400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс «Мен өз елімнің патриотымын»

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшісіне
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Запорожье орта мектебі» КММ














«Мен өз елімнің патриотымын»

сынып сағаты

5 «А» сынып








Какимова Салтанат Кабдугалиевна























2018 ж

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»


Мақсаты: 
1.    Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2.    Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3.    Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Барысы: 
1.    Ұйымдастыру.

•    Аспаны ашық еліміздің, 
Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз-бақытты баламыз! 
Ақпыз,қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 
2.    Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті оқушылар.Бүгін біздің сынып сағатымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»

-  Отан деген не, кім қалай түсінеді?
                     
Көп аузынан түспейтін,
                     Отан деген немене?
                     Оның тұлға түс кейпін,
                     Достым білгің келе ме? 

Балаларға өлең оқыту

1 оқушы:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,
                    Отан дейміз өсірген елімізді.
                    Отан дейміз туған жер, атамекен – 
                    Биік тау, орман, тоғай көлімізді.


2оқушы:  : Отан- тарих, Отан – тіл,
                   Жасаған елің, өз- халқың.
                   Отан – өлең, Отан-жыр,
                   Көтерген көкке ел даңқын.


4 оқушы:  : Отан – сенің ата-анаң,
                    Отан – досың, бауырың,
                    Отан – өлкең, астанаң,
                    Отан – аудан, ауылың.

5 оқушы:  : Отан – осы достарым,
                     Көңілге мұны түйе біл!
                     «Отан» деп өс жас қауым,
                     Оны ардақтап сүйе біл!

-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?

6 Оқушы:
               Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Нұрсұлтанның атымен басталады.

7 Оқушы: «Мен қазақпын» Қуандық Рахым өлеңін орындайды

 Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
               Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Нұрсұлтанның атымен басталады..

8 оқушы: Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

9 оқушы: Көк аспандай көкпеңбек,
                       Қазақстан жалауы.
                       Көк емес ол тектен-тек,
                       Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.

10 оқушы:      Оттай жанып жанарың
                        Одан қуат аламын
                        Әнұран ол - тынысы
                        Кең жазира даламның.

Отан туралы өлең-жырлар.
Күнсулу: «Үш бақытым»
Адлет: «Отан»
Аружан: «Отан туралы»
Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

(Оқушылар сұрақ-жауаптан кейін тақтаға суреттер іледі)

Оқушылар : Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
-    Дұрыс, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?

«Сөз жұмбақ» ойынын ойнайық.




Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.
Б- білімімді арнайтын 
О- отанымды қорғайтын 
Л- лаңкестікті даттайтын 
А- адалдықты жақтайтын 
Ш- шуағымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгергн 
Ы- ынтымақты тең көрген 
М- менмендікті жек көрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- заңды жақсы білетін 
А- алға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімнің 
Т- толықтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н- намысын қолдан бермейтін 
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің! 
Ән «Атамекен».

Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, ұмытпандар.Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің болашағы,мақтанышы,қалаушысы сіздерсіздер! 

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.02.2019
644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі