400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Математика дарабоздары" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика апталықтарында пән мұғалімдеріне көмек ретінде алуға болады. Білімалушылардың білімін, логикасын дамытуда роль атқарады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Математика дарабоздары» сайысы.


Жүргізушілер:


1. Сәлеметсіздерме оқушылар!

Нақты ғылымды тоқушылар.

Естігенін естіп тұрып,

Оқығанын миға тоқушылар.


2. Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан оқушылар,

Сәті келді сыналар, - дей отырып «Математика дарабоздары.» атты сайысымызды бастаймыз.


3. Бүгін үлкен қуаныш барша үшін,

Жүректе бар ән мен әсем нұрың.

Математика апталығы басталды деп

Айтамыз біз қуанышты барлығы үшін.


4. Шақырамыз, келіңіздер жарысуға,

Күш, өнер, білімменнен алысуға.

Бар өнерді салайық, ортамызға

Кәнеки кім шығар екен сайысуға?


5. Есепті түрлі-түрлі шығарамыз

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,

Әзіл есепке де отырамыз.

6. Дайындықпен келіп тұрған жарысқа,

Есеп білсе жетеді ғой табысқа

«ТАПҚЫР» тобын шақырамыз,

Шын жүйріктер шаба тұғын алысқа.


Ортаға «ТАПҚЫРЛАР» тобын шақырамыз.



7. Жиналған ылғи дарындылар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

«АЛҒЫРЛАР» тобын қалайық

Қол соғып қарсы алайық.


Ортаға «АЛҒЫРЛАР» тобын шақырамыз.


І Бөлім.Викториналық сұрақтар.


Жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жана ма?

Білім мен ілім жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда – деп сұрақтарды «Алғырлар» тобына қоямыз. Тез әрі дұрыс жауап күтеміз.


  1. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?

  2. Рационал сандар қандай сандардан тұрады?

  3. Арифметикалық ортаны қалай табады?

  4. Құрама сан деп қандай санды айтамыз?

  5. Шаманың 1/100 бөлігі.

  6. Квадраттың қабырғасы 5 см. Ауданы неге тең?

  7. 39 жай сан ба?

  8. Ең үлкен екі таңбалы сан?

  9. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?

10. 2 тәуліукте неше сағат бар?

11. 9 – ға қарама – қарсы сан.

12. Бір шама артқанда екінші шама сонша есе кемитін шамаларды не дейміз?


«Тапқырлар» тобына қойылатын сұрақтар.


  1. Санды өрнек деп қандай өрнекті айтамыз?

  2. Бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайды?

  3. Сандардың модасы деген не?

  4. Жай сан деп кандай санды айтамыз?

  5. Екі қатынастың теңдігі.

  6. Квадраттың қабырғасы 4 см, периметрі неге тең?

  7. 17 – құрама сан ба?

  8. Ең кіші үш таңбалы сан.

  9. Тік бұрыш неше градусқа тең?

10.2 ғасырда неше жыл бар?

11. 9- ға кері сан.

12. Бірінші шама артқанда екінші шама сонша есе артатын шамаларды қандай шамалар дейміз?



ІІ бөлім. Жұмбақ сайыс


1-жүргізуші: Мен жұмбақ айтайын шешесің бе?


2-жүргізуші: Айтып кор.


1-жүргізуші: 12 бұтағы бар алып емен.

52 шыбық тарап, өсіп - өнген.

Шыбық сайын 7- ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.


2-жүргізуші: Ол жұмбағыңның шешімі мынадай:

Еменім бір жыл болар ойлап тұрсам,

12- ай бұтақ деген ұқсам.

Бір жылда 52 апта бар ғой,

Әр апта 7 күннен әуел бастан.


1-жүргізуш: Келесі бөлімге көшейік,

Жұмбақтарды шешейік.

2-жүргізуші: Оймен кәне көк теңізін кешіңдер,

Жарқ – жұрқ еткен неше түрлі есімдер.

Айтылғанда математикалық жұмбақтар,

Зейін салып зердеменен шешіңдер.


«Алғырлар» тобына қойылатын жұмбақтар:


  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл кандай сан

Жан- жағыңа қарамай.


  1. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден

Құралған фигура бар қарапайым

Салу үшін сен оны сызғыш ізде

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.

Енді фигурамен берілген жұмбактар шешейік.


  1. Қос құлақты 100 тісті

Жүзінен бірақ із түсті.


  1. Бір таудың екі күзетшісі

Екі тыңшысы, 32 бқрісі бар.


«Тапқырлар» тобына қойылатын жмбақтар.


  1. Біз санбыз, сызықпен бөлінген

Математиканы ұкпас адамға

Құбыжық боп көрінген,

Дурыс, дурыс, аралас,

Ондық болып бөлінген.



  1. Жоқ озінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында.


Енді цифрлармен берілген жұмбақтарды шешейік:


  1. Жүз мүйізі бар

Үстінде кейізі бар.


  1. Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді.



ІІІ бөлім. «Қызықты математика»


Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Есепке жауап беруге

Шақырамыз сіздерді.

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса, бабында. -- деп


келесі «Қызықты математика» бөлімімізді бастаймыз. Сұрақ екі топқа ортақ қойылады, жаубын тапсақ қол көтеріп жауап береміз.

1. Бір сағаттың бір тәуліктен неше сағаты кем.


2. Түнгі сағат он бірде жауын жауып тұрса, жиырма төрт сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе?


3. Жаңа туған пілдің баласы бір тоннаның 1/8 бөлігінен тұрады. Жаңа туған пілдің баласы неше килограмм?


4. Қазақтың байырғы ұзындық өлшемдері?


5. Әкесі баласынан 25 жас үлкен, неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады?


6. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнаса, әрқайсысы неше сағат ойнайды?


7. 8-Наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне 3 орамал сыйға тартты. Бұл қалай?


8. Қазақтың байырғы аудан өлшемдерін айт.


9. Жылдың неше айында 28 күн бар?


10. Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеп, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парағын қайта жазғанда неше тесік шығады?(32)


ІҮ бөлім. «Сөз тізбегі»


І жүргізуші:


«МАТЕМАТИКА» сөзінің соңғы әрпінен басталатын сөз жазу керек. Келесі сөз сіздер жазған сөздің соңғы әрпінен басталуы керек. Осылай сөз тізбегін құрайсыздар. Неғұрлым көп сөз тапсаңыздар сол топ жеңіске жетеді.


Ү бөлім. «Қателестім» - ойыны.


ІІ жүргізуші:


3-пен аяқталатын және 3-ке бөлінетін сандардың орнына «қателестім» сөзі айтылуы керек. Қателескен оқушы топтан шығып отырады. Қателеспей 30-5а дейін санап шығуымыз керек.


Жүргізуші:


Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз уақытты аяп қалды.

Әділқазы сіздерге сөз береміз,

Жеңімпаздар кім болып сарапталды?


І жүргізуші:


Осымен бұл сайысты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік бімегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.


ІІ жүргізуші:


Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдалды,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер тәлімі мол әсерді

Болса егер көңілі жақын таңдады.

Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі