жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс жұмыс "Мерген аруы-2018" 8-10 сынып
«Мерген ару – 2018» Мақсаты: оқушылардың білімділігін,тапқырлығын,алғырлығын,зияткерлік ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін дамыту. АӘД пәні арқылы оқушыларды әскери тәртіпке,елжандылыққа,әдептілікке, парасатты лыққа тәрбиелеу. Өтетін орны: спорт зал Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, жарысқа қатысушы оқушылар ұстаздар және көрермен қауым! Бүгін мектебімізде үлкен мереке. Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, әр азаматтың бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. Өткізгелі отырған іс-шарамыз 8 наурыз аналар, арулар мерекесіне арналған «Мерген арулар» сайысы өткелі тұр.Бұл сайысқа 8-10 сынып арулары қатысады. Сайысқа қатысушы аруларымызға сәттілік тілеп музыкалық сәлемдесемін 11 сынып оқушыларыДүйсенгалиева Индира,Эльмираны ортаға шақырамыз. Жүргізуші: Пейілі кең шалқыған ел екенбіз, Ырысы, бағы тасыған берекеміз. Құтты болсын арулар мерекеңіз, - деп ортаға сайысқа қатысушы мерген аруларымызды шақырайық. Сайысымыздың бағдарламасы: 1.Топты таныстыру (топтың аты, ұраны және киім үлгілеріне назар аударылады. Камуфляж үлгісінде болуы) 2.Әскери патриоттық әндер байқауы 4.Алғашқы медициналық көмек (Жараланған адамға таңғыш салу) 5.Газ тұмылдырықты уақытқа кию 6.Мергендер сайысы (Нысанаға ИЖ-38 винт.ату) Жүргізуші: Сонау ерте заманда болған екен қазылар, Айтқан екен рас сөзді Төле,Әйтеке,Қазбек аталар. Арғымақтай жеңімпаздар көзге түссе абайлар, Әділдігін айтады ағайлар мен апайлар, - деп әділқазылар мүшелерімен танысамыз. 1.Мектеп директорының Т1ЖО – Светлана Михайловна Қисымова 2.Музыка пәнінің мұғалімі – Ихсанова Алтынай Тлекешқызы 3.Дене тәрбиесінің мұғалімі – Ергалиев Сағыныш Сатқанұлы Жүргізуші: Сап түзер алшаң басып ұландарым, Қарашы біз жеңеміз, - деп тұрғандарын. Саптық дайындығын таныстырсын деп, Шақырайық ортаға мерген аруларын, - деп I бөлімімізді таныстырумен бастаймыз. (Әр топ өз таныстыруларын рет- ретімен таныстырады) - Әділ қазылардан I бөлімнің бағасын сұраймыз) Жүргізуші: Бойды үйретіп сарбаздар жас шағыңнан, Алға қарай әр қадам басқаныңнан. Рух берер әрдайым сарбаздарға, Асқақтата айтылған саптағы ән, - деп келесі II бөліміміз «Әскери патриоттық әндер» байқауына беріледі. – Әділ қазылардан II бөлімнің бағасын сұраймыз. Жүргізуші: Егемен еліміздің тыныштығын,бейбіт өмірін қорғау әр адамзаттың қасиетті борышы. Қызмет ету Отанға, Қасиетті бұл қарызың. Қорғаны болу елімнің, Міндетің әрі парызың, Жүргізуші: Отан ордаң, ыстық тауы орманы, Күні кеше егемен ел болғаны. Отан қорғау қасиетті борышың, Бүгінгі шәкірт ертеңгі ел қорғаны, - деп Мерген аруларымызды III бөлім «Шалқадан жатып денені жерден көтеру» сайысына шақырамыз. – Әділ қазылардан III бөлімнің бағасын сұраймыз. Бақытты елдің ұл – қызымыз, Әркімнің маңдайындағы жұлдызымыз. Елдерді бір-бірімен жалғайтұғын, Болашақтың ертеңгі ұланымыз, - деп, сайысымыздың келесі IV бөлімі «Уақытпен газ тұмылдырық кию». Ортаға аруларымызды шақырамыз. –Әділ қазылардан IV бөлімнің бағасын сұраймыз. Жүргізуші: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын, - деп мылтық ату бөліміне кезек береміз. 8 метр қашықтықта мылтық ату. (3 – оқтан) Мерген нысанаға 3 рет атады,әрбір тигеніне ұпай беріледі.Ал нысанаға тимесе ұпай берілмейді. Жүргізуші: Арулардың сыналар кезі келді, Тайсалмай бөлімдерден өтіп келеді. Топ- топқа әділ баға берер бізге Сөз берейік әділқазы мүшелерге, - деп келесі сөз кезегі әділ қазы алқаларына да келіп жетті.Сөз өздеріңізде. Қорытынды: Бас жүлде 9а сыныбы
1 орын 8 сынып
2 орын 9ә сыныбы
3 орын 10 сынып

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген