400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Мектеп -білім"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы











Тақырыбы:

Shape1







Жауапты: Адельбаева А.









Біле бер қанша білсең – тағы тіле,

Жетесің мақсатыңа біле, біле.

Ж.Баласағұн

Мақсаты: а)білімділік: оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіру.

ә)дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау, жаңғырту, дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын дамыту.

б)тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапершілікке, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 1. Жол сілтейтін жазулы қағаздар, вокзал, мектеп – білім, касса, анықтама бөлімі, вагон түрлері, қызметшілер, станция аттары.

2. ұлы математиктердің нақыл сөздері

3. Ережелер (кассаның, анықтама бөлімінің, билет алудың)

4. Конверт, есеп карточкалары

5. Аквариум, балықтар

6. Кассаға, анықтама бөліміне арналған терезелер, билеттер

Қызметшілер: оқушылар, вокзал бастығы, поезд меңгерушісі, станция бастықтары, кассирлер, жолсеріктері, зал кезекшілері, диспетчер.

Ойын тәртібі: Математикалық поезд «Мектеп – білім» маршруты бойынша сапарға шығады. Поезд «Балықты», «Көңілді» станциялары арқылы ақырғы «Білім» станциясына келеді. Поезд он бес минут аялжама жасайды. Әртүрлі ойындар ойнап, «Балықты» станциясында балық аулап, «Көңілді» станциясында көңілді санау ойындарын ойнайды. Поезда жолаушылардың туған күндері аталып өтіледі.

Ойынның өту барысы: 1 – бөлім.

Диспетчер: «Мектеп – білім» маршруты бойынша билет алғысы келетін жолаушылар орталық залға шақырылады. Жолаушылар орталық залға 3 есебі, 6 жетоны бар конверт алып есепті шығарады. Білмеген, түсінбеген сұрақтары болса, анықтама бөлімінен ала алады.

Тәртібі: (анықтама бөлімі есептің дұрыс, бұрыстығын айтады)

– егер формуласын айтса 1 жетон төлейді;

– егер шығару жолын көрсетсе 2 жетон төлейді;

– егер шығарып берсе 3 жетон төлейді.

Диспетчер: Жолаушылардың есіне: «Мектеп – білім» маршруты бойынша билет орталық кассада сатылады.

Тәртібі: 3 есебі дұрыс шыққан және 3 жетоны бар жолаушыларға «жұмсақ» вагонға билет беріледі; 3 есебі де дұрыс 2 жетоны бар жолаушыға «купеге» билет беріледі; 3 есебі дұрыс 1 жетоны бар жолаушыға «плацкартқа» билет беріледі. Диспетчер: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» маршруты бойынша поезға отырғызу басталды. Әр бес минут сайын 3 рет қоңырау соғылып кезекші жолсеріктері жолаушыларды поезға отырғызады.

Тәртібі: Жұмсақ вагонға екі жолаушыдан, купеге бірнеше жолаушыдан, плацкартқа қатар –қатар отырады.






2– бөлім.

Диспетчер: «Мектеп – білім» маршруты бойынша жолаушылар поезы сапарға шықты. Поезда көңілді ойындар ойналып, викториналық сұрақтар қойылады. «Мектеп – білім» маршруты бойынша жолаушылар поезы «Балықты» аялдамасында 10 минут аялдайды.

Тәртібі: «Балықты» аялдамасында балық аулау ойыны ойнатылады. Ұшына магнит байланған қармақпен балық аулап, есебін шығара алса балық алады.

Диспетчер: Жолаушылар есіне! «Мектеп – білім» маршруты бойынша жолаушылар поезы жөнелтіледі. Поезда оқушылар «Хоп» ойынын оынайды.

Тәртібі: оқушы натурал сандарды ретімен айта отырып, 3-ке, 7-ге еселік сандардың орнына «Хоп» дейді. Кім көп айтса, сол жеңімпаз.

Диспетчер: Жолаушылар поезы «Көңілді» станцичсына 10 минут аялдайды. Оқушылар көңілді станциясында «Көңілді санау» ойынын ойнайды.

Тәртібі: Көрнекіліктен 1-ден 50-ге дейін ретсіз орналасқан сандарды ретімен кім жылдам атаса сол жеңімпаз.

Диспетчер: «Мектеп – білім» маршруты бойынша жолаушылар поезы сапарын жалғастырады. Поезда құттықтау телеграммалары оқытылады. Туған күнді табу ойыны ойнатылады.

Жолаушылар поезы «Білім» станциясында сапарын аяқтайды. Ақырғы аялдамада ойынның қорытындысы шығарылып, белсене араласқан оқушылар марапатталады.








































Shape2















Shape3








ahead_only.png ahead_only.png

















ahead_only.png ahead_only.png ahead_only.png

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі