400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. Математика патшалығы

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс жүргізу жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Математика ханзадасы мен ханшаймы»

Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыту
Дамытушылық: Математикаға қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Есте сақтау, қиыншылықты жеңуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сайыстың көрнекілігі: плакаттар, АКТ:

Сайыстың өту барысы:

Математика ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!

(жүргізушліер шығады)

1 – жүргізуші: Армысыздар ағайын,

Ағайын тілі табайын.

2 – жүргізуші: Бармысыздар бауырлар,

Өкпе жоқ бізде бауыр бар.

1 – жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,

Шаршамайтын қыс жаздар.

2 – жүргізуші: Ізетке ие інілер,

Інілер еті тірілер.

1 – жүргізуші: Сайысқа келген сайланып,

Отырам деп жайланып.

2 – жүргізуші: Көрермендер аманба?

Отырған анау сайланып.

Бірге: Бәріңізге бір сәлем!

1 – жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, білімге құштар жас өрендер! Математика ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы дегендей, бүгінгі математика патшалығында 6 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Математика ханзадасы мен ханшайымы» сайысына (бірге) қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: сайысымызды бастамас бұрын ең алдымен әділ баға беріп, ойынның әр кезегін сарапқа салатын әділқазылар алқасымен таныс болайық:

1 – жүргізуші: Екеуміз асып – саспайық,

6 сыныптар шықсын қасқайып

2– жүргізуші: Ортаға үміткер ханзада мен ханшайымдарды шақырамыз. /әрбір қатысушыны шақырар алдында олар туралы жасалған слайдтар көрсетіледі/

  1. 6 «а» сыныбы -

  2. 6 «ә» сыныбы –

  3. 6 «б» сыныбы –

  4. 6 «в» сыныбы –

  5. 6 «г» сыныбы –

  6. 6 «ғ» сыныбы –

  7. 6 «д» сыныбы –

  8. 6 «е» сыныбы –

  9. 6 «ж» сыныбы –


1 – жүргізуші: Еркіңді билеп барынша,

Жарыста сірә қалыспа.

2 – жүргізуші: Кеш қызығын достарым,

Осылайша шабытпен

Бірге: Қане енді бастайық!

1 – жүргізуші: Мынау ұшқыр заманда,

Жаңалық енді ғаламға.

Математика тілін меңгеру,

Қажеті туды адамға, - дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныс болайық:

2 – жүргізуші: 1. Таныстыру. «Математика патшалығы» тақырыбындағы газет

2. Қане бірге ойланайық. /логикалық есептер шешу кезеңі/

3. Білімді Ханзадалар сайысы /ханшайымдар белгілеген уақытта ханзадалар есептерді шығарып болуы керек/

4. Өнерлі Ханшайым /ханшайымдар өздерінің өнер көрсетеді/

5. Шабытыңды шыңда /фигуралардан сурет құрастыру/

/әрбір тур сайын бағалары көрсетіліп отырады /

Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз

1 – жүргізуші:

Талай жырлап, сан ғасырлар дастанын,

Кең даламнан естіледі асқақ күн.

Талай талант, сенде шыңдалып, сенде өсті,

Талай ғылым сенен алды бастауын - дей отырып, сайысымызды бастаймыз.

2 – жүргізуші:

  1. Таныстыру. «Математика патшалығы» тақырыбындағы макет

  1. « Математика Ханзадасы мен ханшайымына» үміткер

6 а сыныбы: 1)

2)

  1. 2. « Математика Ханзадасы мен ханшайымына» үміткер

6 ә сыныбы: 1)

2)


  1. « Математика Ханзадасы мен ханшайымына» үміткер

6 б сыныбы: 1)

2)

  1. 4. « Математика Ханзадасы мен ханшайымына» үміткер

6 в сыныбы: 1)

2)

  1. « Математика Ханзадасы мен ханшайымына» үміткер

6 г сыныбы: 1)

2)

6. 6 г сыныбы: 1)

2)

7. 6 ғ сыныбы: 1)

2)

8. 6 д сыныбы: 1)

2)

9. 6 ж сыныбы: 1)

2)

1 – жүргізуші: Алғашқы бөліміміздің бағаларын білсек.

1.

2.


2 – жүргізуші: «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: Барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту. Сайысымыздың негізгі кезеңі Қане бірге ойланайық. /логикалық есептер шешу кезеңі/ бөліміне де келіп жеттік.

1 – жүргізуші: Бұл кезеңде әрбір қатысушыға жеке – жеке логикалық сұрақтар қойылады. 2 мин ішінде нақты әрі тез жауап беруі тиіс. Жартылау жауапқа 1 балл, толық жауапқа 2 баллдан қойылады.

2 – жүргізуші: Бірінші болып кезекті сыныбының үміткерлері бастайды.

  1. 555555 саны 15- ке бөлінеді ме? \ия себебі бұл сан 5,3 бөлінеді.

  2. Шөлмектегі айранның жартысын балалар ішті. Қалғаны екі стақан болды. Шөлмекте неше стақан айран болды? /4 стақан/


  1. 1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/

  2. 1-ден 50-ге дейінгі сандардың көбейтіндісі неше нольмен аяқталады?\12

  3. 1,2,3,4 цифрларының көмегімен неше әр түрлі екі таңбалы сандар жазуға болады?\12

  4. Әкесі баласынан 39 жас үлкен және 7жылдан соң баласынан 4есе үлкен болады.Онда әкесі нешеде? \45

  5. Сұрақ белгісің орнына тиісті санды қойып жаз.

  6. 8,6,7,5,6,4,?\5

  7. Сұрақ белгісініңи орнына тиісті санды қойып жаз.

  8. 4,9,17,35,?,139\69

  9. Егер екі кірпіштің салмағы8 кгболса, 1,5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/

  10. \2

  11. \56

  12. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? (үште)


  1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? /3/


  1. Алдыңғы күні 13 жаста едім, келесі жылы 15 - ке келемін,- деді Бекзат. Бекзат дұрыс айтқан болса, оның туған күні қашан.\ Алдыңғы күн 31 желтоқсанда әлі - 13 жаста болады.

  2. 20 - ның жартысының жартысы артық па, не 80 - нің ширегінің ширегі ме?\ тең

  3. Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар.\ 3 күшік және 4 балапан

2 – жүргізуші: Жеңеміз деген армандары бар Ханзадалар мен Ханшайымдарымыздың білім жолындағы бағаларын сарапқа салар әділқазылар сайыстың кезекті бөлімі туралы ойларыңыз, бағаларыңыз.

1– жүргізуші: Сайыс – толқын айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да,жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып келеді аптығыста.

2 – жүргізуші: Ең қиыны жарыстың енді келді,

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.

Тез қимылда, ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

1 – жүргізуші: Білімді Ханзадалар кезеңі /ханшайымдар белгілеген уақытта ханзадалар есептерді шығарып болуы керек/.


2 – жүргізуші: Ханзадаларға берілетін есептер: Теңдеу құруға есеп, логикалық есеп және рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбынан 3 тапсырма беріледі. Әрбір дұрыс жауабы 5 ұпай, Уақытынан болған ханзадаға 5 ұпай қосылады.

Тапсырмалар:

  1. Қоян тауықтан 3кг-ға ауыр. Егер 2 қоян мен 5 тауықтың салмағы бірдей болса, онда 1 қоян неше кг болады?\5

  2. Ондық цифрлары бірлік цифрларынан үлкен болатын неше сан бар.\45

  3. 4,2-6+(-7) \52,8 (-4,5) (-2)+12-7=45

Осы уақыт аралығында ханшайымдар өз өнерлерін көрсете берсе.

2 – жүргізуші: ханшаймдар математикалық сөйлемді аяқта бөлімі бойынша бақ сынайды. Мұнда берілген уақыт аралығында ханшайымдар берілген сөйлемді аяқтауы керек.

Олай болса ортаға:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

(бағалары сұралады)

1 – жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңінеде келіп жеттік. Бұл кезең Шабытыңды шыңда /фигуралардан сурет құрастыру/ деп аталады. Әрбір сыныптың қатысушысына белгілі математикалық фигуралар беріледі. Сол фигуралар арқылы сурет құрастыруы керек/болған соң таныстырып кетеді/.


2 – жүргізуші:

Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер

1– жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа

тілектеспіз. Бүгіні «Математика ханзадасы мен ханшайымы»сайысы аяқталды!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
920
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі