«Мен
елімінің жас патриотымын» Ауған соғысының
ардагері Ахметов Мақсұт ағамыздың
қатысуымен өтетін спорттық сайыс
Мақсаты:
Жастарды ұлт тарихындағы маңызды тарихи
оқиғалармен ұлттық ұлы тұлғаларының
ерлік істері , өнегелік өмірін негізге
ала отырып тәрбиелеу арқылы олардың
нақты пікірі мен тоқтамды ойын жүйелеп
отансүйгіштікке баулу
Жүргізуші
:
Мен
қазақпын, көк байрағын желбіреткен,
Жүрегіңді
жылы сөзбен елжіреткен.
Думанды ауыл,
саялы қалаларда,
Сыйласып бір- бірімен
күні өткен.
Досы келсе бәрін де
қонақ еткен,
Жауы шапса бас игізіп
тізерлеткен.
Бабасына сиынып тағзым
еткен,
Жаны- таза, қаны- таза , қазақ
екен.
- Сәлеметсіздерме қадірлі
қонақтар! Ұстаздар! Оқушылар! Бүгін «Мен
елімнің жас патриотымын» атты ауған
соғысының ардагері Ахметов Мақсұт
ағамыздың қатысуымен өтетін спорттық
сайысқа қош келдіңіздер
Сайысымызды
бастамамас бұрын сайысқа қатысатын
командаларды ортамызға шақырып алайық:
1.
Жасұлан тобы
2.
Достық тобы
3.
Қыран тобы
Жас ұрпаққа терең мазмұнды
білім беру мен ұлтын сүйетін патриот
азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі мектептің
басты міндеті. Мектеп білім ошағы. Тәрбие
ордасы , жеке тұлғаның қалыптасуына
жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Қай
елде патриоттық тәрбие көрсеткіштері
жоғары болса, сол елде саяси тұрақтылық
пен экономиканың қарыштап өрістейтіні
белгілі. Елімізде жаңа қазақстандық
патриотизмді қалыптастыру бүгінгі
күннің өткір мәселесі.
Ақпанның 15 - інде КСРО әскерлерінің
Ауғанстан жерінен шыққанына 30 жыл
болады. Ауғанстанға армияны енгізу
туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында
Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының
Орталық Комитетінің Саяси бюросының
отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен
бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі
континенті он жыл бойы ауған халқымен
бірге соғыс әрекеттерін жүргізді.
Ауғанстан жерінде интернационалдық
борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен
басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің
және ішкі істер органдарының қызметкерлері
де болды. 1986 жылдың ақпанында болған
КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді
кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен
шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы
ақпанның 15 күні КСРО – ның соңғы әскери
бөлімі Кабулдан шықты. «Ауған соғысының
табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта
18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар,
бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге
азаматтар мамыражай тіршілік етіп
жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел
алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген
қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт
болғандар мен ардагерлердің алдында
қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО
құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2
238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық
мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып
қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.
Бүгінгі
қонағымыз Ахметов Мақсұт ағамызға сөз
кезегін берейік
Келесі
сөз кезегін мектебіміздің Алғашқы
әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Сулейменов Ержанға сөз кезегін берейік
«Мен
елімінің жас патриотымын» атты бүгінгі
спорттық сайысымызды бастайық
Бастамас
бұрын әділқазылар мүшесімен таныстыра
кетейік
1:
2:
3:
Сайысымыздың
негізгі бағыттары:
1.Қыздырыну
жаттығуы: Жалаушамен жүгіру
2.Кедергілерден
доппен өту /кедергілерді құлатпай өту/
3.Шармен
журу /жерге түсірмеу/
4.Газтұмылдырық
кию /уақытқы кию/
5.Орыннан
ұзындыққа секіру
6.Дәлдікке
тигізу
7.Дөңгелекпен
жүру
8.Арқан
тартыс
Сайымыздың
қортындысы шыққанша әуенді ән кезегіне
берейік
Сонау
Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған
сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен
азаматтар бүгінгі таңда еліміздің
түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы
ағалар уақыт тауып келгендеріңізге
рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық,
жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз
ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
Осымен сайысымызды аяқтаймыз