақты.....(заңгер, мұғалім)

Екі кезеңдегі ең мықты топ аталады.

Келесі кезекте енді мамандық таңдағалы отырған 9-11 сынып оқушыларына 6- сынып оқушыларының кеңестеріне құлақ түрейік:

АЙГЕРІМ:

Байыппен бағдарлай біліңіз

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады.

Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

НҰРАСЫЛ:

Дұрыс шешім өз қолыңызда

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.

САБИНА:

Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

АРАЙЛЫМ:

Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

ӘСЕМГҮЛ:

Сұранысты да назар ұстаңыз

Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

АРМАН:

Мамандар не дейді?

Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.

ЕРСҰЛТАН:

Қорытынды шешім

Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.

ЖҮРГІЗУШІ:

Қорытындылау:  мектеп оқушыларына :

1.  Осы күннен не алдыңыз?

2. Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Осы отырған енді ғана өз жолын тауып мектеп ұясынан ұшқалы отырған түлектер. Өздерін армандап жүрген мамандық иесі болуларыңа тілектеспіз. Сол армандарың орындалсын деген тілекпен «Арманым -ай» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын осы мектептің түлегі Жібекжан.

Осымен салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетіп келді. Келген қонақтарымызға алғысымыз шексіз. Бүгінгі ашылған кабинетімізден әр жылы мектеп шаңырағынан ұшып отырған әрбір түлек өзіне қажетті мәліметті алып, өзіне қажетті мамандық иесі болатынына сенімдіміз. Ендеше мына Ж. Аймауытовтың айтқан сөзін естеріңізде ұстап жүрсеңіздер: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.» Егеменді еліміздің ертеңі және жақсы маман  иелері болуларыңызға тілегімізді білдіреміз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!