400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Менің өлкем" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің өлкем" тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыс 5 - 6 сыныптарға арналған. Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, дүниежүзілік мәдениетке қол созу, рухани – зерделілік жағынан дамыта тәрбиелеу. Өз туған өлкеміздің, туған халқымыздың өткені мен бүгінгісін қадірлей білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мартынов негізгі мектебі











Сыныптан тыс жұмыс





Тақырыбы: «Менің өлкем»

Сынып: 5

Өткізген: Төрехан Мадина Бауыржанқызы























2018 оқу жылы

Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, дүниежүзілік мәдениетке қол созу, рухани – зерделілік жағынан дамыта тәрбиелеу. Өз туған өлкеміздің, туған халқымыздың өткені мен бүгінгісін қадірлей білуге үйрету.

Сыныптан тыс жұмыстың жүру барысы: (2 топқа бөлінеді, әр топта 5 оқушы)

Баяу әуен ойналып тұрады. Интербелсенді тақтадан «Менің өлкем» тақырыбына сай дайындалған слайд көрсетіледі. Кейіннен, М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін топтағы үш оқушы орнынан тұрып кезек – кезекпен мәнерлеп, дауыстап оқи бастайды.

Мұғалімнің сөзі:

Ұлтарақтай болса да,

Ата қонысы жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат. Иә, әрбір адамзат баласына өз Отаны оттан да ыстық болып көрінері хақ. Ендеше, біз сіздермен бүгінгі сыныптан тыс жұмыста «Менің өлкем» тақырыбын кеңінен камтитын боламыз. Топ мүшелері өзара ақылдасып, әр топтың басшысын сайлап алады.


I бөлім. «Жері байдың – елі бай»

Бұл бөлімде топтар төменде берілген тақырыптар бойынша білімдерін ортаға салады. Тақырыптар:

1 топ: «Қазына қара жерде» /Қазақстанның қазба байлықтары туралы/

2 топ: «Туған өлкем, табиғатың қандай көркем» /Қазақстанның әсем жерлері жайында/


II бөлім. «Ұшқыр ой» (ұяшықты таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді)

1 топ:

Революцияға дейін біздің республиканың астанасы қалай аталды? (Ақмола)

«Ленинградтық өрендерім» өлеңінің авторы кім? (Ж. Жабаев)

Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды. (Бурабай курорты)

Қай қаланың аты саннан, дене мүшесінен ж/е тамақ атынан тұрады? (Екібастұз)

«Жеті жарғы» заң жобасын жасаған кім? (Тәуке хан)

Алматы қай таудың баурайында орналасқан? (Алатау)

1920 – 1925 жылдардағы Қазақстанның астанасы. (Орынбор)


2 топ:

Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)

Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады? (1993 қараша)

1925 – 1929 жылдардағы Қазақстанның астанасы. (Қызылорда)

«Абай жолы» эпопеясының авторы. (М. Әуезов)

Қазақстан қай елдермен шекаралас? (солтүстігінде – Ресеймен; оңтүстігінде – Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан; шығысында – Қытаймен)

Киіз үйдің күмбезі не? (шаңырақ)

Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде нешінші орын алады? (9 орын)


III бөлім. «Кім алда – бір қадам алға» (топ басшылары арасындағы сайыс)

Бірінші топ басшысына арналған мақал – мәтелдер:

  1. Ел болам десең, . . . бесігіңді түзе.

  2. Бөтен жердің гүлінен,

. . . Туған жердің тікені артық.

  1. Туған жердің күні де ыстық, . . . түні де ыстық.

  2. Аталар сөзі

. . . Ақылдың көзі.

  1. Ел елдің бәрі жақсы, . . . өз елің бәрінен жақсы.

  2. Елінен безген ер болмас,

Көлінен безген . . . қаз болмас.

  1. Туған жердің . . . ауасы да шипа.

Екінші топ басшысына арналған мақал – мәтелдер:

  1. Егілмеген жер жетім,

Елінен айрылған . . . ер жетім.

  1. Еліңе қарап, . . . ертеңіне қамдан.

  2. Өз елің . . . өзекке теппес.

  3. Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз елінде . . . ұлтан бол.

  1. Аңқау елге . . . арамза молда.

  2. Ел даусыз болмайды,

Ер . . . жаусыз болмайды.

  1. Балық іздесең . . . көлге бар,

. . . Береке іздесең елге бар.


IV бөлім. «Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ»

«Туған өлкеме менің болашақта тигізер пайдам» деген тақырыпта топтық пікір. *Сөйлеу мәдениеті, ой ұшқырлығы ескеріледі*


V бөлім. Қорытынды.

Әділ қазылар алқасы жеңімпаз болған топты мақтау грамотасымен марапаттайды.

Мұғалімнің сөзі: Ел тағдыры экономикаға тәуелді екенін қазір үлкен де, кіші де біледі. Ендеше, XXI ғасырда мемлекетіміздің билігін өз қолдарына ұстар, қазіргі экономиканың қаз басуын, қарыштай басуға айналдыратын, капиталистік дамудың эталоны дерлік АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапониямен иық теңестірер ел қожалары мектеп партасында отыр емес пе? Кіндік қамын тамып, туып өскен мекеніңді, табаның тиіп туған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.12.2018
743
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі