400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс, Мейірімділік – асыл қасиет, 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мейірімділік ана сүтімен даритынын, асыл қасиет арқылы әрдайым дұрыс әрекет ету керек екенін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1


Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»

Өтілетін уақыты:

Өтілетін орны: мәжіліс залы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мейірімділік ана сүтімен даритынын, асыл қасиет арқылы әрдайым дұрыс әрекет ету керек екенін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

1-ж: Мейірімді жүрекпен, Ақкөңілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! 2-ж: Армысыздар қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Мейірімділік – асыл қасиет» атты сахналық көрінісімізге қош келдіңіздер!

1-ж: Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – мейірімділік, жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасайтын жанға тән қасиет. Мейірімділік – адам бойындағы асыл қасиет.

2-ж: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

1-ж: Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа – деген өлең жолдары бекер айтылмаса керек.

2-ж: Иә мейірімділік – ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. «Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек» дейді Сара Алпысқызы

Мейірімділік – ғажайып өмір есігің,

Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында, сіңірген бойға мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

1-ж: Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Адамның сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Мысалы: қазақ қыздарының бойында табиғатынан мейірімділік, қамқорлық, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасқан.

2-ж: «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығы. Барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Көрініс 6 «Е» сынып оқушылары1-ж: Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ізгі тілегімен қорытындылаймыз «Құрметті балалар, мен анамын, әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».

2-ж: Міне, бүгінгі «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбындағы көрінісіміз де соңына келіп жетті. Алтын уақыттарыңызды қиып келгендеріңізге көп-көп рахмет, қош сау болыңыздар!


Сәния автор: Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы.
Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
Ана – өмір себуші.
Қыз ақылы анадан.
Ана жүзі – күлімдеген күн көзі.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да «Сәуір» айы келді. Сәуір болмай, тәуір болмас, - дейді халқымыз.
Осы көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды. Хан ұлдарын қасына жинады.


Шәкен
Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Балам, үйдегі алтын қазық кім?


Ерасыл
1 Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.


Шәкен
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Анаақылдыболса, бала дана болады. Анатәрбиесі – қызға үлгі. Ананы сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.
Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?


Байжан
2 Бала:Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімдіәке.


Шәкен
Хан: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзада қайда, шақырыңдар!


Дәулет
7 Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?


Шәкен
Хан: Өнеріңді көрсет.


Дәулет
7 Бала:Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.


Сәния
Автор: Аналардың құрметіне, өлең жолдары арналады. (Мәнерлеп оқу)

Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.


Дильназ
1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.


Назерке
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.


Дарина
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.


Дильназ
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.


Назерке
5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.


Дарина
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.


Сәния
Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді.


Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.


Анель
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.


Ғайни
7 қыз: «Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!
Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту – таралғының керегі жоқ.
Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады.


Сәния
Автор: ана ұлдарына қарап былай депті:


Анель
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?


Ерасыл
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.


Байжан
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Оның мұрнын бұзар едім.


Дәулет
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.


Анель
Ана: Жарайсың, кенжетайым!


Шәкен
Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.


Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!


Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.
Әлпештеген баласын,


Ана бақыт – ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты ар намысты сақтаған,
Мен анамның сонысымен мақтанам.


2 бала:
Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.


4 қыз:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.


5 қыз:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.


3 бала:
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды.
Әрбір қыз, әр бала,
Анасын
а ұқсайды.


Сәния Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық біздің Қазақстан болса, ханымыз біздің елбасымыз, ал адамдарға нұрын шашқан мейірімді ана Сара Алпысқызы, ана мен баланы қамқорлығына алған, білім саласына көптеген еңбегі сіңген Сара Алпысқызына шын жүректен алғыс айтамыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қазан
792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі